Course events

Intercourse events

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Ғұмар Қараш – тарихи тұлға»
Wednesday, 13 May 2015 08:49

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттар басқармасы мен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана 13 мамыр күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филормония залында «Ғұмар Қараш – тарихи тұлға» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

XIX ғасырдың аяғы мен  XX ғасырдың басында өмір сүрген ғалым, саяси қайраткер, ақын-жазушы, публицист, ағартушы-педагог ретінде халық жадында сақталғанмен, шығармашылығы толықтай зерттелмеген ақтаңдақтардың қатарында болған Ғұмар Қараштың туғанына биыл 140 жыл толуына байланысты өткізілген шара.

Осы атаулы датаға орай Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана  ісімен-сөзі қабысқан ірі тұлға Ғ.Қараштың өмір жолын, еңбектерін, өлеңдерін дәріптеп, насихаттап көрме ұйымдастырды.

Сонымен қатар Мәскеу қаласында тұратын Ғ.Қараштың немересі Надежда Қарашевамен кездесіп, жасалынған видеоны тамашалап, зерттеу жұмыстарымен айналысып жатқан байланысымен  хабардар  болдық. Ғ.Қараштың немересі Надежда Қарашева «Айқап» журналының редакторы болып жұмыс жасаған және дисертация қорғаған.

Конференцияда Ғ.Қараштың «Неден қорқам», «Ұят», «Жігер», «Есеп бер», «Надандық», «Көңіл» т.б. өлең жолдарынан үзінділер оқылды.

Ғұмар Қараштың туғанына 140 жыл толуына байланысты өткізілген конференцияның тыңдаушыларды рухтандыруға, жігерлендіруге тәрбиелік мәні зор болды.

Мен өзімнің еңбек жолымды Жәнібек ауданы Ғұмар Қараш атындағы жалпы білім беретін мектептен бастағанымды және кәсіби өскенімді мактан етемін.

Кейінгі ұрпаққа қалдырған ізі мол еңбектерін зерттеп, насихаттап жүрейік әріптестер.

Ж.А.Еркегалиева

 

Comments 

 
+1 #1 Жасулан 2015-09-29 22:59 Ғұмар Қараш туралы кездесулерге шқырылсақ жақсы болар еді көп нәрседен хабарлы болар едік.2015 жылғы кездесуді білмей қалдық. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.