Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ

Тутебаева Анаргуль Абилгазиевна

Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектеп директоры, Теректі ауданы, Батыс Қазақстан облысы

«Магнит – Желім -Қозғаушы күш» моделінің жас ұстаздармен жұмыстағы ролі

Мектеп басшысы ретінде ролімді сол мектептің ғимаратынан бастап әр қызметкердің жұмысы сапасына дейін  жауап беру деп ойлайтынмын. Бұл ой маған үлкен жауапкершілік артатындықтан жұмыс ағымында уақыт тапшылығынан бастап, барлық әрекеттерді өз қадағалауымда ұстау  сияқты жүк артатын сезімдер тудырып отыратын.

Басшыларға арналған курс бағдарламасы мазмұнын игеру және мектепте тәжірибе барысында оқу – тәрбие үдерісіне енгізу барысында басшы ретінде ұстанымдарым мен көзқарастарыма түзетулер енгізді десем артық болмас. Табысты көшбасшылықты дамыту өзіме артылған жауапкершілікті басқа әріптестеріме сенім артып жүктей алуға мүмкіндік берді. Олай дейтінім мен «Магнит- Желім- Қозғаушы күш» моделі арқылы әріптестерді топтастыра отырып  өздері жұмыс жасайтын  және өзара ықпалдасуға жұмыс ортасын құра алдым деп ойлаймын. Бұл бағытта жұмыс жасауда  мектеп табалдырығын енді аттаған жас мамандармен жұмыс табыстылығын ұйымдастырудың мүмкіншіліктерін байқадым. Сенім арту арқылы оларға жауапкершілік артып, міндеттер айқындауға көмек берілді.  Жұмыс барысын бақылау, кездескен кедергілерді шешуде бірлескен отырыстарда әріптестерімнің ұсыныстарын, білдірген пікірлерін зерделеуде  екі жақты  талдау жүргізуге үйрендім.

Бұл  әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың формасы  жас  ұстаздармен жұмысты ұйымдастыруда қандай қажеттіліктен туды немесе қазіргі таңда  өзектілігі тұрғысына тоқталсақ:

-       Мектепте еңбек өтіліне байланысты  тәжірибесі мол ұстаздармен жас ұстаздар арасындағы тәлімгерлік үдерістің көп жағдайда формалды(өзара сабаққа қатысу, сабақ талдау, жоспар құруда көмек беру сияқты) түрде ғана ұйымдастырылуы немесе  ұстаздар арасындағы  өзара тәжірибе алмасу әлсіз;

-        Қазіргі таңда әдістемелік  бірлестіктер жұмысын жүргізгені үшін ақы төленбейді, сондықтанда әдістемелік және тәлімгерлік жұмыстың жауапкершілігі жүктелген ұстаздар материалдық қолдауды сезінбейді;

-        Жаңартылған білім беру мазмұнына көшудің бір қыры ұстаздардың кәісіби өсуі мен көшбасшылық ролін арттыру болса, тәжірибелі мамандарды  әсіресе зейнеткерлік жасқа 5-9 жыл қалған мұғалімдер арасында көшбасшылыққа тартуда ұстаздар арасында құлықсыздық, «менің жылдар бойы жинақтаған тәжірибемді өзгерту қиын» деген ойдағы  ұстаздар мотивациясының төмендігі болса, ал жас мамандармен жұмысты үйлестіруде оларға тәжірибе жетіспеу себебі туындайды;

- Шағын жинақталған мектеп жағдайында  бір пәннен  бір немесе екі ғана  пән мұғалімінің болуы  осы пән аясында  жас мамандардың басқа әріптестерімен тәжірибе алмасуы, әдістемелік жұмысты қарқынды жүргізу шеңберін тарылтады;

- Ұстаздар арасында тәжірибе алмасу  өзгенің сабағынан  «сын» іздеу сияқты бір жақты талдауға негізделіп өзара ашық пікірлесу, сабаққа енуде  жас ұстаздар арасындағы «қорқыныш» сезімі сияқты кері әсерлер, жағымсыз психологиялық ахуал тудырады;

- Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жас мамандардың және жалпы ұстаздардың сабақ үдерісін ұйымдастыруда кездесетін кедергілерді бірлесе шешу қажеттілігі;

- Қорыта айтқанда,  жоғарыда аталған кедергілер әр мектеп ұжымында болуы немесе басқа да кедергілер аймағы анықталуы мүмкін. Мектептегі  тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру белгілі бір деңгейдегі жетекшілік етуде тұтастық циклінде жүзеге асырылатын нақты технологияның болуын қажет етеді. Яғни диагностикалық талдау, ақпараттық- әдістемелік қолдау, коррекциялық бағалау шаралары мен эвалюациялық талдау  қатар жүргізілгенде ғана нәтиже бермек деп түйіндеймін. Осыған орай  тәлімгерлік жұмыс мазмұнында осы үш құрамдас компоненттердің болуы қажет.

Мектепте  Магнит- Желім- Қозғаушы күш моделі  бойынша әдістемелік    серіктестік ортасын құру басымдығы келесі міндеттерді шешуге  бағытталған:

- Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу үдерісін ашықтық қағидаттарына негіздеп дамыту;

- Оқыту мен оқу үдерісіндегі проблемаларды шешуде бірлескен жеке және  топтық зерттеулерге  жас мұғалімдерді тарту арқылы кәсіби өсуге қолдау көрсету;

- Мұғалімдердің әдістемелік тәжірибесінде жеті модуль идеясын қолдану  деңгейіне көтеру  арқылы сабақ сапасын арттыру;

«Магнит» компоненті

Магнит- басшылар мен мұғалімдерді жас мамандармен жұмыстың жаңа тәсілдерін байқап көруге тартатын күштер, ниеттер мен бұл жұмыс беретін артықшылықтар. Бұл дегеніміз басшылар мен мұғалімдер қоғамдастыққа өз еріктерімен кіріп, іске қатыстырылған барлық  адамдар оқушылардың оқу үлгерімдерін жақсарту үшін атсалысқан жағдайда дамыту ісі барынша нәтижелі болатындығын білдіреді.Өзгеріс енгізудің бастапқы кезеңінде оқу мен оқыту тәжірибесін өзгерткісі келетін адамдарды, бірлесіп жұмыс істей алатын және жаңа  тәсілдерді жүзеге асыра алатын  адамдарды анықтап, солармен жұмыс істеуді бастау тиімді болмақ.(«Мектептегі тәжірибе кезеңінде кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар» әдістемелік құралы, «Назарбаев  Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы-2017 жыл, 5-бет.) Яғни, «Магнит» ретінде қарастырылып отырған компонент мектепте  белгілі бір  мақсатқа  немесе  субьектілермен жұмыс жасауға бағытталған мұғалімдерден құралған топтар түсіндіріледі. Мысалы мектептегі проблемалар мен айқындалған мақсатты орындау үшін біріккен шығармашылық немесе жұмыс тобы.  Өз мектебім жағдайында бұл моделді мен әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастырумен қатар жас ұстаздармен жұмысты белсендіру мақсатында ұйымдастырып көрдім. Жас ұстаздарға тәлімгерлік етуші топ тәжірибелі мамандардан құрылып өз қатарларына «магнит» ретінді жас мамандарды тартуды мақсат етті.

Топ  мүшелері  жұмыс бағыты анықталғаннан кейін  өз міндеттері мен жұмыс мазмұнын айқындап алады.

Бұл жұмыс сатысында нені қаперде ұстау керек?

-       Жоспар нақты мақсатқа бағытталуы керек.

-       Міндеттер айқын алға қойған мақсатты орындау үшін құрылуы керек

-       Әр топ мүшесінің ойы ескерілуі маңызды( құлықсыз отырған немесе ойы ескерілмеген топ мүшесі алдағы уақытта да белсенді болмауы мүмкін).

-       Әр іс- әрекеттен күтілетін нәтиже айқын, өлшеулі болғаны жоспардың сапасы мен орындалу деңгейін арттырады

-        Орындалатын шараларға мерзім белгілеумен қатар жауаптыларды да тағайындау міндетті.

