Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Тартысты өткен дебат
Friday, 05 February 2021 13:55

Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні Оралдағы «Өрлеу» институтында онлайн режиминде «Білім берудегі тиімді менеджмент» тақырыбында білім алып жатқан 25-топ тыңдаушыларымен дебат өтті.

Дебатты ұйымдастырушы, спикер институт директорының орынбасары Елдос  Сафуллин.  Бұл шараға институт директоры Софья Измуханбетова арнайы қатысып, дебатқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Қатысушылар «Үкімет «Ұлағат» және «Оппозиция «Менеджмент-25» тобына бөлініп,  «Мектеп оқушыларына ғылыми жобаны жаздырту қажет пе?» және «Педагогтерді қазіргі аттестаттау ережесі педагогтердің тікелей функциясын орындауға кедергі келтіреді ме? Мысалы, білім сапасын көтеруде кедергі бар ма?» тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салып, сөз таластырды.

Дебаттың мақсат-міндеттерін курс тыңдаушысы  Алтынтас Бураншеева таныстырып өтті. Сөз додасына қатысушылар «Мектеп оқушыларына ғылыми жобамен айналысу қажет пе?, Ол жас ерекшелігін қажет ете ме?, Ғылыми жобаға қойылатын талаптарды мектеп жасындағы оқушыларға қоюға бола ма?» деген сұрақтарға өз ойларын ашық жеткізді.  Сондай-ақ «Қазіргі аттестаттау негізі» тақырыбында әдіснамалық тәсілдер, педагогикалық қызметкердің біліктілігінің сапасын арттыру, арнайы білім беру орындарында педагогтерді аттестациядан өткізу, педагог мәртебесі аясында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

«Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады» дегендей, дебатқа қатысушылар сөз таластыру кезінде қазақтың ұлы ойшылдарының асыл сөздерінен мысал келтіріп, дебатты қыздыра түсті.

Дебат соңында төрешілер қатысушылармен көпшіліктің пікірін білу мақсатында сауалнама жүргізді. Курс жетекшісі Елдос Набиоллаұлы «Мектеп оқушыларына ғылыми жобаны жаздырту қажет пе?» тақырыбы бойынша «Оппозиция» тобы өз позицияларын айқын айтып, өз ойларын шебер жеткізгендері үшін, ал «Үкімет» тобы «Педагогтерді қазіргі аттестаттау ережесі педагогтердің тікелей функциясын орындауға кедергі келтіреді ме? Мысалы, білім сапасын көтеруде кедергі бар ма?» тақырыбында аттестациялау ережесіне қатысты өз іс-тәжірибелеріне сүйене отырып, ойларын ашық жеткізе білгендері үшін алғыс айтты.

Көрермендер тарапынан сөз тартыс дауысқа түсіп, екі командада тең бағаланды. Дебат турнирі соңында «Үздік спикер» аталымымен «Ұлағат» командасының спикері Жасталап Сабиров, осы аталыммен «Менеджмент-25» командасының спикері Ринат Мукатов марапатталды.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.