Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық вебинар өтті
Wednesday, 10 February 2021 17:00

2021 жылдың 10 ақпан күні Орал қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Бастауыш буында білім беру мазмұнын жаңартуға  TIMSS  халықаралық зерттеуінің әсері» тақырыбында Оn-lіnе режиміндегі облыстық семинар өтті.

Қалалық Оn-lіnе семинар жұмысына «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»  жаратылыстану-гуманитарлық пәндерді  оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Нургазинова Маншук Кенесовна қатысып, «TIMSS халықаралық зерттеуінің математика сауаттылығы бойынша тапсырмаларын талдау» тақырыбында баяндама оқыды.  Баяндама барысында Маншук Кенесовна, ТIMSS халықаралық зерттеуінің мақсаты мен негізгі міндеттеріне, оқушылардың білім деңгейін бағалайтын танымдық салаларына кеңінен тоқталып, зерттеу тұжырымдамасына сәйкес мазмұндық бөліктерін ашып көрсетті. Практикалық бағыттағы TIMSS бағдарламасы тапсырмаларын талдап, мысалдар келтіріп, ресурстар ұсынып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Comments 

 
0 #1 Хайруллина Айгуль 2021-02-16 14:28 Білікті тренер Маншук Кенесованың мұғалімдерге ұсынған тәжірибелік материалдары құнды болғаны анық. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.