Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жолдау – жетістікке бастар жол
Monday, 22 February 2021 18:08

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының үлкен залында «Гүлдәурен» балалар аула клубы және  «Ақниет» мәдени клубының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты  Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында  «Жолдау – жетістікке бастар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Басқосуға «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» курстан кейінгі сүйемелдеу және инновацияларды енгізу зертханасының PR, SMM маманы Габдушева Толқын Закарияқызы қатысып, «Жолдау –  жарқын істер бастауы» т   ақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

Аталмыш шарада  "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы, саяси жұмыс бөлімінің кеңесшісі   Архат Исламғали "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі" атты баяндамасындаМемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауындағы ең маңызды тапсырмаларға тоқталып өтсе, облыстық халық шығармашылық орталығының ақпарат, жарнама және басылым бөлімінің меңгерушісі Айгүл Урынгалиева «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

Шара барысында МАБ директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Б.М.Қанатов  Президент  Жолдауын іске асыру бағытында жасалып  жатқан жұмыстарға тереңірек тоқталып, алда  жоспарланған жұмыстармен таныстырып өтті.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.