Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
МЕКТЕПТЕГІ ЖАС МАМАНДАРҒА - ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Муканова Гульфайрус Айткалиевна

Батыс Қазақстан облысы  Бөрлі ауданы

КММ «Пугачев мектеп-балабақша кешені»

Қазақстан мектептерінің тәжірибесінде "тәлімгерлік" ұғымы жас мамандармен жұмыс аспектісінде қолданылып келеді. Тәлімгерлікті мектепте тәжірибелі мамандар атқарады. Үдерістің мақсаты - жас маманның мұғалімдік қызметке бейімделуіне көмектесу, мектеп құжаттамаларын дұрыс жүргізуді үйрету, сабақ беру әдістемесін меңгертуді көздейді және нақты 3 жыл көлемінде жүргізіледі. Тәлімгерліктің жоспарын тәлімгерлер өздері құрады, жас маман білуі тиіс деген нәрселерді үйрету жоспарланады және барлық атқарылған шаралар хаттамаланып отырады.

Негізінен, тәлімгерлік үдерісінде жас ұстаздардың не үйреніп жатқанына емес, тәлімгерлердің жас мамандармен қандай жұмыс жүргізіп жатқанына мән беріледі және тәлімгерлердің жұмысы бағаланады. Сондықтан тәлімгерлер жоспарында көрсетілген жұмыстарды қағаз жүзінде тиянақты рәсімдеп қойса да, шынайы үдеріс ақсап жатады. Тәжірибемізде қалыптасып қалғандай, жас маман үш жыл ішінде тәжірибе жинақтайды деп есептеліп, үш жылдан кейін оған жеке көңіл бөлу тоқтатылады да, жас маман ретінде тізімге алынбайды. Ал жас маман қаншалықты жетілді, оның әлі де болса қиналатын сұрақтары бар ма, бұл сұрақтарға тәлімгерлер енді қайтып оралмайды. Алдағы уақытта жас маман өзінің дамуына өзі жауапты болып саналады. Тәлімгерлік үдерісіне деген осындай атүсті көзқарастың салдарынан біздің мектептерде жылдар бойы өзінің тиімділігін қалыптастыра алмай келе жатқан мұғалімдер қаншама?!

Негізінде, біз мектепте тәлімгерліктің бір ғана бағытын қамтимыз, ол – жас маманмен жұмыс. [1]

Екінші бағыты да бар, ол – педагогикалық тәжірибесі бар мұғалімге пәндік тәлімгерлік ету. Бұл бағыт біздің мектептерде сирек қамтылады, тіпті қамтылмайды десек те болады. Егер біз тәжірибелі ұстаздарымызды тәлімгерліктің осы екі бағытын да жүргізуге үйрете алсақ, мектепке келіп мұғалімдік қызметін енді бастаған жас ұстаздарымыздың маман ретінде қалыптасуына жағдай жасай аламыз; жылдар бойы өзінің оқыту тәжірибесіндегі қиындықтарын шеше алмай келе жатқан "әлсіз" мұғалімдерге теориялық материалды өзі түсініп, оны оқушыларға жеткізудің оңтайлы тәсілдерін қарастыруға көмектесе аламыз және мұндай мұғалімдердің ұжымнан оқшаулану проблемаларын да реттейтін боламыз.

Өзім мектептегі сертификатталған мұғалімдердің тәлімгері болғандықтан, мектеп тәжірибесін жетілдірудің тиімді көзі - кәсіби қоғамдастық құрып, коучинг және тәлімгерлік үдерісін енгізуді қолға алдым. Әріптестерді оқытуда саралау тәсілін қолдандым. Коуч және ментор ретінде таңдалған әріптестеріме бөлек, орынбасарларым үшін бөлек коучингтер ұйымдастырдым, өйткені деңгейлік курс өткен мұғалімдер мен курс өтпеген орынбасарларымды бір топта оқыту тиімсіз болатынын білемін. Коучинг сабақтарда үйренушілердің тәлімгерліктің негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға жаттықтырдым. Мұғалімдер тәлімгерлік қатынастың негізгі түйінді қасиеттері: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болудың модельдерін үйренді. Ең бастысы мұғалімдер тәлімгерліктің түзету қағидатына емес, дамыту қағидатына негізделгенін (Oxley, 2003) түсінуі қажет. Ол үшін коучтер мен тәлімгерлер жеке әріптесінің менторы ретінде олардың оқуына қолдау көрсетуде «қате», «қателестіңіз», «дұрыс емес» деп «қою қара нүкте» қоюдан аулақ болып, олардың мықты жақтарын атап айтып, неліктен солай жасағанын немесе солай ойлайтынын сұрап, бұл ойының керемет екеніне таңқалып, рахаттанып әңгімелесуі тиіс. Соның нәтижесінде мұғалімдер тиімді ментордың сенімді қарым-қатынас құру моделін көреді, мұндай қолайлы қарым-қатынас өзіне сенімділігін нығайтуға, бұрынғыдан да гөрі шабыттандырып, белсенділігін арттыра бастағанына көз жеткізеді.[2]

