Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
ЖАС ПЕДАГОГ-БОЛАШАҚ БАҒЫТТАУШЫСЫ

Гулсара Жолмагамбетова Калыбаевна

№39 гимназияның тарих пәні мұғалімі

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті

Әрбір ұстаздың ұлағатты қызметі тек шәкірттерінің білім саласындағы жетістіктерімен ғана емес, жас әріптестерінің кәсіби мамандануына, шеберлігінің шыңдалуына қосқан үлесімен бағаланса керек. Болашақтың білімді оқушысын қалыптастыру  кез-келген үлгілі ұстаздың қолынан келеді, бірақ, дайын жас маманды-білікті ұстаз деңгейіне көтеру тек ұлағат иесі ғана атқара алатын үлкен жүк. Сондықтан, жастары жалындап тұрған білім ордасының тәлімгер ұстаздарының  жауапкершілігі  жоғары болмақ.   Әлбетте, бұл ретте жас маманның да өз ісінің шебері болуға ұмтылысы негізгі рөлді атқарады. Ол үшін кәсіби құзыреттіліктің маңызы орасан.

Тақырыпқа тікелей қалам тербемес бұрын «құзыреттілік» терминіне талдау жасап көрелік.   ХХ-шы  ғасырдың ортасында американдық ғалым Н.Хомский енгізген «құзыреттілік» термині алғашқыда ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіліктер деген түсінік  берсе,  уақыт өте келе ауқымы кең, күрделі ұғымды білдіруде. Жалпы  «жан-жақты хабардар, білгір» деген мағынада қолданылуда. «Құзырет» (латын сөзі-сәйкесті, қабілеті)-орындалатын жұмыстың мәні, қойылған мақсатқа жетудің тәсілдер мен құралдарын терең және түп-түбіріне дейін білу, сонымен қатар сол жұмысқа сәйкес келетін іскерліктер мен дағдылардың болуы. «Құзырет»-өзінің бойындағы белгілі бір білімі мен дағдысы арқылы шешім қабылдауға қатысуға немесе өз бетімен мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін лауазым иесінің жеке мүмкіншіліктері, оның біліктілігі (білім мен тәжірибесі).

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі-нәтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса оның құзыреттілік дәрежесі де жоғары болмақ.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екенін анықтай келе 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттілікті игеруі міндетті деп көрсетілген.

1. Арнайы немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік-жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдана білуімен сипатталады.

2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік-кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен сипатталады.

3. Жеке кәсіби құзыреттілік-өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін,  кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады.

4. Дара (индивидуальды) кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін , кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сипатталады.

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін –өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар ұстазынан тек білімге ғана емес, өмірге де бейімделу қабілеттілігін дарытуды қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы- бұл қазіргі заманның талабы.

Енді мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің шарттарына келетін болсақ былай тізімделеді:

1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс

2. Қызметтің экономикалық,  әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.

3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.

4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті.

5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.

6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.

Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту –оқытудың ең басты мақсаты.

Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік-экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынадай фактілерге байланысты:

-оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану;

/Оқушыларды пәніне қызықтыра білу, талдай отырып меңгеруге үйрету/

-топтық жұмыс дағдыларын дамыту;

/Бір-біріне бауырмалдығын арттыру, топтық жұмыс барысында оқушы түсінбегенін бір-бірінен сұрап, білімін толықтырады/.

-әрекеттерге үйрету;

/Оқушыны жеке тұлға деп қарап, сенім білдіру. Сенім білдірілген шәкірт ол жүкті абыроймен көтеруге тырысады. /

-нақты ситуацияларды талдау.

Мұғалімге өз ісінің маманы болуымен қатар оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу сияқты ерекше қасиеттер жинақталуы  керек. Кез-келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан башылыққа ала отыруы шарт.

Жаһандану дәуірінде жарқын болашаққа ұмтылу үшін Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев халқына жолдаған жолдауларының қай-қайсысында болмасын білім саласына ерекше назар аударып жүр.  Мәселен   2018 жылдың 5 қазанындағы  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы кезекті Жолдауында «Білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ» деген Елбасымыз «Тұрмыс сапасын арттыру» бөлімінің 1-5 бөліктерін білім жүйесіне арнаған. Мұнда «орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген,  қазіргі кезеңде солардың орындалуына  баса назар аударған жөн» дей келе:  «Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуі тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді» деп нақтылаған.  [1]  Ары қарай Елбасы мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға негіз болатын «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, биылғы жылы қабылдауды ұсынған болатын. Бұл өз кезегінде биліктің  педагог қауымның еркін жұмыс жасауына, заман талабының деңгейінде қызмет етуіне жағдайдың жасалғандығы деп түсінуіміз керек. Бұған біздің жауабымыз қандай болмақ? Ұстаздың бағыты түзелмесе баланың білімге құштарлығы артпайды.  Ал бүгінгі күннің ұстазы алдына қандай мақсат, бағыт қойып отыр?

Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалмай уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктері сөзсіз. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіруді талап етеді. Оқушының оқылатын пәнге көзқарасы мұғалімге байланысты. Қызығушылықты арттыра білсе шәкіртінің ризашылығына бөленеді, бұл еңбектің ақталғандығы деген сөз . Бүгінгі жас маманның алдындағы негізгі міндет- өз ісінің шебері болуы. Өйткені,  білімді ұстаздың біліктілігі де артып, алмайтын қамалы болмайды.

Менің ойымша,  жас педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттырудың тиімді формаларының бірі-жаңашылдыққа бейімдеу,  жас маманның шәкірттерін қызықтыра алар қабілетінің болуы. Өйткені, оқушының айналасы көңілін бұрып әкетер ақпараттық құралдарға толы, соларға мойын бұрғызбай пәнге деген қызығушылығын ояту ұстаздың шеберлігі.  Екіншісі-тынбай еңбек етуге баулу.  Бұл ретте орыстың педагог демократы

К.Д. Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін бір сәтте естен шығармауымыз керек. Білімді ұстаз қашанда оқушыға үлгі.  Үшіншісі-  «Тәуекел түбі жел қайық, өтерсің де кетерсің,  Уайым түбі тұңғиық, батасың да кетесің» дегендей-тәуекелшіл болуға үйрету. Өз кәсібін сүйген  маман  ештеңеден қорықпай алға сеніммен нық басу керек. Жасай алмаймын деп жасымай, қашанда жасауға тырысу керек.  Ұлы ақынымыз Абай атамыздың «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деген өлең жолдарын есте мәңгі сақтауымыз керек. Төртіншісі-жас маман білім ордасының бет-пердесі, сондықтан оның білімді-білікті болуы тәжірибелі ұстаздарының қамқорлығына байланысты. Осы орайда өз гимназиямда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, іс-тәжірибелерін тарату, ынтымақтастық орнату арқылы білім сапасының оң нәтижелерге жетуіне ықпал ету мақсатында «Зерде» кәсіби қоғамдастығы жұмыс істейтіндігін тілге тиек еткім кеп отыр. Бұл қоғамдастық мұғалімдердің сабақты өту барысында неге көңіл бөлу керек, жас ерекшеліктеріне байланысты қандай тәсілдерді пайдалану тиімді, мақсат қоюдан бастап рефлексияға дейінгі процесстерге талдау жасап, білім сапасының артуына ықпал етеді. Әр білім ордасында осындай ұйым, қоғамдастық жүйелі жұмыс жасаса болашақтың бағыттаушысы-жас педагог болары сөзсіз.

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен  өзін-өзі  дамытуы өмірінің әр кезеңінде әрқалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтар А.Дистервег, К.Ушинский, А.Макаренко, В.Сухомлинский т.б. мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан-дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері  дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік-кәсіби әрекеттіжоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген  А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған:

1. Обьективті критерийлер: мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықен шеше алу біліктері.

2. Субьективті критерийлер адамның мамандығы оның табиғатына байланысты. Оның еңбегіндегі бұл критерийлерге кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, құндылығын түсіну, маман ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуы;

3. Нәтижелі критерийлер: оқыту нәтижесінде баланың психологиялық функциясының жетіліп, алған білімдерін өмірлік мәселелерді шешу барысында қолдана білуі;

4. Шығармашылық критерийлер: мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. [5]

Әлемнің өзгерісіне ілесу, заманның талабына жауап беру, оқушының рухани қажеттіліктерін өтей алу, жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу -бүгінгі ұстаз алдындағы негізгі міндет.  Кәсібін сүйе білген маман ғана талап пен мүддені ұштастыра отырып, елінің ертеңін жарық ете алады, яғни жасампаз буынды тәрбиелей алады, ал бұл ретте оның кәсіби құзыреттілігі маңызды рөлді атқармақ.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік ревоюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы (2018 жыл 10 қаңтар) тұжырымымен мақаламды қорытындыламақпын, яғни, «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс».[6].

