Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Математикалық сауаттылық есептері: логика мен өмірдегі қарапайым математика

Хабибуллина Жадыра Дидарқызы

Қаратөбе мектеп-гимназиясының II санатты математика пәні мұғалімі

Мақсаты: Математиканың күнделікті өмірдегі маңызы мен қолданысын толық қамту үшін білімді практикада қолдану дағдысын дамыту.

Өзектілігі:

  • Оқушының математикаға қызығушылығын өзінің ізденісі арқылы қанағаттандыруы және күнделікті өмірде математиканы қолдану дағдысының қалыптасуы;
  • Практикалық мазмұнды есептерді шығару арқылы логикалық ойлауын жетілдіру;
  • Математикалық теориялық білімін практикамен байланыстыру;

Соңғы жылдары ҰБТ-да тест  тапсырмаларына логикалық есептер енгізіле бастады.  Логикалық есептерді шешудің маңыздылығы – баланың ойлау жүйесінің дамуына ықпал ете отырып, өмірдің кез келген жағдайында дұрыс шешім таба алатындай етіп тәрбиелеу.

Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты  Қазақстан халқына Жолдауында «Білім жүйесі тек білім ғана емес, сонымен қатар, оны әлеуметтік бейімделуде қолдану білігін беруі тиіс», − деп атап көрсетілген. Жолдауда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Қазіргі таңда оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға көңіл бөлінуде. Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына сай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде  Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. 
Бүгінгі  күн талабына  сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы  бар  адамды  мектеп табалдырығынан дайындап  шығарудың  ең бір тиімді тәсілі – оқытудағы математикалық сауаттылық.

Математикалық сауаттылық

- математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну;

- әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;

- дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;

- есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;

- математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен)  сипатталады:

-   білу (еске түсіру);

-    қолдану (байланыстарды орнату);

-   ойлау (пайымдау).

Еліміздің қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің басты мақсаты құзыретті, функционалдық сауатты тұлға қалыптастыру болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін жаңа мазмұнды оқу курстары оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыруға негізделген болуы керек.

Курс мазмұнында логикалық ойлауға және практикалық мазмұнды есептерді шешуге бағытталған, математикалық білімдерін өмірлік жағдайында қолдануға негізделген болу керек. Практикалық мазмұнды есептерді шеше отырып оқушылар күнделікті өмірдегі математиканың маңызына назар аударады. Қазіргі таңда кез-келген материалдың ұзақ есте сақталуы үшін теориялық біліммен қоса, түрлі бейнесабақтардың маңыздылығы зор.

Бейне материалдарды  қолдану – оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызықтырушылықты арттырады. Бейне-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын білеміз. Ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізу, ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, бейне сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Мысалы  лекциялық материалдың мазмұны бүкіл бір сабақтың уақытын алса, ал оқу бейнефильмдері - 10 минут қана уақыт алады немесе тәжірибелік жұмысқа нұсқауды көркем жеткізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында материалды тәжірибелік  меңгеруге көп уақыт қалады. Бейне сабақты қысқаша талқылау материалдың негізгі кезеңдеріне назар аудартып, қорытындылар шығаруға көмектеседі. Яғни қажеттілігінше бейне сабақтарды пайдалану оқушының пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жоғарыдағы проблеммаларды шешу мақсатында математикалық сауаттылықтан бейнесабақтар дайындау арқылы мақсатқа жетудің әдісін қарастырдым.

Пик формуласы

Word _______________ Power Point

 

Кітап беттері және оларды нөмірлеу

Power Point

 

Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер

Word _______________ Power Point

 

Comments 

 
-1 #31 Жолдыбай 2021-01-09 10:42 https://youtu.be/Y-riKNPPgro
Жана нуска талдаулар!
Quote
 
 
0 #30 Жолдыбай 2021-01-09 10:42 https://youtu.be/Y-riKNPPgro
Жана нуска талдаулар!
Quote
 
 
0 #29 Базаргул Орынбаевна 2020-03-06 10:18 Жадыра Дидарқызының бірнеше обьектінің бірігіп жасаған жұмыс өнімділігін анықтау тақырыбындағы видео түсірілімін 5 сыныптағы баламның математика сабағындағы мәтіндік есептер бөліміндегі осы тақырыптағы есеп шығаруда қолданып, өте тамаша нәтиже көрдім. Шығармашылық шабыт, кез келген оқушының тақырыпты түсінуіне мүмкіндік беретін жұмыстарынмен бөлісе беруіңді сұраймын. Quote
 
