Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Курсалды вебинары өтті
Tuesday, 05 May 2020 15:01

Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» ұйымдастыруымен курсалды вебинары өтті.

Вебинар мақсаты: 5-15 мамыр  аралығында өтетін қысқамерзімді курстардың жұмысымен таныстыру, қолайлы сабақ кестесін таңдау.

Вебинар барысында институт директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Сафуллин Елдос Набиоллаұлы алдағы болатын курстар мен курс кураторларын таныстырып өтті. Атап айтсақ:

1. Қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының 5-9-сыныптарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» курсы. Курс кураторы: Рысханым Қуанаева.

2. Интернаттық ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған «Интернаттық ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курсы. Курс кураторы: Сәуле Файзуллина.

3. Мектептердің педагог-психологтеріне арналған «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» курсы. Курс кураторы: Құралай  Шамуратова.

4. Қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 1-4- сынып мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курсы. Курс кураторы: Бибігүл  Габдрахманова.

Сонымен қатар Елдос Набиоллаұлы әрбір топтың сабақ кестесімен таныстырып, алдын ала өткізілген сауалнама бойынша  сабақтар түстен кейінгі уақытқа қойылғанын, қажет жағдайда өзгеріс енгізуге болатынын еске салды. Күніне  3 сабақ онлайн формада өтсе,  5 сағаты берілген контенттермен өз бетінше жұмыстануға  арналғанын айтып өтті.

Вебинарда курс кураторлары сөз алып, курсқа алдын ала дайындық барысында әрбір қатысушының курсқа қатысуға мүмкіндігі бар-жоғы анықталып, олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстанып жатырғанын айта келе, қатысушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Басқосу барысында ББПППС кафедрасының меңгерушісі Динара Жумагалиева сөз алып, қатысушыларды  онлайн режиміндегі сабақтарға белсенділікпен қатысып, кері байланыс жасап отыруға шақырды.

Қатысушылар қазіргідей жағдайда курстарды ыңғайлы, тиімді ұйымдастырып отырған институт әкімшілігіне алғыстарын білдіріп, кураторларға сәттілік тіледі.

 

Comments 

 
0 #4 Багдагул 2020-05-12 21:33 қысқамерзімді курстардың жұмысын таныстыру, сабақ кестесін таңдау негізіндегі өткен ұтымды вебинар болған екен. Сәттілік әріптестер. Quote
 
 
0 #3 Маншук Кенесовна 2020-05-10 23:02 Онлайн режимінде өтетін курстардың ерекшелігіне байланысты сабақтарды өткізу формасын, контенттермен жұмыс бағыттарын, т.б. курсқа қатысты алтын ережелерімен таныстырған әріптестерімізг е сәттілік тілеймін! Quote
 
 
0 #2 Маншук Кенесовна 2020-05-10 23:01 Онлайн режимінде өтетін курстардың ерекшелігіне байланысты сабақтарды өткізу формасын, контенттермен жұмыс бағыттарын, т.б. курсқа қатысты алтын ережелерімен таныстырған әріптестерімізг е сәттілік тілеймін! Quote
 
 
0 #1 Байкатова Кумыс 2020-05-06 11:05 Онлайн-режиміндегі курсқа кураторлар да тыңдаушылыр да бейімделді.Ұтымды жақтарын көріп отыр. Әріптестерге сәттілік тілеймін! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.