Біліктілікті арттыру курстары жалғасуда |
Tuesday, 26 January 2021 14:17 |
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарынан бастап «Орал-Өрлеу» институтында өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында қашықтық курсы өтуде. Курс жетекшісі Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Арыстанова Шынаргүл Умбеткалиевна. Курстың мақсаты: өзін-өзі тану педагогтерінің кәсіби құзіреттері деңгейін арттыру. Курсқа қатысушылар рухани-адамгершілік білім беру аясындағы білімдерін кеңейтіп, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы өзін-өзі тану пәнін оқытуда практикалық дайындықтарын шыңдады. Сондай-ақ өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік тәсілдерін қолдану арқылы білімдерін жетілдірді. Курс соңында тыңдаушылар өзіндік жұмыс, жобалық жұмыс және ықшам сабақтарын таныстырып, қорғайды. Курс ақпанның 5-іне дейін жалғасады. |