Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру және өткізу»
Monday, 27 April 2020 17:52

Үстіміздегі жылдың 20 - 30 сәуірі аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» қашықтық форматында  директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тарих, география, биология, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында курс өткізуде.

Курстың мақсаты: қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдары директорларының тәрбие іс жөніндегі орынбасарларын, тарих, география, биология, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің мектепте өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуде кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейін арттыру болып табылады.

27 сәуір күні  Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның «Туған елге тағзым», «Қазақтың 100 әні» тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға арналған тәжірибесі» тақырыбындағы дәріс аясында «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы туралы туралы ақпараттар берілді. Аталған жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге, оқушы бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған. Зияткерлік мектептердің өзара маршрут алмасу арқылы Қазақстан аймақтарымен танысып, зерттеу жүргізуі бұл білім беру сапарының ерекшелігі болып табылады.

Дәріс барысында тыңдаушылар физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұсынған «Туған елге тағзым», «Қазақ әндері» таныстырылымы мен «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу эспедицициясы, «Рухани жаңғыру NIS» бейнероликтері арқылы НЗМ тәрбие жұмысы бағытындағы іс-тәжірибелерімен таныс болды.

Сонымен қатар курс аясында «DANA qaz» журналының бас редакторы, «Егіндікөл тарихы» кітабының авторы, өлкетанушы Сафуллин Нұртас Набиоллаұлы «Бір әннің тарихы» тақырыбында өз зерттеуін ортаға салды. Сексенінші жылдары жастардың сүйікті әніне айналған Сағынғали Сейітовтің сөзіне жазылған «Айлы түн, айна бұлақ» әнінің шығу тарихы туралы баяндай келе Ілия Жақанов, Донеділ Қажымов сынды өнер тарландарының, ақынның көзін көрген Амангелді Еркінғалиев, Сейфолла Құмарұлының әнге қатысты пікірлері мен сұхбаттарын мысалға келтіріп, Егіндібұлақ ауылындағы мөлдір бұлақтың тамаша романс пен сырлы әнге арқау болған әңгімелеп берді.

«100 күйдің тарихы» тақырыбындағы дәріс барысында  халқымыздың баға жетпес қазынасы күй өнерін насихаттап, оқушыларға домбырадан дәріс беріп, ұлттық мәдениетімізді дәріптеп жүрген курсымыздың тыңдаушысы Ержан Құмарғалиевтің өнеріне тәнті болдық.

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне, «DANA qaz» журналының бас редакторы, өлкетанушы Нұртас Сафуллинге облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы аясында қолдау білдіріп, іс-тәжірибелерімен бөліскендері үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Алина Абишева, ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»

 

Comments 

 
0 #6 Алина Абишева 2020-05-02 16:13 Облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы аясында қолдау білдіріп, іс-тәжірибелерімен бөліскендері үшін «DANA qaz» журналының бас редакторы, өлкетанушы Нұртас Сафуллинге,Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне курс лекторы атынан алғысымды білдіремін. Quote
 
 
0 #5 Алина Абишева 2020-05-02 16:13 Облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы аясында қолдау білдіріп, іс-тәжірибелерімен бөліскендері үшін «DANA qaz» журналының бас редакторы, өлкетанушы Нұртас Сафуллинге,Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне курс лекторы атынан алғысымды білдіремін. Quote
 
 
0 #4 Хайруллина Айгуль 2020-05-02 13:29 Педагогтердің мектепте өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуде кәсіби құзыреттіліктер інің деңгейін арттыру бағытындағы жақсы мүмкіндік болды Quote
 
 
0 #3 Багдагул 2020-05-01 19:21 ӨТЕ ТАРТЫМДЫ, ҚЫЗЫҚ САБАҚ БОЛДЫ. РАХМЕТ Quote
 
 
0 #2 Айгуль Кайыржановна 2020-04-30 14:02 Осы дәрістен кейін өз жеріміздегі рухани байлығымызды толықтыратын зерттеу тақырыптардың аясын кең екенін түсіндім. Рахмет. Quote
 
 
0 #1 Кайрбек 2020-04-30 13:50 өте керемет дәріс болды, 100 ән аясында әндердің шығу тарихына тоқталып әрмен қарай өз өлкеміздің әндерін зерттеуге жақсы бағыт-бағдар алдық деп ойлаймын Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.