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  жолдауы 2018 жылғы 5 қазан «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

2. К.С.Құдайбергенова  «Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары»  Алматы  2007 жыл

3. М.И.Саткин «Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет»  2008 жыл

4. К.Д. Богаева «педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлілік» 2009 жыл

5. А.К. Маркова «Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі» 2009жыл

6. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  жолдауы 2018 жылғы

10 қаңтар «Төртінші өнеркәсіптік ревоюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

 

Пікірлер 

 
0 #14 Ақжарқын Болатқызы 2019-03-28 23:29 Мұғалімнің кәсіби деңгейінің көтерілуіне көмегі тигізетін критерийлер ұнады.Көптеген шет ел ғұламаларының ой пікірлері,Абай атамыз ізін қалдырып кеткен ғылым жолы жас мамандарға арқау болары сөзсіз!Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #13 Ақжарқын Болатқызы 2019-03-28 23:29 Мұғалімнің кәсіби деңгейінің көтерілуіне көмегі тигізетін критерийлер ұнады.Көптеген шет ел ғұламаларының ой пікірлері,Абай атамыз ізін қалдырып кеткен ғылым жолы жас мамандарға арқау болары сөзсіз!Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #12 Кошакова Лаура 2019-03-26 06:51 Жас педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттырудың тиімді формаларының бірі-жаңашылдыққа бейімдеу жөнінде жақсы мәлімет беріпсіз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #11 Абилхамиева Анар 2019-03-25 21:41 Жас маманды бағыттау тек тәлімгердің ғана емес, барлық тәжірибелі ұстаздардың да міндеті екенін көрсеткендейсіз . Өте құнды мәліметтер… Дәйексөз жазу
 
 
0 #10 Омарбаева Аяулым 2019-03-25 21:36 Мақалаңыз шынайы өз мектебіңіздің тәжірибесі болғандықтан, жас мамандардың нәтижеге деген сенімін шоғырландырады. Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Гүлдариға Мамутова 2019-03-24 21:39 Жас маман - балаға үлгі, ол да кез келген ұстаз сияқты болашақ ұрпақтың қалыптасуына жауапты тұлғаның бірі. Сондықтан, жас маманның кәсіби тұрғыда жетілуі үшін мектептегі әріптестеріне жүктелер жауапкершілік те арта түседі. Осы жүйенің дұрыс жолға қойылуы үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз оң нәтиже береді деп ойлаймын. Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Гүлдариға Мамутова 2019-03-24 21:39 Жас маман - балаға үлгі, ол да кез келген ұстаз сияқты болашақ ұрпақтың қалыптасуына жауапты тұлғаның бірі. Сондықтан, жас маманның кәсіби тұрғыда жетілуі үшін мектептегі әріптестеріне жүктелер жауапкершілік те арта түседі. Осы жүйенің дұрыс жолға қойылуы үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз оң нәтиже береді деп ойлаймын. Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Жолдасова Ажар 2019-03-20 15:13 Ортаға енген жас маманды тәрбиелеп, жолға салу жөнінде өз мектебіңізден мәлімет келтіріпсіз. Мақалаңыз шынайы өте жақсы екен. Жұмыстарыңызға сәттілік. Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Бижанова Гулбакит 2019-03-19 22:17 Жас педагогтің құзіреттілігін арттырудың тиімді формаларының түрлерін атап көрсеттіңіз.Психологтер де, педагогтердің еңбектерінен үзінді келтірілген.Сіздің жас маманға берілген кеңестеріңіздің көмек тиері сөзсіз .Сізге шығармашылық табыс тілеймін.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Акулова Аяулым 2019-03-19 08:21 Өз мектебімдегі жас маманға сіздің мақалаңызды оқып беру арқылы олардың өзіне деген сенімдерін тағы толықтырғандай болдым.Жас маманның неден бастасам?-деген сұрағына жауап тапты. Маңызды, негізгі мәселелерді нақтылап көрсетіпсіз.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Акулова Аяулым 2019-03-19 08:20 Өз мектебімдегі жас маманға сіздің мақалаңызды оқып беру арқылы олардың өзіне деген сенімдерін тағы толықтырғандай болдым.Жас маманның неден бастасам?-деген сұрағына жауап тапты. Маңызды, негізгі мәселелерді нақтылап көрсетіпсіз.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Акулова Аяулым 2019-03-19 08:20 Өз мектебімдегі жас маманға сіздің мақалаңызды оқып беру арқылы олардың өзіне деген сенімдерін тағы толықтырғандай болдым.Жас маманның неден бастасам?-деген сұрағына жауап тапты. Маңызды, негізгі мәселелерді нақтылап көрсетіпсіз.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Акулова Аяулым 2019-03-19 08:19 Өз мектебімдегі жас маманға сіздің мақалаңызды оқып беру арқылы олардың өзіне деген сенімдерін тағы толықтырғандай болдым.Жас маманның неден бастасам?-деген сұрағына жауап тапты. Маңызды, негізгі мәселелерді нақтылап көрсетіпсіз.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Эльмира Дюсембаевна 2019-03-18 20:54 Мақалаңыз керемет!Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру, көңіл-күйін көтеру және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру арқылы көмек көрсету мақсатымен тәжірибелі ұстаздар жас мамандарға тәлімгерлік бағыт-бағдар беріп отырса,өз кәсібін сүйген маман ештеңеден қорықпай алға сеніммен нық баса алады деп ойлаймын. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.