Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Қашықтықтан оқыту курстары өтуде
Friday, 25 June 2021 19:48

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастырумен 21 маусым мен 2 шілде аралықтарында қашықтықтан оқыту курстары өтуде. Онлайн форматында  өтіп жатқан курстарға облыс педагогтері белсенділікпен қатысуда.

Курсты Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Габдрахманова Бибигуль,  Еркегалиева Жемис, Жумагалиева Динара сынды тәжірибелі тренерлер  өткізуде. Курс «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру», «Развитие профессиональных компетенций учителя русского языка и литературы», «Развитие профессиональных компетенций учителя английского языка» тақырыптары аясында жүруде.

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады», дегендей  курс барысында тыңдаушылар жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұнымен танысып, тиімді оқыту және оқу, критериалды бағалау жүйесі, оқытудың белсенді әдістері, бағалау процесі бойынша өз дағдыларын жақсартады. Пән мұғалімдері тәжірибелі, білікті аға оқытушылармен кері байланыс орнатып, пікірлерін білдіруде.

 

Comments 

 
0 #2 Хайруллина Айгуль 2021-08-11 17:35 Білікті тренерлердің курстары үнемі жоғары деңгейде өткізіледі Quote
 
 
0 #1 қуат 2021-08-02 11:08 Курыстың алғашқы күні керемет өтті,керекті ақпараттармен мазмұнды мәліметтер алдық. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.