Course events

Intercourse events

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Математика пәні мұғалімдері көшпелі тәжірибелі сабақтарда
Tuesday, 10 February 2015 05:29

О3.О2.15ж. «PISA халықаралық  зерттеулерін  жүргізу  аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне арналған  біліктілік арттыру курсының тыңдаушылары, тәжірибе алмасу мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында болдық.

Бұл іс-шара кезінде математика пәні оқытушылары  Г.Т. Есекенова мен С.К.Зейнулинаның  «Тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шешу», К.Т. Кушекенова мен Ж.Х.Балгалиеваның «Пифагор теоремасы» ашық сабақтарына қатыстық. Сабақ барысында  мұғалімдер оқушылардың  PISA тапсырмаларын қалай шешетінін бақылады. Сонымен қатар математика пәні оқытушысы А.Т.Жоламанова    «Математика сауаттылығының компоненттері (мәнмәтін, білім, қатынас)» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамадан соң мұғалімдердің өздері практика жүзінде  PISA тапсырмаларын орындады және шешу жолдарымен танысты. Мектептің оқушылары да, ұстаздары да  интербелсенділікпен  барлық  сабақтарының  жоғары  пәрменділігін  көрсетті.  Қазақстанның  болашағын  дамыту,  көркейту  мақсатында жұмыстанатын  болашақ  ұрпақты  дайындаудағы  мұғалімдердің  ерен  еңбегін,  тәрбиелеудегі  әдіс -тәсілерді  көріп, жақсы әсер алдық. Шара соңында мұғалімдерге мектепішілік экскурсия жасалды. Мұғалімдер көшпелі-тәжірибелік іс-шара барысына риза болып, ұйымдастырушысы математика кафедрасының меңгерушісі Есенгубекова Жанар Серікқызына  өздерінің алғыс тілектерін  білдірді.


Мұғалімдер Назарбаев  Зияткерлік  мектебімен танысуда


Мұғалімдердің   PISA бағдарламасы бойынша тапсырмаларды талқылауы




Біздің жиналғанымыз қандай тамаша ...


Математика сабағында оқушыларды сырттай бақылау


Оқушылардың үш тілде Пифагор теоремасын дәлелдеу сәті

 

Материалды дайындаған А.С. Тулешева,
БҚО «Сәулет» мектеп-лицейінің
І санатты математика пәні мұғалімі,
Тасқала ауданы

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.