-       Топ мүшелерінің  аптасына бір рет кездесуі,  атқарылған жұмыстарға талдау жүргізуі жоспардың игерімділігін, топ мүшелері арасындағы өзара байланысты нығайтады.

-       Топ мүшелері  өздерінің «магнит»  ретіндегі негізгі  ролін үнемі назарда ұстауы керек, осы топқа жас ұстаздарды  тарту, сөйтіп уақыт өте  топтың мүшелерін көбейтуді көздеуі қажет.

 

«Желім» компоненті

Желім- өзгеріс енгізу  тобын  бірге сақтап, әріптестерді тарап кетуден сақтайтын факторлардан тұрады. («Мектептегі тәжірибе кезеңінде кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар» әдістемелік құралы, «Назарбаев  Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы-2017 жыл, 5-бет.) «Желім» ретінде қарастырылып отырған компонент құрылған топтар арасындағы  үздіксіз байланысты, жағымды психологиялық жұмыс ортасын қалыптастыруды мақсат тұтады. Бұл дегеніміз, «желім» жұмысы табысты болуы үшін барлық адамдар бірлесе жұмыс істейтін мәдениетті дамытуды көздейді деген сөз. «Желім»-нің тартылыс күшін ұйымдастыру мектеп басшылары мен көшбасшы ұстаздарға жүктеледі. Әдістемелік бірлестік жетекшісі немесе топ көшбасшыларына жүктелетін жауапкершілік  «магниттік» топтың қалыпты, тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету болса, ал мектеп басшылығы  топтар арасындағы тығыз байланыстың болуына мүдделі болуы шарт. «Желім»-нің өз қызметін атқаруы үшін  барлық жұмыс тобына ортақ ашық отырыстардағы пікір алмасу, тәжірибе алмасулар өткізу маңызды. Бұл отырыстар  нақты проблемаларға, тақырыптарға бағытталған коучинг, семинар, дөңгелек үстел  немесе басқа  формада ұйымдастырылуы мүмкін. Мектеп дәлізінде немесе ұстаздар бөлмесінде «Алғыс айту» тақтасын ілу - стикерлер арқылы әр ұстаздың өз ойын  айтуына, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнатуға көмектеседі деп ойлаймын. «Алғыс айту» тақтасы арқылы уақыт тапшылығын шешуге, ұстаздардың бір – біріне деген  кәсіби ілтипатын білдірумен қатар тәжірибе алмасу құралы ретінде пайдалануға болады деп есептеймін. Ал  мектеп басшылығы мен әдістемелік бірлестік жетекшілері, топ көшбасшылары ұжым мүшелерінің белсенділігін осы тақта арқылы бағалай алады.

Бұл жұмыс сатысында нені қаперде ұстау керек?

-       «Алғыс айту» тақтасынан ұстаздар белсенділігін бағамдау «жасырын» жүргізілгені  дұрыс. Оның нәтижесі бойынша ұстаздар соның ішінде жас мамандар өздерін жағымсыз сезінбеуі маңызды. Тақтадан алынған ақпарат тек басшылар үшін әр мүшенің белсенділігін анықтау арқылы сол ұстазға ғана  көмек беру үшін пайдаланылуы қажет.

-       Мектеп басшылығы, көшбасшы ұстаздар  уақыт ағымында топтар арасындағы проблемаларды немесе барлық топтарға ортақ проблемаларды анықтай алуы  және шешу формаларын жоспарлауы маңызды.

-       Атқарылған жұмыстардың нәтижесін уақтылы талдау, баға беру, мадақтау арқылы  қолдау көрсету «желім» нің негізгі міндеті болып табылады.

-       Мектеп басшылығы мен көшбасшы ұстаздардың сын айтудан  гөрі шешім жолдарына бағыттауы маңызды.

-       Жас ұстаздармен жұмыс формасы  бейресми, ресми кездесулер де болуы мүмкін.

