Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2021 жыл қазан айының үздік қызметкері

Абишева Алина Муратовна, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы. Жалпы 23 жылдық педагогикалық еңбек өтілінің соңғы 9 жылы облыстағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында жалғасуда.

Қазан айы бойынша қызметі мен жетістіктері

Алина Муратовна – өз ісін жетік білетін тәжірибелі оқытушы, магистр дәрежесі бар жоғары білімді педагог. Біліктілікті арттыру саласында 2012 жылдан бері жұмыс жасайды.

ҚР педагогтерінің Кембридж бағдарламасы бойынша білімін жетілдірудің үшінші (базалық) деңгейі бойынша сертификатталған тренері. ҚР-да орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламасының тренері.

Жыл ішінде республика, облыс көлемінде география пәні мұғалімдеріне біліктілікті арттыру курстарын, сабақтарды, әдістемелік құралдарды әзірлеу, жасақтауда әдістемелік көмекті ұйымдастырды.

Біліктілікті арттырудың бюджеттік курстарына қатысқан тыңдаушылар санаты – бұл география, физика, информатика пәні мұғалімдері.

11-21 мамыр, 5-6 сәуір, 31 тамыз - 10 қыркүйек аралықтарында «География пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында БҚО және Алматы қаласының география пәні мұғалімдеріне бюджеттік курстар өткізді.

БҚО және Қостанай ПҚБАИ базаларында өткен Орта білім мазмұнын жаңарту аясында «География» жалпы білім беру пәні бойынша колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру онлайн курсында тыңдаушылармен жүргізген сапалы жұмысы нәтижесінде қысқамерзімді жоспарларын сәтті қорғап, «НЗМ» ДББҰ ПӨО шешімімен сертификатталып отыр.

«Еліміздің үздік педагогтерінің эстафетасына» қатынасатын география пәні мұғалімдерінің сабағын дайындауда әдістемелік көмек ұйымдастырып, бейнесабақтар жасақтатты.

«Функционалдық сауаттылыққа басымдылық беру» (халықаралық PISA зерттеуі аясында) тақырыбында облыстық вебинар өткізді.

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға  арналған білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру жағдайында инклюзивті білім беру» тақырыбында инклюзивті білім беруді іске асыратын орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне  арналған ақылы курстар өткізді.

Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласында облысымыздың білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, педагогикалық тәжірибесі бойынша ғылыми-әдістемелік, практикалық еңбектері әртүрлі деңгейдегі басылымдарда жарық көруде. Соның ішінде

10-11-сыныпқа арналған «Әлемдік мұра географиясы»  қолданбалы курс бағдарламасын (2021),  8-сыныпқа арналған «Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық  бағалау тапсырмалары  әдістемелік құралын  (2020) құрастырды.

24 ақпанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша  ПҚ БАИ ұйымдастырған «PISA-ұлттық білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіші» тақырыбындағы республикалық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясына, 4 қарашада Беларусь педагогикалық қоғамы ұйымдастырған «Непрерывное образование педагогов: достижения, проблемы, перспективы» тақырыбындағы IV халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Қазақстан Республикасында білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Алина Муратовна - білікті, жауапкершілік пен шығармашылық танытатын  жаңашыл педагог, әріптестері арасында зор беделге ие. Ол заман талабынан тыс қалмай, институт өміріндегі барлық шараларға белсенділікпен атсалысады.

Алина Муратовнаны «Айдың үздік қызметкері» марапатымен құттықтап, тың шығармашылық ойлар мен кәсіби жетістіктер тілейміз!

 

Comments 

 
0 #1 Хайруллина Айгуль 2021-11-20 14:09 Әріптесім Алина Муратовнаға еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін. Өйткені дәріс оқу тек пән мазмұнын білу ғана емес, сонымен қатар аудиторияға тиімді жеткізу жолын таңдап, ақпаратты ұсынуды саралауды да талап етеді. Бұл бағытта Алина Муратовнаның талғамы мен талабы жоғары. Еңбегіңіз табысты болсын! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.