Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған вебинар
Wednesday, 22 April 2020 17:58

Қатысушы куәлігі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 22 сәуір күні «Қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану пәнін оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында Zoom бағдарламасында онлайн вебинар ұйымдастырды. Онлайн шараға облыс, қала мектептерінің сертификатталған өзін-өзі тану пәні 60 мұғалім қатысты.

Вебинар мақсаты: Қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану сабақтарын ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік қолдау және кеңес беру.

Вебинардың модераторы, баяндамашы ББПППС кафедрасының аға оқытушысы, педагогоика магистрі, тренер Шынаргүл Арыстанова «Қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану пәнін оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибе алмасты.

Шара барысында қашықтықтан білім беруде сабақтарды ұйымдастыру және өткізудегі проблемалық мәселелер талқыланып, оқу материалының мазмұнын оңтайландырудың әдіс-тәсілдері, сабақты жоспарлау бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

Қатысушылар шара соңында оқу материалына қатысты пайдалы сілтемелер алып, өткізілген вебинар барысы туралы  сындарлы пікірлер айтып, тәжірибе алмасты.

Алмагүл Утешқызы, Курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зетханасының PR-маманы

 

Comments 

 
0 #21 Менжан Мурзабулатов 2020-04-26 17:43 Большая методическая помощь учителям самопознания! Quote
 
 
0 #20 Хайруллина Айгуль 2020-04-23 20:33 Әріптесіміз, Шынаргул Умбеткалиевнаны ң ұйымдастырған вебинары мұғалімдер үшін керемет қолдау болды Quote
 
 
0 #19 Рауан Бақытқызы 2020-04-23 20:16 Өзін-өзі тану мұғалімдері үшін жақсы тәжірибе алмасу болды Quote
 
 
0 #18 Шолпан 2020-04-23 09:47 "Өзін-өзі тану" пәні аға оқытушы Шынаргуль Умбеткалиевнаны ң вебинары жоғары деңгейінде өтті! Дайындығы өте жақсы! Quote
 
 
0 #17 Гүлдана 2020-04-22 19:56 Өзін-өзі тану пәнінен өткізілген вебинар пән мұғалімдері үшін пайдалы болды және әрі қарай да жалғасын табады деп ойлаймын. Әріптестеріме шығармашылық табыстар тілеймін! Quote
 
 
0 #16 Еркегалиева Жемис 2020-04-22 19:52 Озин-ози тану пани мугалимдерине уйымдастырган онлайн вебинар оз максатына жеткенин, ар турли жагымды пикирлерден, кери байланыстардан корип отырмын. Шынымен де Шынаргул Умбеткалиевна оз исинин майталман шебери, ореси биик, рухани бай ариптес жанымызда жургенине куанамыз. Толагай табыстар тилеймин! Quote
 
 
+1 #15 Dinara Zhumagaliyeva 2020-04-22 19:52 Тақырыбы өзекті, мазмұны пайдалы, ұйымдастырылуы сапалы вебинар өтті. Алдағы уақытта түрлі тақырыпта онлайн шаралар жалғасын табады. Quote
 
 
0 #14 Бибигуль Демеуовна 2020-04-22 18:50 "Өзін-өзі тану" пәні мұғалімдері көптеген сұрақтарына жауап алып, қашықтықтан оқыту кезінде өз жұмыстарын қалай ұйымдастыруға болатындығы туралы нақты мәлімет алды. Шынаргүл Умбеткалиевна - білікті маман, өз ісінің шебері, адамға рухани көмек беріп қолдайтын әріптес! Quote
 
 
0 #13 Абишева Алина 2020-04-22 18:40 Керемет мазмұнды вебинар болғаны тыңдаушылардың кері байланысынан көруге болады. Quote
 
 
0 #12 Сейтекова Динара 2020-04-22 18:34 Бүгінгі " Қашықтан оқыту жағдайында Өзін-тану пәнін оқытуды ұйымдастыру" тақырыбындағы вебинар өз мақсатына жеткен, ұстаздарға берері мол вебинар болды. Өзіме қажетті көптеген ақпараттар алдым. Шынар Умбеткалиевнаға алғысым шексіз! Шығармашылық табыс тілеймін! Quote
 
 
0 #11 Алмагүл Утешқызы 2020-04-22 18:21 Дер кезінде өткізілген тиімді семинар болды. Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері қашықтықтан оқытуға байланысты әдістемелік кеңес, қажетті ақпараттар алды деп есептеймін. Шынаргүл Үмбетқалиқызына шығармашылық табыстар тілеймін! Quote
 
 
0 #10 zkoipk.kz 2020-04-22 18:21 Керемет, Шынаргуль Умбеткалиевна! Қатысқан педагогтердің сауалдарына жан-жақты жауап қайтарылып, тиімді ұсыныстар берілді Quote
 
 
0 #9 Елдос Набиоллаұлы 2020-04-22 18:07 Вебинардың фотоларынан да сапалы жұмыстың ізі байқалады! Quote
 
 
0 #8 Елдос Набиоллаұлы 2020-04-22 18:07 Вебинардың фотоларынан да сапалы жұмыстың ізі байқалады! Quote
 
 
0 #7 Елдос Набиоллаұлы 2020-04-22 18:07 Вебинардың фотоларынан да сапалы жұмыстың ізі байқалады! Quote
 
 
0 #6 Рысханым Қуанаева 2020-04-22 17:53 Вебинардың жақсы ұйымдастырылған ы тыңдаушылардың оң көзқарасынан байқалады, мұғалімдерге кәсіби қолдау болды, керемет! Quote
 
 
+1 #5 Габбасова Багдагул 2020-04-22 17:47 Қашықтықтан оқыту кезеңінде бұл ұстаздарға үлкен қолдау болары сөзсіз. Quote
 
 
0 #4 Gaukhar 2020-04-22 17:44 Әріптесіміз мұғалімдерге өте пайдалы вебинар өткізді Жарайсыз! Quote
 
 
0 #3 Айша 2020-04-22 17:42 Мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған шара өз мақсатына жеткенін, қатысушылардың кері байланысынан көруге болады. Шынаргүл Үмбетқалиқызына алғыс білдіремін Quote
 
 
0 #2 Аэлита 2020-04-22 17:27 Қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану пәнін оқытуды ұйымдастыруына Рахмет. Quote
 
 
0 #1 самопознание 2020-04-22 17:12 Айсулу Шуншкалиева
Қашықтық форматындағы жумыс жақсы жолға қойылған. Рахмет.
Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.