Course events

Intercourse events

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық семинары
Friday, 30 January 2015 10:00

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған курста 2015 жылдың қантар айының 26 күні Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев  Зияткерлік мектебімен бірлесіп «Оқыту үшін бағалау орыс тілі пәнін оқытуда оқушылардың ынтасын арттыру құралы» тақырыбында облыстық семинар оздырылды.

Семинарды ұйымдастырушы инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы М.Нургазинова және НЗМ оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары С. Александрованың басшылығымен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Э. Унгаралиева, С. Брекеева, С. Бисенова, И. Оспанова және Т.Сальменова болды.

Семинар барысында оқушылардың жауаптарын формативті бағалау, критерий бойынша бағалау, кері байланыс арқылы бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалауды тәжірибеде қолдану көрсетілді.

Семинар жоспарына сәйкес ашық сабақтар, тренинг өткізілді.  «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында формативті бағалауды қолдану» тақырыбында  баяндама оқылды. Мұғалімдер 8 сыныптарда «Биокөптүрлілік және жоғалу. Арал мәселелері» тақырыбындағы орыс тілі пәні мұғалімдері С.Бисенова мен И.Оспанованың ашық сабақтарына қатысты. Сонымен қатар 11 сынып мұғалімі С.Брекееваның «Миграция. Қазақстандағы миграция», Т.Сальменованың 7 сыныпта «Интернет пен әлеуметтік желілердің рөлі» тақырыбындағы сабақтары пән мұғалімдерінің көңілінен шықты.



С. Брекеева 11 сынып оқушыларымен жұмыстануда


Өзімізге көптеген қызықты да қажетті мәліметтер алдық!


Кітапханада.


«Сәлем, досым!» тренингінен алған әсеріміз мол болды.


И.Оспанованың әріптестерімен тәжірибе алмасу сәті.


Шаңырақ  барлығымызды біріктірді.

Материалды дайындаған А.Наукеева,
БҚО Дарынды  балаларға  арналған С.Сейфуллин атындағы №11
облыстық қазақ мамандандырылған мектеп-интернаткешенінің
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Comments 

 
+2 #4 Елдос Набиоллаұлы 2015-02-02 00:19 Кәсіби мамандар 1 топқа жиналып қалғандай әсер береді. Курс мазмұнына тыңдаушылар риза болса, институт қызметкерлеріні ң де еңбегі өтелгені! Quote
 
 
+5 #3 Зекешова Арай 2015-02-01 18:40 Алия дайындаған материалыныз маған ұнады!!!Өте тамаша, ЖАРАЙСЫҢ? Quote
 
 
+5 #2 Alinaika 2015-01-30 19:41 Класс! Quote
 
 
+3 #1 anelya 2015-01-30 19:21 КЛАСС! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.