 
0 #28 Базаргул Орынбаевна 2020-03-06 10:18 Жадыра Дидарқызының бірнеше обьектінің бірігіп жасаған жұмыс өнімділігін анықтау тақырыбындағы видео түсірілімін 5 сыныптағы баламның математика сабағындағы мәтіндік есептер бөліміндегі осы тақырыптағы есеп шығаруда қолданып, өте тамаша нәтиже көрдім. Шығармашылық шабыт, кез келген оқушының тақырыпты түсінуіне мүмкіндік беретін жұмыстарынмен бөлісе беруіңді сұраймын. Quote
 
 
0 #27 Базаргул Орынбаевна 2020-03-06 10:18 Жадыра Дидарқызының бірнеше обьектінің бірігіп жасаған жұмыс өнімділігін анықтау тақырыбындағы видео түсірілімін 5 сыныптағы баламның математика сабағындағы мәтіндік есептер бөліміндегі осы тақырыптағы есеп шығаруда қолданып, өте тамаша нәтиже көрдім. Шығармашылық шабыт, кез келген оқушының тақырыпты түсінуіне мүмкіндік беретін жұмыстарынмен бөлісе беруіңді сұраймын. Quote
 
 
0 #26 Жанар 2018-11-11 19:52 Өте керемет жасалған дүние.Шығармашылық табыс тілеймін. Quote
 
 
-1 #25 Бексегуров А 2018-05-10 12:55 Видеороликте өте тамаша түсіндірілген. Оқушылар пайдасы көп деген сенімдемін!! Жарайсың!! Еңбегін жаңа берсін! Quote
 
 
0 #24 Гулбар Жаксыбаева 2018-04-30 14:09 Өте тамаша.мен қолданвп кордім оқушыға қатты ұнап жатр.еңбенің жана берсін. Quote
 
 
0 #23 Бекетов Медет 2018-04-28 21:56 Жадыра өте жақсы. Жарайсын! Оқушылар сабақты қарап көп есептің шешу жолын жақсы түсінді деп ойлаймын. Quote
 
 
0 #22 Ардақ Тұяққызы 2018-04-28 15:17 Логикалық есептерге жалпы оқушылардың қызығушылығы жақсы қазіргі таңда. Ал, мұғалімдер тарапынан осындай шығармашылыққа толы дүниелер көп болғаны қуантарлық. Танысып шықтым,жұмыс өте жүйелі жазылған екен. Quote
 
 
-1 #21 Нургалиева Жазгуль 2018-04-27 23:55 Жарайсың,өте керемет! Осылай биіктен көріне бер.Ұстаз үшін де, оқушылар үшін де өте қажетті мәлімет.Еңбегің елена берсін! Сәттілік! Quote
 
 
0 #20 Жумабаева Жайнагул 2018-04-27 23:25 Жаксы жасакталган жумыс. Жарайсын. Quote
 
 
0 #19 Есенаманова Жанат 2018-04-27 23:19 Жақсы жұмыс.Оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте пайдалы. Quote
 
 
0 #18 Балжан 2018-04-27 20:36 Керемет! Көрнекі әрі түсінікті.. Quote
 
 
0 #17 Балжан 2018-04-27 20:34 Керемет! Көрнекі әрі түсінікті! Quote
 
 
0 #16 Сагингалиева Айгерым 2018-04-27 19:57 Барша устаз Бен окушыга тусиникти. Керемет жоба. Жарайсын Quote
 
 
0 #15 Динара Жумагалиевна 2018-04-27 19:40 Жадыра тек қана алға. Осындай видеосабақтарың көбейе берсін Quote
 
 
+1 #14 Динара Жумагалиевна 2018-04-27 19:39 Жадыра осындай еңбектерің көбейе берсін. Тек қана алға!!! Quote
 
 
0 #13 Самиғоллин Аманбек 2018-04-27 18:33 Өте жақсы нəрсе екен.Алдағы уақытта оқушылардың логикасың дамытуға арналған керек дүние. Quote
 
 
+1 #12 Усенгалиева Жанаргул 2018-04-27 18:17 Видео сабақтардың ұстаз бен оқушыға берер пайдасы көп. Оқушылар осы тәсілді қолданып есептерді тез шығара алады. Тамаша мақала! Quote
 
 
0 #11 неткалиева назерке 2018-04-27 17:30 Окушы үшін берері көп жаңа бастамаларын көбейе берсін. Сəттілік Quote
 
 
0 #10 Нариманова Жаркынай 2018-04-27 17:27 Жарайсың!Кереме т құнды керек өзекті дүниелер.Бастамаңа тек сəттілік тілеймін! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.