-       «Желім» қызметі төмендегі сұрақтарға жауап іздеуден тұрады:  әріптестер бір – бірімен ықпалдаса  жұмыс жасай ала ма? ( бір – бірінің идеяларын толықтыра ма, жаңа идеяға тың көзқарас білдіре ала ма,  өздеріне жүктелген міндеттерге ынталы ма, көшбасшылық белгілері қандай?), екіншіден осы топтың жұмысында не нәрсе кедергі, даму мүмкіндіктері қандай (командалық рух қаншалықты берік, жұмыс нәтижелеріне қаншалықты сенімді, даму мүмкіндіктерін еселеу үшін қандай шешім қабылдаған тиімді?) үшіншіден   жұмыс топтары арасындағы топаралық байланысты қалай бағалауға болады?( топаралық байланысты  қалай ұйымдастырдыңыз?, қандай құрал арқылы бағалар едіңіз?)

«Қозғаушы күш» компоненті

Қозғаушы күш- жас ұстаздармен өткізілетін іс-шараларды жүзеге асыратын адамдарға қолдау көрсетіп, оларды ынталандырады, аралық түзетулер енгізеді, бейімдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктер мен тапсырмалар беру арқылы әріптестерді алға жылжытуға көмектеседі. Қозғаушы күш болмаса өзгеріс енгізу үдерісі өз бағытын жоғалтуы немесе  топ мүшелері дандайсып кетуі мүмкін.(«Мектептегі тәжірибе кезеңінде кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар» әдістемелік құралы, «Назарбаев  Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы-2017 жыл, 5-бет.) «Қозғаушы күш» ретінде қарастырылып отырған компонентке жұмыс ағымдағыжас мамандармен жұмыстың даму бағыттарын анықтау, жұмыс барысындағы қарама-қайшылық немесе кездескен кедергілер мен олардың себептерін анықтау міндеті артылады. Бұл жұмыс ауқымы үйлестіруші топқа жүктеліп  топ мүшелері анықталған кедергілер бойынша жеке кеңес беруден бастап әдістемелік шаралар, коучинг, семинар  және т.б жұмыс формаларын жоспарлап жүзеге асырады. Яғни, «қозғаушы күш» ретінде әрдайым  кедергілерді анықтап, сол кедергіні жою бағытында жұмыстанады, басқа топтарға қозғалыс күшін берумен шұғылданады. Жұмыс сапасын талдау алдағы уақытта не нәрсеге назар аудару керектігін, нәтижелер нені меңзеп тұрғанын аңғару, сабақта  әдіс – тәсілдердің тиімділік деңгейін анықтау бағытында жұмыстану диагностикалық мәліметтер бере алды. Мысалы жас маман сабақ беретін пән бойынша орта буын оқушыларының оқу мотивациясы төмендеуі себебінен  бастауыш сыныпта оқу озаты болып келген оқушылар үлгерімі төмендеді делік. Үйлестіруші топ диагностика, сауалнама, психологиялық тест  немесе тағы басқа  жұмыс формалары арқылы  кедергілер аймағын анықтап орта буын  сыныптарында сабақ беретін пән мұғалімдерімен әдістемелік көмек беру шараларын ұйымдастыруына болады. Бұл жұмыс жас мамандармен жеке кеңес беру немесе пән мұғалімдерінің тобымен де жүргізілуі мүмкін. Немесе жұмыс барысында  «магнит» ролін атқарушы топ мүшелері  белгілі бір проблема бойынша  жұмыстануда кедергілерге тап болды делік. Үйлестіруші топ сол проблеманы бірге зерделей отырып  бірлесе шешуге атсалысады.

Бұл жұмыс сатысында нені қаперде ұстау керек?

