Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жобалау іс-әрекеті педагог жұмысының тиімді әдістерінің бірі
Wednesday, 24 June 2015 08:49

2015 жылдың 23 маусым күні «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында филиалдың халықаралық ынтымақтастық жұмысы аясында «Проектная деятельность» тақырыбында тәжірибелік тренинг өтті.  Тренингті «Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті»  ФМАББҰ социология ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық Гильдия Кәсіби Кеңесшілер» Коммерциялық емес серіктестік мемлекеттік және муниципалдық бағдарламалар Орталығының жетекшісі Константин Владимирович Харченко өткізді.

К.В. Харченконың негізгі кәсіби іс-әрекеті ретінде әлеуметтік жобаларды негізге алып  РФ және ТМД елдері бойынша даму стратегияларын  жүзеге асыру.

Мектеп педагогтері үшін тренинг тақырыбы өзекті, себебі  қазіргі уақытта жобалау іс-әрекетіне көп көңіл бөлінеді. Тренинг қатысушылары жоба жасақтаудың  негізгі кезеңдерін, мақсатын қоюды және жоба міндетін анықтауды үйренді.

Тренингтің ІІ бөлімінде тыңдаушылар екі топқа бөлініп «Болашақ мектеп моделі» жобасы тақырыбы бойынша жұмыстанды. Жобалар  қызықты, креативті болды. Тыңдаушылар ғылыми жобаға қойылатын барлық талаптарды орындай алды.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.