Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттері педагогтеріне арналған облыстық семинар өтті.
Tuesday, 09 June 2015 10:41

2015 жылдың 5 маусым күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» жоспарына сай Орал қаласының № 47 «Бәйтерек» МдҰ базасында «Мектепке дейінгі жастағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі қазіргі заманауи технологиялары» тақырыбында түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттері педагогтеріне арналған облыстық  семинар өтті. Семинардың жетекшсі – Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Бекенова Ақжарқын Жексенбайқызы.

 

Мақсаты: тыңдаушылардың мектепке дейінгі ұйымдарында қолданатын инновациялық технологиялар туралы жүйелі білімі мен ұғымын қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі қазіргі заманауи технологияларды  меңгеру мен енгізу мәселелері бойынша өзекті сұрақтарды талқылау.

Семинар барысында қатысушылар № 47 «Бәйтерек»  МдҰ  арнайы топтарында жұмыс жасайтын педагогтердің  тәжірибелерімен танысты. Дефектолог А.О.Карабаева мен тәрбиеші А.Р.Журмаханбетова жеке және топ жұмысында ойын және Монтессори элементтерін қолдану технологиясын, құм, бейнелеу, арт және музыка терапияларын, сумен жұмыс жасауды көрсетті.

Арнайы педагогтер А.Х.Айтюрина,Т.Х. Гатауова, К.О.Кимбаева және Қ.М.Нургалиева мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыту жұмысындағы жаңа технолоияларды пайдаланудағы өздерінің іс-тәжірибелерімен презентация арқылы бөлісті.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.