-       Үйлестіруші топ мүшелері тәжірибелі, алдыңғы қатарлы, көшбасшы ұстаздар, тренер, жаңашыл ұстаздардан құралғаны  жүргізілетін жұмыстың сапалы өз деңгейінде  орындалуына кепіл болады;

-        Оқу- тәрбие үдерісінде үлкен немесе кіші проблемалар болмайды, барлығы да маңызды деп қабылданып терең зерделенуі қажет;

-       Проблемалар уақтылы шешілмесе оның шешімі күрделене түсетіндігін естен шығармаған жөн;

-       Ұйымдастырылатын әдістемелік шара  шешуге қажетті проблема бағытындағы күтілетін нәтижеге бағытталуы маңызды;

-       Талдау қаншалықты сапалы жүргізілсе соншалықты проблема да айқын болады;

-       Қабылданған шешімдердің мерзімі мен жауаптыларды белгілеуді топ мүшелері әдетке айналдыруы керек;

Жас ұстаздармен жұмыстың мән –мағнасында осы моделдің бағытын қолдану басшы ретінде тәлімгерлік жұмысты нәтижелі ұйымдастыруға көмектесті деп ойлаймын. Ұжым арасында бейімделуі, тәжірибелі әріптестерімен тәжірибе алмасуына, өз қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік алды деп қорытындылаймын.

 

Пікірлер 

 
0 #18 Ташмаханова Алемгуль 2019-04-30 13:50 Жас ұстаздармен жұмыстың мән –мағнасында осы моделдің бағытын қолдану басшы ретінде тәлімгерлік жұмысты нәтижелі ұйымдастыруға көмектеседі деген ойдамын. Себебі әкімшіліктің бағыт - бағдарымен тәжірбиелі маманқалыптасад ы. Дәйексөз жазу
 
 
0 #17 Ляззат Жалмаханова 2019-04-12 16:58 Қазіргі уақытта жас ұстаздар арасында тәжірбие алмасумен қатар,кәсіби өсуге қолдау көрсету үшін,сабақ сапасын арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар өте қажет.Алдағы уақытта сіздің жұмысыңыз жас маманның көшбасшы ретінде қалыптасуына,тә жірибелі маман болып білімін шыңдауға үлесін тигізеді деп сенімдемін.Шығармашылық табыс тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #16 Mария Мырзахановна 2019-04-10 19:11 Жас педагогтардың кәсіби шыңдалуы әр кездеде маңызды орында тұрады. Әрдайым ізденісте жүретін, кәсіби шыңдалған ұстаз әркез сұранысқа ие болады. Технологияның дамыған заманында тек курска барып немесе тәлімгер мен мектеп басшылығының көрсеткен жолыменжүру аздық етеді. Сондықтан жас мамандар өз бетінше ізденісте болып өз кәсіби шеберлігін әркез шыңдай беру керек деп ойлаймын. Дәйексөз жазу
 
 
0 #15 Ақжарқын Болатқызы 2019-03-27 23:12 Тутебаева Анаргуль Абилгазиевна сіз ұсынып отырған "Магнит-Желім-Қозғаушы күш"модельінің жас ұстаздармен жұмыстану рөлі өзекті тақырып.Жас мамандарға бағыт беріп,еңбек жолында шығармашылыққа бағыттайды.Жас мамандарға қалыпты жағдайда тәлімгерлік жолдың формалды түрлері ғана емес, жаңа технологияларме н, практикалық жұмыстармен, зияткерлік мектептердегі білікті ұстаздардың қолданатын іс-тәжірибелерімен танысу қажет деп ойлаймын.Сіз ұсынып отырған мақалаңыз,өз өзектілігін жоғалтпайды.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #14 Ақжарқын Болатқызы 2019-03-27 23:11 Тутебаева Анаргуль Абилгазиевна сіз ұсынып отырған "Магнит-Желім-Қозғаушы күш"модельінің жас ұстаздармен жұмыстану рөлі өзекті тақырып.Жас мамандарға бағыт беріп,еңбек жолында шығармашылыққа бағыттайды.Жас мамандарға қалыпты жағдайда тәлімгерлік жолдың формалды түрлері ғана емес, жаңа технологияларме н, практикалық жұмыстармен, зияткерлік мектептердегі білікті ұстаздардың қолданатын іс-тәжірибелерімен танысу қажет деп ойлаймын.Сіз ұсынып отырған мақалаңыз,өз өзектілігін жоғалтпайды.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #13 Жолмағамбетова Г 2019-03-27 22:55 Мақалаңыз қызықты әрі мәнді екен. Жаңартылған бағдарламаның озық жақтарын терең меңгергеніңіз байқалады. Өз тәжірибеңізбен бөліскеніңіз үшін рахмет Сәттілік тілеймін Дәйексөз жазу
 
