Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курс аясындағы көшпелі тәжірибелік сабақтар
Friday, 18 September 2015 10:29

«Өрлеу» біліктілік  арттыру  ұлттық  орталығы акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында 2015 жылы 7-18 қыркүйек аралығында «Интернат жағдайында тәрбиеленетін балалар бойында толеранттылық пен рухани-адамгершілік құндылықтарды  қалыптастыру» тақырыбында интернат тәрбиешілеріне арналған біліктілік арттыру курсы өткізілді.

Курс барысында 11 қыркүйек күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында тәрбиешілерге арналған «Мектеп-интернаттарда тәрбие  үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбындағы көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды. КТС өтуі барысында мектеп – интернаттың тәрбиешілері  интернаттағы жұмыстың ұйымдастырылуы мен сынып сағаттарында жаңа технологияны қолдану мен оқушылармен өткізілетін трениг  түрлерін көрсетті.

Курс тыңдаушылары жатақханамен танысып, асхана және дәрігерлік пункке саяхат жасады. Тыңдаушылар үш топқа  (сары, қызыл, көк түстерге) бөлініп кесте бойынша барлық бағыт бір мезгілде сабақтарға қатысты.

I бағыт бойынша интернат меңгерушісі Р.Х.Мұташева «Мектеп- интернаттарда тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» туралы баяндама оқып, практикалық жұмыс ретінде Д.Х.Хамзина мен Ж.Т.Мамбетованың   «Сынып тәрбиешісі – бала тәрбиесіндегі басты тұлға» тақырыбына сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыс түрлері көрсетілді.      II бағыт бойынша 9-11 сынып тәрбиешілері М.А. Есқалиева мен Б.Ә.Ескендиров «Жаңаша білім беруге көшу жағдайында оқушыларға кәсіби бағдар беруде педагогикалық қолдау» тақырыбында болашақ мектеп бітіруші түлектермен атқарған жұмыстарымен бөлісті.

III бағыт бойынша мектеп психологі Б.Ж.Сариева «Тренинг өткізуге қойылатын талаптар. Тренинг жаттығуларының классификациясы» тақырыбында оқушылармен өткізіп жүрген жұмыстарын көрсетті.

Курс тыңдаушыларына «Отбасы күні» мерекесіне орай 8-сынып тәрбиешісі Ұ.М.Сұлтанова оқушылардың ата-аналарының қатысуымен   «Отбасы - өмір аясы» тақырыбындағы сынып сағатын көрсетті, мектеп директоры М.М. Қадырбаев жалпы интернат тәрбиешілерінің лауазымдық міндеттері мен қызметтік жауапкершіліктері төңірегінде кеңесін ұсынды.

Сонымен қатар 16 қыркүйекте Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық гимназиясында жатақхана тәрбиешілеріне арналған «Толеранттылық пен рухани-адамгершілік құндылықтар – мектеп түлектерін тәрбиелеудің негізі» тақырыбымен көшпелі тәжірибелік сабақ өтті. Бұл көшпелі тәжірибелік сабақта интернат тәрбиешілері мектеп-интернаттағы жас ұрпақты толерантты құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеу негізінде ұйымдастырылған ашық тәрбие сабақтарына қатысып, тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру бойынша іс-тәжірибелерімен танысты. КТС жұмысы  пікіралмасу (ойлар, көзқарастар, тәжірибелер) арқылы қорытындыланып, жатахана тәрбиешілерінің қызметіне қажетті материалдар, нұсқаулықтар электронды нұсқада таратылып берілді. Сондай-ақ жатақхананың  жұмыс жүйесі, интернат жоспары талқыланды және жоспарланған жұмыстар нәтижесі туралы баяндалды. Тәрбие сапасын көтерудің бағыттарына назар аударылды. Практикалық бөлімде интернат тәрбиешілерінің қызметті ұйымдастару,  жеке баланы қолдау,  диагностика жүргізу бойынша шеберлік-сыныптар өткізілді. Гимназия директоры Д.Ғ.Мұштановамен тәжірибе алмасу мақсатында кеңесу сағаты ұйымдастырылды.

Курс жетекшісі Р.Ж.Бахтиярова

Фотогалерея (барлық фотоларды көру)

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.