Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«АӘД сабағында қауіпсіздік ережелері» облыстық семинары
Monday, 04 May 2015 08:27

2015 жылдың 30 сәуірінде «Өрлеу»  БАҰО АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» жоспарына сәйкес Жәңгір хан атындағы БҚАТУ әскери кафедрасы базасында «АӘД сабағында қауіпсіздік ережелері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарда облыс  мектептерінің 23 алғашқы әскери дайындық  пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты.

Семинар барысында бағдарлама бойынша  жоспарланған барлық  дәрістер оқылып, тәжірибелік сабақтар жүргізілді.   «Радиациялық және химиялық барлау аспаптары, олардың сипаттамалары, құрылғылары, қолдану ережелері» тақырыбындағы дәріске көрнекілік түрінде ВПХР және ДП-5В аспаптары қолданып,тыңдаушыларға аталмыш құралдарын қолдану тәсілдері түсіндірілді, сонымен қатар Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің  қорындағы АК-74  автоматының, ПМ пистолетінің, танктерге қарсы қолданылатын (ТМ-62М, ТМ-57, ТМК-2)  және жаяу әскерге (ПДМ-6М, ПМН) қарсы қолданылатын миналардың және жарықшақты гранаттардың  құрылғыларымен егжей-тегжей таныстырылды. Семинар жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.