 
0 #12 Бибигуль 2019-03-26 18:55 Тутебаева Анаргуль сіз ұсынып отырған мақалаңыз өтк құнды.Тамаша идеяңызбен бөлісіп отырсыз. Рахмет ЖҰМЫСЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН Дәйексөз жазу
 
 
0 #11 Сакенова Нургул 2019-03-26 16:56 Анаргуль Абилгазиевна Сіз ұсынып отырған "Магнит-Желім-Қозғаушы күш" компоненттері қазіргі заман талабына сай. Мақсатқа жетудің жолын жас мамандарға нақтылап көрсеткен екенсіз. Рахмет сізге! Дәйексөз жазу
 
 
0 #10 Айкерим Кайыпова 2019-03-26 12:58 Сіз ұсынып отырған компанентіңіз өте тиімді деп санаймын. Жас мұғалімнің кәсіби біліктілігін жетілдіруде "Магнит-Желім-Қозғаушы күш" идеясының маңызы ерекше болмақ Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Омарбаева Аяулым 2019-03-26 06:42 Қажеттіліктер мен өзектілігі жөнінде маңызды тақырыпты ашыпсыз. Мақалаңыз құнды мәліметтерге толы. Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Абилхамиева Анар 2019-03-26 06:40 Магнит-Желім-Қозғаушы күш керемет идея екен. Рет-ретімен, бағытымен, нәтижесімен құнды екен Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Гүлдариға Мамутова 2019-03-24 20:23 Жас педагогтің кәсіби өсуіне және шығармашылық дамуына жағдай жасаудағы «Магнит – Желім -Қозғаушы күш» моделі маған ұнады. Тамаша идеяңызбен, тәжірибеңізбен бөліскеніңіз үшін рахмет! Еңбегіңіз жемісті болсын! Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Гүлдариға Мамутова 2019-03-24 20:23 Жас педагогтің кәсіби өсуіне және шығармашылық дамуына жағдай жасаудағы «Магнит – Желім -Қозғаушы күш» моделі маған ұнады. Тамаша идеяңызбен, тәжірибеңізбен бөліскеніңіз үшін рахмет! Еңбегіңіз жемісті болсын! Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Карасаева Алия 2019-03-24 14:22 Жас мамандармен жүргізілетін жұмысы тәлімгерлік көмегін талап етеді. Әріптесім Анаргуль Тутебаеваның жұмыс тәжірибесінде мен өзімнің тәлімгерлік жұмысымның ұқсастығын таптым. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Кошакова Лаура 2019-03-23 10:11 Мақалаңыз дәлелмен, дәйекпен жазылған екен. Бағыттаушы құрал десекте болады. Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Жолдасова Ажар 2019-03-23 09:09 Мақалаңыз өте жақсы. Өз тәжірибеңізбен бөліскеніңізге Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Гулдана 2019-03-20 15:15 Қайырлы күн!
Анаргуль Абилгазиевна Сіздің мақалаңызды көріп, оқып отырғаныма өте қуаныштымын!
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың аталған формасы жас ұстаздармен жұмысты ұйымдастыруда қандай қажеттіліктен туындағанын, қазіргі таңдағы өзектілігін өте жақсы атап өттіңіз.
Білім алу - батылдық,білімд і көбейту-даналық,ал білімді шебер қолдану-ұлы өнер.Алған біліміңізбен үнемі бөлісіп, тәжірибеге енгізуде белсенділік танытып жүретін көшбасшы жансыз! Сізге шығармашылық табыстар тілейміз!
Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Акулова Аяулым 2019-03-19 08:00 Тутебаева Анаргуль Абилгазиевна Сіз ұсынып отырған "Магнит-Желім-Қозғаушы күш" компоненттері қазіргі заман талабына сай. Мақсатқа жетудің жолын жас мамандарға нақтылап көрсеткен екенсіз. Менде өз мектебіме мектеп әкімшілігіне осы сіздің компонентіңізді ұсындым. Рахмет сізге! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.