Курстар жалғасуда |
Wednesday, 03 March 2021 14:51 |
Ағымдағы жылдың 3-13 наурыз аралығында Оралдағы «Өрлеу» институтында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагогтеріне «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті оқытудың ерекшеліктері» тақырыптарында онлайн курстар өтуде. Курсқа институттың Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары, білікті тренерлер Р.Ж. Бахтиярова, Г.Б. Алипкалиева , Ж.А.Еркегалиева, Б.Д. Габдрахманова, Р.Б. Мулдагалиева, Б.Б. Ғаббасова сынды әріптестеріміз жетекшілік етуде. Сонымен бірге мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының педагог-хореографтарына арналған «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы педагог-хореографтардың құзыреттілігін дамыту» атты курс жүргізілуде. Курс тренері С.К. Сексенбаева. Екі апталық курстар соңында тыңдаушылар өз жұмыстарын қорғап, қорытындылап, сертификаттармен табысталатын болады. |