Жеке тәжірибемде әріптестерге қолдау көрсетуді сабағын бақылаудан бастаған тиімді болатынына көз жеткіздім. Себебі көп мұғалімдер, оның ішінде жас мамандар да, "қандай қиындықтарыңыз бар?" деген сұраққа ашылып жауап бере алмайды. Мен көбіне оларға: "жоспарлауда не қиын?", "Сабақ үстінде ең қиынға соғатыны не?", "Сабағыңызда көбіне неге көңіліңіз толмайды?" деген сұрақтар қоямын. Әріптесімнің айтқан ойларын өзіме жазып алған соң, сабағына қатысамын. "Бүгін сабағыңызда менің неге көңіл аударғанымды қалайсыз? Нені бақылайын?" деп міндетті түрде сұраймын. Кейде әріптестерім өзінің жақсы істей алатын нәрселерін айтса, кейбіреулері керісінше, өзінің қолынан онша келмей жатқан тұстарын ашып айтып, бақылау жүргізуімді өтінеді. Сабақты бақылау үшін "Назарбаев зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы" құрастырған "Сабақты бақылау формасы" парағын пайдаланымын, ол оқудың төмендегі аспектілеріне көңіл бөлуіме тиімді:

-сабақтың мақсаты нақты ма?

-тапсырмалар мақсатқа бағытталған ба?

-барлық бала үдеріске тартыла ма?

-пайдаланылған сұрақтар оқушылардың сыни ойлануына ықпал ете ме?

-оқушылардың өз қатесінен үйренуіне мүмкіндік беріле ме?

-бағалау сабақтың өн бойында жүргізіле ме?

-оқушылар көбірек сөйлеп, көбірек әрекеттене ме?

-АКТ мүмкіндіктері пайдаланыла ма?

-сабақ ақпаратты ма?

Әріптеске сабағы бойынша сындарлы кері байланыс ұсыну үшін осы аспектілердегі оқу әрекеттерін тиянақты бақылау керек. Тәлімгерліктің қағидатына сай, кемшіліктерге емес, мықты тұстарына көбірек мән беріледі. Көзге көрініп тұрған кемшіліктері болса, "сол жұмыстың орындалу мақсаты не болды, не қиын болды, не жеткіліксіз болды, басқаша қалай істеуге болатын еді?" деген сұрақтармен ойландырып, өз қиындықтарын көруге ықпал етеміз. Ал егер ол сыни ойланып, өз әрекеттерін бағалай алмаса, нақты ұсыныстар жасаған дұрыс болады. "Сіздің былай жасағаныңыз тиімсіз, басқаша жасау қажет" деген кері байланысты әріптесіміздің қабылдамауы мүмкін.

Жеке тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген мұғалімдер өз сабағына талдау жасауда қиналады, олар өз сабағын толығымен сипаттап берумен шектеледі. Оқушылардың жұмыстарын, сабақ үстіндегі өзі жүргізген жазбаларын (егер жүргізсе), оқушылар рефлексиясын талдамастан, "мақсатыма жеттім" деп тұжырымдайды. Сондықтан, осындай үстірт, рефлексиясы әлсіз талдауларды жақсарту үшін, сабақ өткізген мұғалімге өз сабағы жайлы ақпараттарын талдап, сыни бағалап алуға мүмкіндік беру керек. Джон Ковен (1998) «Рефлексия жасау дағдысы жай ғана "рефлексия жаса!" дегенде емес, бірнеше сұрақтар қатары ұсынылып, соған жауап беру арқылы тиімдірек дамиды" деп атап көрсеткен . Бұл мұғалімге өз сабағы бойынша тереңірек ойланып, нақты қорытынды жасауына көмектеседі.

Бүгінгі тәжірибеде ұстаздардың рефлексивтік жазбалар жүргізуге дағдылану мәселесі маңызды болып отыр, өйткені мұғалімдер өз тәжірибесінен үйренуі тиіс. Көптеген әріптестерімізден "Рефлексивті күнделік жазу біз үшін артық жұмыс, уақытымыз жетпейді, онсыз да жазуларымыз көп" деген пікірлерін естіп жүрміз. Бірақ, біз ойымызға келген дүниелерді түртіп жазып жүрудің алдағы уақытта пайдасы тиетінін түсінуіміз керек. Кейде сабақ жүргізіп жатып, жоспарға аяқасты өзгерістер енгізіп жібереміз. Неліктен өзгерттім, не дұрыс болмай қалды, нені басқаша жасау керек екені ойда тұрғанда түртіп алмасақ, ұмытып қаламыз, келесі сабақты жоспарлағанда осы кемшіліктерді қайталауымыз мүмкін немесе керемет идеяларымыз іске асырлымай қалады. Өз басым әрдайым жоспарыма ескертпелерімді, жаңа иеяларымды стикерлерге жазып жапсыра беретін болдым, бұл уақытты алмайды, өте ыңғайлы, рефлексия жазғанда сол жазбаларымды міндетті түрде ескеремін. Әріптестеріме де осы тәсілді ұсынып жүрмін.[3]

