Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Шаған ЖОББ мектебімен бірлескен жұмыстардың бағыттары бойынша қорытынды семинар
Thursday, 28 May 2015 10:23

2015 жылдың 28 мамырында БҚО, Теректі ауданы, Шаған орта мектебінде жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізуге дайындық аясында бірлескен жұмыстардың бағыттары бойынша қорытынды семинар өткізілді. Қорытында семинарда филиал директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Е.Сафуллин, инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Д.Жумагалиева, ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Н.Дускалиев, мектеп директоры У.Муратова, директордың орынбасарлары Б.Джумагалиева, Е.Плотникова, А.Ислямгалиева, С.Муратов, С.Баймуратова, Г.Сарсенгалиева, бастауыш сынып, информатика, дене шынықтыру, технология және бейнелеу өнерінің мұғалімдері қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты мектеппен бірлескен жұмыстарды қорытындылау және 2015-2016 оқу жылында атқарылатын жұмыстардың бағыттарын анықтау.

Семинардың барысында мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер оқыту семинарлар және тренингтер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу бойынша филиалдың қызметіне жоғары баға берді.

Семинардың қорытындысы бойынша 2015-2016 оқу жылына филиал  мен мектептің бірлескен жоспар қызметін құрастыру шешімі қабылданды, жоспарды жүзеге асыру келесі мәселелерді шешуге ықпал етеді:

-         Біліктілікті арттыру курстарында мектеп мұғалімдерін  100 % қамту;

-         Қысқамерзімді оқу жоспарларын жасауға мұғалімдерді оқыту;

-         Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауға үйрету.

 

Comments 

 
0 #3 Елдос Сафуллин 2015-06-01 17:27 Рахмет, әріптестер. Эксперимент аясында Сіздің мектеп ұжымы көптеген жетістіктерге жететін мүмкіншілігі бар. "Өрлеу" тарапынан атқарылған жұмыстарға ризашылықтарыңы зды білдірдіңіздер, Сіздерге де рахмет. Жазда жақсылап демалып, оқып, табысты жұмыс бастаңыздар! Quote
 
 
0 #2 Нуртас Танатаров 2015-05-30 16:22 Мен Шаған ЖОББМ сызу, бейнелеу өнері және технология пәндерінің мұғалімімін. 2014-2015 оқу жылында Елдос Набиоллаұлының ұйымдастыруымен біздің мектебімізде өте пайдалы семинарлар жыл бойы өткізіліп келді. Бұл семинарлардың біздің мектепте өтуінің өзі, біздер үшін үлкен абырой.Мектеп директоры Ұлмекен Сағынқызының өте шебер басшылығының арқасында осындай дәрежеге жеттік. Барлығыңызға денсаулық және шығармашылық табыстар тілеймін Quote
 
 
0 #1 Дина Айдарбековна 2015-05-29 00:04 Здравствуйте! Я работаю учителем русского языка и литературы в Чаганской ОСОШ. Хотелось бы выразить благодарность организаторам таких замечательных семинаров. Ваша помощь, а также совместное сотрудничество с Вами имеет огромный плюс для нас всех.К тому же, хотелось бы отметить огромный труд нашего директора Муратовой Улмекен Сагиновны, благодаря которой мы имеем возможность идти в ногу со временем. Всем здоровья и творческих успехов"!!! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.