Апталық курс жалғасуда |
Monday, 01 March 2021 18:19 |
Бүгін 1 наурыз күні Оралдағы «Өрлеу» институтында онлайн режимінде Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, білікті тренер Сайра Кировқызы Сексенбаеваның жетекшілігімен қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында курс басталды. Курсқа аудан, қала, облыс педагогтерінен құралған 29 оқытушысы қатысуда. Мақсаты: Қазіргі заманғы қосымша білім берудің ерекшелігін ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастыру саласындағы қосымша білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіру. Міндеті: Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагог қызметкерлер қызметінің заңнамалық және әдіснамалық негіздерін зерделеу, оқушылардың білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, қосымша білім беру бағдарламаларын жобалау және іске асыру ерекшеліктерін анықтау. Курс барысында тыңдаушылар бағдарламаның барлық модульдерінің мазмұнымен, оқыту принциптерімен танысады. Сондай-ақ жаңартылған білім берудің оқу процесінде қосымша білім беруде оқытуды сәтті ұйымдастыруға қажетті әдіс-тәсілдерді меңгереді. Курс 5 наурызға дейін жалғасады. |
Comments