Мектеп тренері  ретінде ұстаздардың әлеуетін ашу, кәсіби дамуына қолдау көрсету үшін әріптестерді оқыту шараларын іске асыра жүріп, өзіміз сол салада мықты білім мен дағдыларды игеруіміз қажет екенін түсіндім. Мұғалімдердің тәжірибесін жақсарту үшін оларды рефлексивтік жазбалар жасауға дағдыландыру қажет.

Пайдаланылған  тізімі:

 

1. Л. Ламберт 2003 «Қайта анықталған көшбасшылық: Педагогикалық көшбасшылыққа арналған шарттар», А.Либерман және Л.Миллер 2005 «Мұғалімдер жетекшілер ретінде» Білім форумы, 69-том, 151-159-беттер

2. Ф.Тернер, А.Уильямс, Б.Рахымжанова, Д.Ілиясова "Қазақстан Республикасындағы педагогтердің деңгейлі бағдарламасындағы коучинг пен менторинг". ("Педагогикалық диалог" журналы, № 4 2013ж. 32-39-беттер)

3. А.А.Бизяева "Мұғалімнің рефлексивті ойлауы - оның кәсібилігін дамытудың шарты" мақаласы, "Педагогикалық диалог" журналы, 2013ж. № 4, 132-139-беттер.

 

Пікірлер 

 
0 #27 Лаура 2021-02-25 16:36 Жас маман нақты 3 жыл екендігі қай заңнамада айтылған нақты ақпарат бере аласыз ба? Дәйексөз жазу
 
 
0 #26 Лаура 2021-02-25 16:36 Жас маман нақты 3 жыл екендігі қай заңнамада айтылған нақты ақпарат бере аласыз ба? Дәйексөз жазу
 
 
0 #25 Ақжарқын Болатқызы 2019-03-30 19:50 Сіз ұсынған мақаладан өз тәжірибеңізден кездескен тұстарыңызды жазғансыз.Сабақты талдау жолдары ұнады.Әдістемелік көмек болды.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #24 Ақжарқын Болатқызы 2019-03-30 19:49 Сіз ұсынған мақаладан өз тәжірибеңізден кездескен тұстарыңызды жазғансыз.Сабақты талдау жолдары ұнады.Әдістемелік көмек болды.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #23 Райхан Тулеуова 2019-03-27 00:34 Тәлімгер мен жас мамандар арасындағы атқарылатын жұмыстарды жақсы қозғадыңыз. Жас педагогтың кәсіби дамуына қолдау көрсетуіңіз орынды. Еңбегіңіз өрістей берсін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #22 Райхан Тулеуова 2019-03-27 00:32 Тәлімгер мен жас мамандар арасындағы атқарылатын жұмыстарды жақсы қозғадыңыз. Жас педагогтың кәсіби дамуына қолдау көрсетуіңіз орынды. Еңбегіңіз өрістей берсін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #21 Гүлдариға Мамутова 2019-03-24 21:30 Жас маманның ортаға бейімделіп, кәсіби тұрғыда жетілуіне мектеп ұжымы жауапты. Осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарыңыз ұнады. Нақты дәлелмен мысал келтірсеңіз, өте жақсы болар еді. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #20 Жолдасова Ажар 2019-03-20 15:29 Түртіп алу әдісінің тек білім саласында ғана емес, өмірде де керек екені жөнінде жақсы жазыпсыз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #19 Бижанова Гулбакит 2019-03-19 11:57 ТӘЛІМГЕР МЕН Жас маман арасындағы жұмыстардың бағытын,арақаты насын нақты жазғансыз.Мен биыл бірінші рет жас маманға тәлімгер болгалы отырмын.Сізге рахмет!Көп мәлімет алдым деп есептеймін Дәйексөз жазу
 
