Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курсы
Tuesday, 26 October 2021 09:00

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні  Оралдағы «Өрлеу» институтында әлеуметтік педагогтер үшін «Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында курс өтуде.

Курсқа Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Сайра Кировқызы Сексенбаева  жетекшілік етуде. Аталмыш курсқа қазақ және орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтері қатысуда. Курс барысында әлеуметтік педагог қызметінің ұйымдастырылуы, жоспарлануы, сонымен қатар жеке тұлғаны ортаға бейімдеу т.б.жүргізілетін жұмыстар туралы да айтылып, тұлғаны әлеуметтендіру процесінде оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың бағыттары мен принциптерін зерделейді. Сондай-ақ Интернет платформаларымен, Smart құрылғы қосымшаларымен, ақпараттық-коммуникациялық технология және цифрлық білім ресурстарымен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді. Курс қазан айының 29-ына дейін жалғасады.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.