Course events

Intercourse events

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
2015 жыл –Ұлттық тарихымызды ұлықтау және мерейлі белестер жылы
Monday, 13 April 2015 04:02

Институт кітапханасында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалаудың мерейлі белестер жылы» деген атауда  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеде «Қазақ хандығына  - 550 жыл», «Ерлікке тағзым» Ұлы жеңіске – 70 жыл!», «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата заңға -  20 жыл» тақырыптары кіріктірілді.

Біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларына кітапхана қызметкерлері көрмедегі  әдебиеттермен, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалардың мазмұнымен таныстырды.

«Қазақ хандығына – 550 жыл» тақырыбындағы көрмеде  қазақ хандығының құрылу тарихы, әр кезеңдегі хандықты басқарған тұлғалар туралы мәліметтер мен институт кітапханасындағы «Қазақ хандығы тарихы» тақырыбындағы әдебиеттер қойылды.

«Ерлікке тағзым» Ұлы жеңіске – 70 жыл!» атты көрме облысымыздан ҰОС қатысқан жауынгерлердің ерлігін насихаттайтын  «Боздақтар» атты кітаптың 2 томымен, «Орал өңірі», «Дана», «Жайық ұстазы» газеттеріндегі «Жеңіс» тақырыбындағы мақалалармен оқырман қауымды қызықтырса, «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата заңға -  20 жыл» тақырыбындағы көрмеде  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқы Ассамблеясының – 20 жылдығына арналған  «Менің Қазақстаным» атты форумдағы Үндеуі, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың тарихы мен мәдениеті,  аталмыш тақырыптағы баспасөз материалдарымен толықты.

Институт кітапханасында ұйымдастырылған көрменің мақсаты – елімізде 2015 жылы тойланатын тарихи маңызы бар шаралардың мазмұнын оқырмандарға насихаттай отырып, мемлекеттік деңгейдегі маңызды шараға үлес қосу.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.