 
0 #18 Акулова Аяулым 2019-03-19 10:16 Қазіргі таңдағы көптеген мектептерде кездесетін мәселелерді қозғаған екенсіз. Тәлімгер мен тәлім алушының өте тығыз байланысының арқасында жас маманның даму, талпыну деңгейінің жоғарғы деңгейге көтерілуінің бір қозғаушы күші тәлімгер екені даусыз. Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #17 Акулова Аяулым 2019-03-19 10:15 Қазіргі таңдағы көптеген мектептерде кездесетін мәселелерді қозғаған екенсіз. Тәлімгер мен тәлім алушының өте тығыз байланысының арқасында жас маманның даму, талпыну деңгейінің жоғарғы деңгейге көтерілуінің бір қозғаушы күші тәлімгер екені даусыз. Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #16 Акулова Аяулым 2019-03-19 10:14 Қазіргі таңдағы көптеген мектептерде кездесетін мәселелерді қозғаған екенсіз. Тәлімгер мен тәлім алушының өте тығыз байланысының арқасында жас маманның даму, талпыну деңгейінің жоғарғы деңгейге көтерілуінің бір қозғаушы күші тәлімгер екені даусыз. Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #15 Акулова Аяулым 2019-03-19 10:14 Қазіргі таңдағы көптеген мектептерде кездесетін мәселелерді қозғаған екенсіз. Тәлімгер мен тәлім алушының өте тығыз байланысының арқасында жас маманның даму, талпыну деңгейінің жоғарғы деңгейге көтерілуінің бір қозғаушы күші тәлімгер екені даусыз. Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #14 Акулова Аяулым 2019-03-19 10:13 Қазіргі таңдағы көптеген мектептерде кездесетін мәселелерді қозғаған екенсіз. Тәлімгер мен тәлім алушының өте тығыз байланысының арқасында жас маманның даму, талпыну деңгейінің жоғарғы деңгейге көтерілуінің бір қозғаушы күші тәлімгер екені даусыз. Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #13 Акулова Аяулым 2019-03-19 10:13 Қазіргі таңдағы көптеген мектептерде кездесетін мәселелерді қозғаған екенсіз. Тәлімгер мен тәлім алушының өте тығыз байланысының арқасында жас маманның даму, талпыну деңгейінің жоғарғы деңгейге көтерілуінің бір қозғаушы күші тәлімгер екені даусыз. Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #12 Акулова Аяулым 2019-03-19 10:13 Қазіргі таңдағы көптеген мектептерде кездесетін мәселелерді қозғаған екенсіз. Тәлімгер мен тәлім алушының өте тығыз байланысының арқасында жас маманның даму, талпыну деңгейінің жоғарғы деңгейге көтерілуінің бір қозғаушы күші тәлімгер екені даусыз. Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #11 Габбасова Багдагул Б 2019-03-18 17:02 Гульфайрус Айткалиевна, сіздің көзқарасыңыз жас мамандар үшін маңызды деп есептеймін. Себебі тәлімгер мен жас мамандардың арасындағы қарым-қатынасты педагогикалық және психологиялық жағынан жақсы қарастырғансыз. Сізге шығармашылық шабыт тілеймін… Дәйексөз жазу
 
 
0 #10 Гульзамир 2019-03-17 16:12 Жаңартылған бағдарлама бойынша Гульфайрус Айткалиевна жас мамамандарға дәріс берді. Әдіс-тәсілдерді,баға лау,топтық жұмыстарды үйретті.Гульфайрус Айткалиевна өте керемет ұстаз. Жас мамамандарға үлгілі ұстаздің бірі.Сізге
шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілеймін.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Мурзабаева Гульзамир 2019-03-17 16:10 Жаңартылған бағдарлама бойынша Гульфайрус Айткалиевна жас мамамандарға дәріс берді. Әдіс-тәсілдерді,баға лау,топтық жұмыстарды үйретті.Гульфайрус Айткалиевна өте керемет ұстаз. Жас мамамандарға үлгілі ұстаздің бірі.Сізге
шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілеймін.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Мурзабаева Гульзамир 2019-03-17 16:10 Жаңартылған бағдарлама бойынша Гульфайрус Айткалиевна жас мамамандарға дәріс берді. Әдіс-тәсілдерді,баға лау,топтық жұмыстарды үйретті.Гульфайрус Айткалиевна өте керемет ұстаз. Жас мамамандарға үлгілі ұстаздің бірі.Сізге
шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілеймін.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Мурзабаева Гульзамир 2019-03-17 16:10 Жаңартылған бағдарлама бойынша Гульфайрус Айткалиевна жас мамамандарға дәріс берді. Әдіс-тәсілдерді,баға лау,топтық жұмыстарды үйретті.Гульфайрус Айткалиевна өте керемет ұстаз. Жас мамамандарға үлгілі ұстаздің бірі.Сізге
шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілеймін.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Мирамгуль Айгалиевна 2019-03-17 12:20 Гульфайруз Айткалиевна, өте керемет ұстаз.Əріптесіміз мақаласында құнды пікірлерді сөз еткен. Рахмет. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.