Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Арнайы курстар жалғасуда
Thursday, 11 February 2021 09:54

Оралдағы «Өрлеу» институтында 08-19.02.2021ж. аралығында   өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне онлайн форматында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында курс басталды. Курс тренері Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Арыстанова Шынаргуль Умбеткалиевна.

Курс мақсаты: Өзін-өзі тану педагогтерінің кәсіби құзіреттері деңгейін арттыру.

Педагогтерді әдістемелік қолдау мақсатында ұйымдастырылған  курс барысында тренер өзін-өзі тану пәнінің әдіснамалық тәсілдері мен пәнді оқытудың шарттары жөнінде толық ақпарат берді. Сондай-ақ білікті тренер өзін-өзі тану пәнін оқытудағы мақсат-міндеттерді ұлы ойшылдардың қанатты сөздерімен ұштастырып, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Курс тыңдаушылары жаңартылған білім беру жағдайындағы өзін-өзі тану пәнін оқытуда практикалық дайындықтарын шыңдап, өз пікірлерімен бөлісті.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.