Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен даярлау жүйесіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті
Monday, 22 June 2015 05:59

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сай «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 15 маусымында «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен даярлау жүйесіндегі оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастырудың мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізілді.

Oнлайн конференция мұғалімдерге оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытытталуда әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өткізілді.  Oнлайн конференция барысында мынадай секция жұмыстары жоспарланады, атап айтсақ:

 

-          PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда мұғалімдерді кәсіби қолдау;

-          PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамытуда мұғалімдерді кәсіби қолдау;

-          PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуда мұғалімдерді кәсіби қолдау.

Конференция материалдары алдын ала талқылануы үшін http://zkoipk.kz/confpisa2015.html сайтында арнайы бет ашылды, шараға дейін қатысушылар пікір алмасып, талқылауға мүмкіндік алды, материалдарды талқылау әлі де жалғасын таппақшы, яғни материалмен танысқан әрбір адам баяндама, мақалалардың астына пікір, сұрақ, ұсыныс қалдыруға болады. Онлайн конференция жұмысына 75 мақала келіп түсті, оның ішінде 20 ауыл мұғалімдері. Конференция жұмысында үздік деп таңдалған баяндамалар тыңдалып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар БҚОПҚБАИ сараптама кеңесінде қаралып 2015 жылы 24 сәуірде №3 хаттамамен жарыққа шыққан «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы оқу сауаттылығы бойынша әдістемелік құрал конференция тыңдаушыларына, PISA тренерлеріне таныстырылды.

Конференцияға «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының оқытушылары, PISA бойынша курстан өткен практик мұғалімдер қатысты. Атап айтсақ, үздік баяндама ұсынған «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚБАИ, Ақтау қ. №16 ЖОББМ, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚБАИ, Астана қаласындағы №3 жоғары мектеп-гимназиясы  т.б., сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚОПҚБАИ, Орал қ., №1 ЖОББМ, №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясы, №43 ЖОББМ қатысушыларының баяндамалалары онлайн режімінде талқыланды, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға ауызша, жазбаша жауаптар берілді.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.