Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Thursday, 30 April 2015 06:12

2015 жылдың 29 сәуірінде №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының базасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ жеделдетілген жоспарына сәйкес, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіне смарт білім беруді енгізу мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конфренция «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚ БАИ», Жоғары техникалық мектеп және Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты ұйымдастырған «Смарт білім беру» тақырыбындағы көрмені тамашалаумен басталды.

Конференция жұмысына Корея Республикасы, Түркия, АҚШ; Германия, Ресей, Ұлыбритания, Украина, Беларуссия, Aустралия, Канада, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка елдерінің шетелдік педагог-ғалымдары, ЖОО өкілдері, ТжКБҰ, Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқарымасының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының педагог қызметкерлері, Қазақстанның барлық аймақтарының мұғалімдері қатысты.

Конференция материалдары филиал сайтының zkoipk.kz/smartconf2015.html. бетіне ұсынылды. Конференция контентінде шетелдік әріптестердің бейнебаяндамалары орналасқан:

- Гу Сун Kвон, Корея Республикасы

- Пол Скофилд, Ұлыбритания

- Ким Д’Мику, Aустралия

-    Грэм Монк, Ұлыбритания, Уэльс

-    Дженис Ианний Генлей, Оңтүстік Африка

-    Брайан Геттермайер, Канада, Oнтарио

-    Джошуа Уэллс, Нью-Мексико, АҚШ

-    Мехмет Фатих Ulker, Түркия Малатья

-    Мевлуд Аяз, Турция, Анкара

-    Билал Karademir, Түркия Стамбул

-    Джорджиа Бул, Канада

-    Олимпия Фазакерли, Новая Зеландия

-    Иса Чаркаджы, Түркия

-    Янковская И.Н., Украина, Киев

- Зулькарнаев Марат Минигалиевич, Ильясов Тимур Тагирович, Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласы.

Конференция барысында заманауи білім берудің әдістемесі, мазмұны және сапасы, смарт техниканы белсене қолдануға бағытталған білім беру және оқыту әдістемесі, цифрлық білімдік контентті құру және пайдалану, инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, ауыл мектебі жағдайында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануда туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланады.

Конфренцияның пленарлық мәжілісі педагогтерге қолжетімді болу үшін онлайн режимінде өткізілді. Конференция аясында аймақтағы смарт технологияларды пайдаланудағы жетістіктер туралы көрме ұйымдастырылды.

Секциялық отырыстарда оқу үдерісінде смарт технология кеңінен қолдану мәселелері бойынша педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және инновациялық технологияларды қолдануда шетелдік тәжірибені зерттеу мәселелері қозғалды.

Конференцияда келесі міндеттер шешімін тапты: смарт білім беру бойынша шетелдік және отандық тәжірибе алмасу; оқыту мен білім беруде смарт техникаларды пайдалану бойынша педагогтердің сауаттылығын арттыру. Контент және желілік қауымдастық арқылы кәсіби қарым-қатынасты ұйымдастыру.

Конференция соңында ұсыныстар қабылданды.

Барлық фотолар

 

Comments 

 
+2 #3 Жагиева Гулзат 2015-05-13 13:49 Оте жоғары деңгейде өтті. Барлық ұйымдастырушыла рға алғысымды білдіремін. Quote
 
 
+1 #2 Аскербек 2015-05-10 12:09 Фотолардың сапасы өте жоғары. Осыдан шараның күшті өткенін көруге болады. Quote
 
 
+1 #1 надежда 2015-05-06 09:13 Конференция прошла на высоком уровне. Затронута актуальная на сегодняшний день тема. Было полезно узнать о том, как используются смарт технологии в других странах и как повышают свою профессионально сть зарубежные коллеги. Творческих успехов и роста ВАМ- инициативная группа филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК по ЗКО. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.