Біліктілікті арттыру курстары жалғасуда |
Tuesday, 02 February 2021 09:20 |
«Орал-Өрлеу» институтында «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» тақырыбындағы курс 1 ақпан күні бастау алды. Курс жетекшісі «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «ПҚБАИ» жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесінің аға оқытушысы Габбасова Багдагул Беккалиевна. Курс мақсаты: Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгерту. Онлайн платформасы арқылы өтіп жатырған курс барысында тыңдаушылар бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптары бойынша білім берудің әдістері, білім жетілдірудің негізгі мазмұнының саралау тәсілдері, ықшам сабақ, өз бетінше білім берудің басты бағыттары мен белсенді оқу әдістерінің тиімді жолдарын және практикалық жұмыстарда қолдануды меңгереді. Бастауыш мектеп пәндерінің мұғалімдеріне арналған курс ақпанның 12-не дейін жалғасады. Курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз! |
Comments