Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Microsoft тарапынан үздік деп танылды
Friday, 18 September 2020 06:02

Білім беру саласындағы "Microsoft Innovative Education Expert" халықаралық бағдарламасы құрамына әлемнің түкпір-түкпірінен миллионнан астам педагог кіреді. Биылғы жылғы компания ұйымдастырған инновациялық педагог-сарапшыларды сертификаттау мен дамытудың "Microsoft Innovative Education (MIE) Expert 2020-2021" халықаралық бағдарламасына әлемнің түкпір-түкпірінен қатысқан 20 мыңнан астам ұстаз конкурстық іріктеуден өтіп, 449 қатысушы жеңімпаз атанды.

Біздің еліміз бойынша байқауға 1500-ден астам өтінім түссе, 40 мұғалім әлемнің үздік инновациялық педагог-сарапшыларының қатарына енді. Топ жарған педагогтер арасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы, тренер Өтеғұл Гүлмаржан Кәрімқызы да бар. Гүлмаржан Кәрімқызы қазіргі уақытта сұранысқа ие заманауи технологияларды тиімді енгізгені және қолданғаны үшін Microsoft тарапынан үздік деп танылды.

Жаңашылдыққа жаны құмар әріптесімізді жетістігімен құттықтай отырып, еңбегіне толағай табыстар тілейміз!

 

Мен ресми түрде 2020-2021 жылдарға арналған Microsoft Innovative  Educator MIE сарапшысы ретінде таңдалғаныма өте қуаныштымын. Сондай-ақ бүкіл әлем бойынша MIE халықаралық сарапшылар тобына кіргеніме ризамын!

 

Я очень рада, что официально выбрали меня в качестве эксперта Microsoft Innovative Educator MIE на 2020-2021 год. А также я признательна быть включенной в группу международных экспертов MIE со всего мира!

 

I am very happy to be officially chosen as the Microsoft Innovative Educator MIE Expert for 2020-2021. And also I am grateful to be included in the group of international MIE experts from all over the world!

 

Comments 

 
0 #3 Дуйсекова 2020-10-14 08:47 Өте қуаныштымын! Алар биіктеріңіз мол болсын! Quote
 
 
0 #2 Гүлдана Ерсайынқызы 2020-10-02 13:06 Гүлмаржан Кәрімқызының қазіргі уақытта сұранысқа ие заманауи технологияларды тиімді енгізгені және қолданғаны үшін Microsoft тарапынан үздік деп танылуы әріптестері үшін зор қуаныш. Құттықтаймыз! Quote
 
 
0 #1 Хайруллина Айгуль 2020-09-22 22:28 ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!! Әріптесіміздің жетістігі Ұжым үшін мақтаныш. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.