Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Тамыз конференциясы өтті
Wednesday, 12 August 2020 16:44

12 тамыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту форматында педагогтердің біліктілігін арттыру:  жағдайы, мәселелері, болашағы» тақырыбында тамыз конференциясы өтті.

12 тамыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту форматында педагогтердің біліктілігін арттыру:  жағдайы, мәселелері, болашағы» тақырыбында тамыз конференциясы өтті.

Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының облыстық білім департаменті басшылары, қосымша білім беру ұйымдары басшылары, білім беру ұйымдары басшылары мен мұғалімдер, білім басқармаларының әдістемелік кабинет басшылары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлері қатысты.

Конференцияның пленарлық бөлімінің модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Гүлнас Ахметова шараны ашып, «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін цифрландыру» тақырыбында баяндама жасады.

Бұдан әрі «Өрлеу» БАҰО» АҚ біліктілікті арттыру жүйесінің ұлттық порталы, Youtube-тегі «Өрлеу» білім беру каналы, «Өрлеудің» қашықтықтан оқыту платформаларының жұмысын баяндайтын бейнеролик көрсетілді.

Шараның пленарлық бөлімінде бүгінгі күні еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты өзекті болып отырған қашықтықтан білім беру шеңберінде «Білім беру жүйесін қашықтықтан басқарудың ерекшеліктері», «Мектептерде қашықтық жағдайында сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Мектептерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері», «Қашықтықтан оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану әдістері», т.б. тақырыптарда баяндамалар тыңдалды.

Жиын барысында сөз алған Оралдағы «Өрлеу» институты директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Елдос Сафуллин «Қашықтықтан оқытудың оңтайлы ортасын және белсенді интернет платформаларын таңдау» тақырыбында баяндама жасап, тың ойларын ортаға салды.

Конференция қатысушылары әрі қарай 4 секцияға бөлініп, «Қашықтықтан оқытудың менеджменті», «Қашықтықтан инклюзивті оқыту: мәселелер, шешімдер», «Қашықтықтан оқыту форматындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ерекшеліктері», «Қашықтық сабақтарын құру құрылымы және ұйымдастыру әдістері» тақырыптарындағы пікірталас алаңдарында өзара тәжірибе алмасты.

Төртінші секциялық отырыс модераторы Елдос Набиоллаұлының бағыттауымен қатысушылар онлайн оқытудың бүгіні мен ертеңі, қашықтықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау, Flipped Classroom арқылы оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, т.б. педагогтерге қажетті, толғандырып жүрген мәселелер бойынша баяндамалар жасап, көрнекі презентациялар, бейнероликтер арқылы іс-тәжірибелерін көпшілікке ұсынды.

Сонымен қатар отырыс барысында секция модераторы Елдос Набиоллаұлы ZOOM платформасының мүмкіндігін пайдаланып қатысушылармен сауалнама өткізіп, кабинеттерге бөліп «Танысу» тренингін өткізді.

Секциялық отырыс қорытындысында Оралдағы «Өрлеу» институтының директоры Софья Измуханбетова секциялық отырыстың сәтті өтуіне атсалысқан баяндамашылардың жұмыстарына өзіндік бағасын беріп, ризашылығын білдірді. Сөз соңында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бастамасымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұжымының қашықтықтан оқытуға байланысты бірлесе атқарып жатырған іс-шаралары алдағы оқу жылының сәтті басталуына негіз болатынына сенім білдірді.

Шара соңында қатысушылар қашықтық режимінде сапалы ұйымдастырылған конференция жұмыстарына оң баға берді.

 

Comments 

 
0 #1 Дуйсекова 2020-08-20 16:42 Тамыз конференциясы сәтті өтті. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.