Course events

Intercourse events

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық семинар-тренинг өткізілді
Monday, 13 April 2015 08:26

ҚР БжҒМ жоспарына сәйкес PISA-2015, TIMSS-2015  шараларын жүзеге асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ  11.03.2015ж. №15-7-08-01-29-207 хаты негізінде ағымдағы жылдың 7-11 сәуір аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен  Орал қаласындағы №25 ЖОББМ базасында «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингке «PISA-2018:500 мектеп»  жобасына қатысатын 25 пилоттық мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері - барлығы  28 тыңдаушы қатысты. Семинар-тренингтің 1-күні оқу сауаттылығы бойынша PISA-ға дайындау жөнінде әдістемелік нұсқау берілді, 2-күні күрделі мәтіндермен жұмыстану жолдары, мұқият оқудың элементтері таныстырылды, 3-күні мәтіннің күрделілігі, соның ішінде PISA форматындағы күрделі мәтіндермен жұмыстану жолдары көрсетілді, 4-күні оқушылардың оқу лексикасын дамыту, лексиканы тиімді оқыту стратегиялары түсіндірілді, 5-күні PISA мәтіндерін талдау жұмысы жалғасып, мәтін түрлерімен жұмыстану  арқылы оқушылардың  бойында күрделі мәтіндерді талдаудағы қалыптасатын дағдылар пысықталды. Семинар-тренинг тыңдаушылары  PISA халықаралық зерттеуінде оқушыларға берілетін мәтін түрлерімен жұмыстанды, сонымен қатар оқушыларды бұл сынаққа дайындауда проблеманы бірлесіп шешудің жолдары түрлі әдіс-тәсілдер, тренингтер арқылы жүзеге асырылды. Тыңдаушылар өз бетінше оқу сауаттылығы бойынша тапсырмаларды талдап, теориялық білімдерін практикамен ұштастырды, PISA мәтіндерін тиімді оқыту бағдарламасымен байланыстыра  шағын сабақ үлгілерін жасақтап, топтық жұмыстарын постерлер қорғау нәтижесінде көрсетіп, өзара іс-тәжірибе алмасу арқылы кәсіби шеберліктерін шыңдады.

11 сәуір күні 5 күндік облыстық семинар-тренинг жұмысына рефлексия жасалып, тыңдаушылар семинар-тренингті, тренердің жұмысын бағалады. Қатысушы мұғалімдерге PISA бойынша жинақтар, РІSА мәтіндері, слайдты презентациялар, т.б. қажетті ресурстар жинақталған электронды диск ұсынылды.

 

Comments 

 
+1 #3 Б. Мизамбаева 2015-05-13 11:52 "Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуға" байланысты өтілген семинар біліктілігімізд і арттырып, жаңа көзқарас қалыптастырды. Семинар тренері Р.Сағынбайқызының әдіскерлік шеберлігімен оқыту стратегияларыны ң тиімді үлгісін оқып үйрендік. Семинардан алған әсерлі ой мен терең құлшыныс еңбекке деген шабытымызды арттырды. Сізге мың сан рахмет,Рысханым Сағынбайқызы! Quote
 
 
+1 #2 Азатгуль Бериковна 2015-04-29 00:26 Құрметті Рысханым Сағынбайқызы!аз күн болса да,қиын да қызықты тапсырмалар,жаң а əдістер мен тренингтер,өмір ге қажет материалдар бергеніңіз үшін және ең бастысы, облысымыздың тəжірибелі ұстаздарымен таныстырғаныңыз үшін сізге үлкен алғыс айтамын.Құрметті ұстаздар! Еңбектеріңіз еселене берсін! Сіздерді ұмытпаймын. .. Quote
 
 
+3 #1 Ханов Шохан Уалихано 2015-04-17 22:42 Курметти устаздар жане Рысханым апай сиздердин жумустарынзга шгармашылк табыс тлеймын.Нурша тек кана алга,Саган ардайым саттилик тлеймын!!! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.