Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2021 жыл қыркүйек айының үздік қызметкері

Мурзабулатов Менжан Тілепқалиұлы – Оралдағы «Өрлеу» институтының Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертханасының әдіскері. Жалпы 35 жылдық педагогикалық еңбек өтілінің 12 жылын облыс ұстаздарының біліктілігін арттыруға арнады.

Қызметі мен жетістіктері

Менжан Тілепқалиұлы 11 жылдан астам уақыт Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар PISA халықаралық бағдарламасының сертификатталған тренері, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған тренері. Соңғы жылдары осы бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарын, семинарларды өткізіп келеді.

Әріптесіміз педагогикалық газет-журналдар беттерінде жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп отырады. «Групповая работа как эффективная форма организации урока», «Роль учителя в организации групповой деятельности учащихся», «Жағдаяттық есептер физика сабақтарында оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру әдісі ретінде», «Жаңартылған білім мазмұны: мұғалімдер тәжірибесіндегі кейбір қиындықтар және оларды шешу жолдары» мақалалары жарық көрді. «PISA халықаралық зерттеулері форматында ғылыми зерттеулерді жүргізу және бағалау», «Роль ситуационных задач на уроках естественнонаучного цикла при подготовке учащихся к международному исследованию PISA» әдістемелік құралдарының авторы.

2013 жылдың желтоқсан айында Менжан Тілепқалиұлы білім беру және тәжірибе алмасу саласындағы көшбасшы елдердің халықаралық тәжірибесін игеру мақсатында Австралияда (Брисбен қ., Гриффит университеті) біліктілікті арттыру курсынан өтті. Бұл сапардың нәтижелері "Австралиядағы білім беру ерекшеліктері" және "Австралиядағы шағын жинақталған мектептер және қашықтықтан білім беру ерекшеліктері" мақалаларында жинақталған.

Covid-19 пандемиясына байланысты қашықтықтан оқыту жағдайында облыс педагогтеріне арналған оқыту вебинарларын дайындауға және өткізуге белсенді қатысты. Атап айтсақ, «Цифрлық білім беру ресурстары. ЦБР құру алгоритмі», «Оқу тапсырмалары, кері байланыс, білім алушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін белгілеу файлдарымен алмасуға арналған Daryn.online.kz интернет-платформасын қолдану әдістемесі».

Менжан Тілепқалиұлы облыс мұғалімдеріне әдістемелік құралдар, сандық білім беру ресурстарын әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетеді және мұғалімдердің көптеген жұмыстарына сын-пікір жазып, бағыт беріп отырады. Институт сайтына орналастырылған «Сабақ жоспары» жобасы бойынша материалдарды қабылдап, сараптайды.

Осындай тынымсыз еңбегі бағаланып, «Өрлеу»  БАҰО» АҚ-ның облыстың педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі жаңашылдығы мен белсенді шығармашылығы үшін  Құрмет грамотасы, Алғыс хатын иеленді. Ұстаздар мерекесіне орай ҚР білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Өрлеу»  БАҰО» АҚ Басқарма төрайымының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Еңбекқорлық, ізденіс, жауапкершілік қасиеттерімен әріптестері арасында зор беделге ие болып отырған әріптесімізді «Айдың үздік қызметкері» атануымен құттықтап, шығармашылық жетістіктер тілейміз!

 

Comments 

 
0 #2 Гулбаршын 2021-11-09 10:37 Құттықтаймыз Жұмысыңыз жемісті болсын Quote
 
 
0 #1 Гулбаршын 2021-11-09 10:37 құттықтаймыз Жұмысыңыз жемісті болсын Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.