«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2020 жыл қараша айының үздік қызметкері |
Еркегалиева Жемис Анесовна, инновациялық білім беру және ақпараттық теxнологиялар кафедрасының аға оқытушысы. Жалпы жұмыс өтілі – 33 жыл, педагогикалық еңбек өтілі – 19 жыл. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы еңбек өтілі – 13 жыл. Қараша айы бойынша қызметі мен жетістіктері Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін «Алғыспен» марапатталды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Құттықтау хатымен» марапатталды. «Ақжайықтың ұлағатты ұстаздары» атты жобаға қатысуға ұжымнан ұсынылып, іс-тәжірибесі таратылып, видео-ролик жасалды. 02.11-13.11.2020; 16.11-27.11.2020 аралықтарында «Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған (2 апталық) 2 ақылы біліктілікті арттыру курсын өткізді. Тыңдаушылар саны - 46 педагог. 13 қараша 2020ж «Неміс тілін ерте оқыту: тәжірибе мен перспектива» тақырыбындағы Республикалық вебинарға қатысып, сертификат алды. 14 қараша 2020ж. «Critical thinking and 21st - century skills» (Сыни ойлау және 21 - ғасыр дағдылары); 21 қараша 2020ж. «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі» тақырыптарында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған ақылы онлайн оқыту семинарларын өткізді. Қатысушылар саны – 46 педагог. 30.11-05.12.2020 аралығында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған ақылы курс өткізді. Тыңдаушылар саны – 25 педагог. Виртуалды білім беру бағытының аясында «Еліміздегі үздік педагогтерінің эстафетасына» қатынасатын мұғалімдердің сабағын дайындауда әдістемелік нұсқаулықтар беріп, бейнесабақтар жасақтауды ұйымдастырды. Педагогтердің әдістемелік жұмыстарына пікір, сын-пікір жазып, кеңес берді: 1. «Формативті бағалауға арналған тапсырмалар жиынтығы» атты әдістемелік құралына; 2. 5-сыныптарға арналған ағылшын тілінде құрастырылған «Creative English» тақырыбындағы үйірме жұмысы жоспарына; 3. «Ағылшын тілі пәні бойынша бастауыш сыныптарда таным қабілеттерін арттыруға арналған жаттығулар жинағы» атты әдістемелік құралына; 4. «Обобщение опыта по английскому языку по теме «Календарно – тематический план английского языка» әдістемелік құралына. Сонымен қатар Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі Кәсіби ағылшын тілі пәні оқытушылары Ж.Т. Исимова және Г.С. Габдуллинаның медициналық колледж оқушыларына ағылшын тілінде құрастырылған 0301000 «Емдеу ісі», 0302000 «Медбикелік іс» мамандықтары бойынша «Кәсіби шет тілі » тақырыбындағы әдістемелік көмек құралдарына кеңес беріп және сын пікір жазды. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ҚМЖ жұмыстарына кеңес, әдістемелік көмек беріліп, «Сабақ жоспары» сайтына салынды. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің үздік жұмыстары «Үздік сабақ жоспары» ретінде «Ұстаз» журналына және «Жайық ұстазы» газетіне жариялану үшін іріктеліп берілді. (Қараша 2020ж.) |
Comments