Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2021 жыл қаңтар айының үздік қызметкері

Жумагалиева Асель Адильгереевна, оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің баспа ісінің бас маманы. Жалпы еңбек өтілі –  20 жыл. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы» еңбек өтілі – 9 жыл.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы қызметі мен жетістіктері.

Асель Адильгереевна 2011 жылдан филиалдың баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімінде жетекші маман болып қызмет етуден бастады. Қызмет бабында өзіне жүктелген  жұмыстарды жауапкершілікпен жасап, институтішілік жұмыстарға белсене араласып келеді. Білімді, іскер, ізденімпаз. Ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары. Әріптестері арасында адамгершілік қасиеті мен білім-білігі үшін құрметке ие әріптес. «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығынан» келген тапсырмаларды, тоқсандық, жылдық есептерді берілген мерзімде уақытылы, жауапкершілікпен орындайды. Сондай-ақ, институт жанынан жарық көретін ақпараттық, танымдық және әдістемелік «Жайық ұстазы» газеті мен ғылыми-әдістемелік «Ұстаз» журналына материалдар жинақтау, орналастыру жұмыстарын сапалы  жүргізіп келеді. Институттың ішкі жоспарына сай өтетін іс шараларды әлеуметтік желілерге жүктелуін қадағалап, уақытылы таратылуына көп көмегін тигізіп келеді. Жұмыстардың техникалық жағынан сапалы болуына жауап береді. Ай сайын баспа беттерінде жарияланатын материалдарды жинақтап, жоспарға енгізіп отырады. Апталық есеп, тоқсандық есептерді жинақтап, жіберіліп отыруын іске асырады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директорынан жемісті еңбегі үшін «Алғыс хатымен» марапатталды. (2015 ж.)

Санкт-Петербург қаласынан қосымша білім берудің автономды коммерциялық емес ұйымының «Халықаралық заманға сай кәсіби білім беру академиясынан» академиялық 36 сағаттық «Педагогикалық акмеология» бағдарламасы бойынша курстан өтіп «Куәлікке» ие болды. (2018 ж.)

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директорынан жемісті қызметі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. (2016 ж.)

«Ustaz tilegi» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы педагогтардың міндеттері мен қиындықтары» атты онлайн конференциясының сертификатымен марапатталды. (2021ж.)

«Нұр Отан» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін  Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. (2021ж.)

Асель Адильгереевна «Жайық ұстазы» газеті және «Ұстаз» журналы оқырмандарының көп болуына және осы басылымдардың кең көлемде таралуына зор үлес қосуда. Бүгінде екі басылымның да оқырмандар саны  көбейіп, жазушылар саны артуда. Басылымдарда материалдардың орналасуымен және уақытылы шығуына септігін тигізіп келеді.

 

Comments 

 
0 #2 Еркегалиева Жемис Ан 2021-03-12 14:34 Асель Әділгерейовна ұжымдағы өте сыпайы, елгезек,ақылды, әдемі әріптестердің бірі. Өзінің тамаша мінезімен өте сүйкімді.Осылай алдыңа мақсат қойып, кәсіби өсе бер жаным, біздер үнемі қолдаймыз. Quote
 
 
0 #1 Гулбаршын 2021-03-01 11:16 Асел жумысыңа саттілік тілеймін Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.