Мұғалімнің кәсіби дамуының жаңа мүмкіндіктері |
Tuesday, 16 March 2021 13:50 |
Ағымдағы жылдың 16 наурыз күні «Білімді ел – Образованная страна» басылымының №11 (265) санында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, білікті тренер Габдрахманова Бибигуль Демеуовнаның «Новые возможности профессионального развития педагога» тақырыбында мақаласы жарық көрді. Мақалада оқушыларға тиімді қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады? Ол үшін қандай платформаларды игеру керек? Интернеттегі сабақтарға арналған ресурстарды қайдан алуға болады? деген сұрақтарға толық ақпарат берілген. Сондай-ақ осы мақалада бейнесабақ дайындау барысында облыс педагогтері Оралдағы «Өрлеу» институтының аға оқытушыларынан озық дағдыларды меңгеріп, эстафета арқылы мол тәжірибе жинақтағаны, кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізгендіктері жайында кеңінен жазылған. |
Comments