Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
ЖАС ҰСТАЗДАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ МҮМКІНДІКТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Қайыпова Айкерім Жанатқызы

Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы

Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазасқтанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай – ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.

Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Құзырлықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді деп көрсетеді. Педагогика саласын зерттеуші Т.Г.Браже «Құзырлық – тек кәсіби білім ғана емес, ол тұлғаның мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деп тұжырымдаған. Мұндай пікірлерден кейін қазіргі білім талабын қанағаттандыру үшін мұғалім жоғары мәдениетті, терең адамгершілікті, құндылық пен сенімділік жүйесін қалыптастыратын, өз оқушыларының шығармашылық мүмкіндіктерін дамытатаын, жаңалыққа іс – әрекетімен қабілеттілік танытатын, өзін – өзі үнемі жетілдіріп отыратын, кәсіби белсенді құзырлы мұғалім қалыптастыру қажет.

Білім беру сапасы мұғалімнің кәсіби қызметіндегі құзыреттілігімен анықталады, ал кәсіпқойлық тәжірибенің негізінде қалыптасады. Әдеттегідей, жас ұстаздардың теоретикалық дайындығы мықты болса да, олардың күнделікті педагогикалық іс – тәжірибеден хабары мүлдем әлсіз болады. Жас ұстаз жұмысының табыстылығы оның психологиялық – педагогикалық, қоғамдық – саяси және әдістемелік дайындығына байланысты. Мұғалім тұлғасын құрайтын басты элементтер – ол кәсіпқойлық, құзыреттілік, өнімділік, шығармашылық, әлеуметтік бағдарланған тұлғалық қасиеттер. Осы жетістіктерге жету үшін алғашқы кезеңде жас педагогке көмек қолын созу қажет. Табысты жұмыс жағдайын қалыптастырып, оның кәсіпқойлығының даму динамикасы туралы диагностикалық ақпараттың негізінде оның тұлғасының дамуына және қызметінің жеке стилін қалыптастыруға ықпал ету керек. Соған сәйкес мен жас ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыруда мынадай жұмыстардың маңызы зор екендігін айтқым келеді. Олар:

  1. 1. Жас ұстаздар мектебі
  2. 2. Педагогикалық – психологиялық тренингтер
  3. 3. Lesson Study тәсілі.

Жас ұстаздар мектебі – жас педагогтердің жоғары кәсіби арман – мұраттарын, тұрақты даму мен өз бетімен дамуға деген сұраныстарын қалыптастыру мақсатындағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Жас педагогтің кәсіби қызметіндегі қиындықтар: алған білімдерін іс – тәжірибеде қажетті деңгейде қолданбауы; оқушылармен ортақ тіл табысуда педагогикалық – психологиялық шеберлігінің жетіспеуі; сыныптан тыс шараларды дайындауда тәжірибесінің жеткіліксіздігі; ата – аналармен өзара әрекеттестікте педагогикалық шеберліктің жеткіліксіздігі. Жас педагогке  тәжірибелі ұстаздар қатарынан тәлімгер бекітіледі, ол:

-          Жас педагогтің өз бетімен білім алуы кәсіби қызметте теоретикалық білімдер мен іс – тәжірибелік дағдыларды меңгеруге көмек көрсетеді;

-          Жас маманның педагогикалық ұжымда бейімделуіне оңтайлы жағдайлар жасауға септігін тигізеді;

-          Жас маманды өзін – өзі дамытуға және жетілдіруге ыңталандырады;

-          Жаңадан келген педагогтің шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді;

-          Директордың орынбасарының немесе әдістемелік бірлестік жетекшісінің келісімімен пән мұғалімдерін жұмысты жетілдіру жөнінде алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға тартады.

Педагогикалық – психологиялық тренингтер – сапалы маман дайындаудың құралы. «Тренинг» термині ағылшынның (train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты мағынаға ие. Ю.Н. Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді

Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады.Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жекебастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.

Педагогикалық тренинг жұмысының нәтижелі болуы оқыту барысында шешімін табуға тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуына байланысты. Нәтижесінде, алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс көмегімен өз-өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін түсіну тәжірибесін игереді. Тренинг барысында топ мүшелері өзара үйрену процесіне тартылады, сондықтанда олар әдетте жетекшіге емес бір біріне сенім артады. Демек педагогикалық – психологиялық тренингтерді қолдану арқылы жас мамандарды кәсіби ортаға, ұжымға тартуға болады. Жас мамандарға сенімділік ұялатып, ұжыммен жарасымды қарым – қатынас орнатуына, оқушылармен тіл табысуына негіз бола алады.

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Жас мамандар бірлесіп жұмыс жасаумен қатар, осы орайда өздерінің кәсіби құзыреттілігін артыра түседі.

Зерттеу нәтижесінде педагогтер мен психологтар адамның жеке қасиеттері төрт құрамдас сезімдерден тұратындығын дәлелдеді: таным, сенім, мінез және әдеттер. Жақсы педагог болғысы келетін жас маман балалрды сүюі, оларды түсіне білуі тиіс. Егер ол таныстықтың алғашқы күнінен бастап балалармен ортақ тіл табысса, оның алдында педагогикалық шеберліктің жаңа көкжиектері ашылады және де балалар өздері ұстаздарына қол ұшын созады. Өзін – өзі жетілдіргісі келетін педагогке кітапханалар, интернет, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар қызмет көрсетуге дайын. Қажеттіне таңдау мен анықтау мұғалімнің құзыреттілігіне жатады. Педагогтің кәсіби қызметінде өзін іс жүзінде көрсету мүмкіндігі ұлғайған сайын, оның кәсіби қалыптасуы барынша сәтті өтеді. Осыған байланысты интербелсенді формалар мектепте оқытудың негізгі формаларына айналды: дәрістер, шеберлік сыныптары, рөлдік ойындар, психологиялық тренингтер, сабақтар мен педагогикалық жағдайларды модельдеу, шығармашылық есеп берулер, ашық сабақтар, әдістемелік әзірлемелерді қорғау.  Педагогтердің кәсіби бейімделуіне қатысты жұмыстың мақсаттары, міндеттері мен әдістері жаңадан келген педагогтер тап болатын қиындықтармен, мәселелермен байланысты болғанда ғана ол барынша жақсы нәтиже береді. Арнайы әдістемелердің көмегімен жүзеге асырылатын педагогикалық қиындықтар мен кәсіби дайындық диагностикасын, өзін өзі бағалауды мектеп қызметінің әрбір кезеңінде міндетті түрде жүзеге асыру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» журналы, №11 – 2013
  2. «Қазақстан мектебі» журналы, №8, 2010
  3. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  4. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика – Алматы, 2002
 

Пікірлер 

 
0 #12 Ляззат Жалмаханова 2019-04-12 18:12 Жас мамандарға сенімділік ұялатып,қарым-қатынас орнатуға,бейімд елуге психологиялық тренингтер,рөлд ік ойындар,шаралар ұйымдастыру жас маманың кәсіби құзыреттілігін арттыруға болады дегенге келісемін.Сіздің зерттеуіңіздегі ерекше педагогикалық тәсіл- Lesson Study педагогтардың кәсіби белсенділігін,і с-тәжірибесін,тұл ғалық қасиеттерін дамытуға көмектеседі деп ойлаймын.Шығармашылдық табыс тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #11 Ақжарқын Болатқызы 2019-03-28 23:50 Lesson Study жас мамандарға көмегі зор, педогогикалық тәсіл.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #10 Ақжарқын Болатқызы 2019-03-28 23:49 Lesson Study жас мамандарға көмегі зор, педогогикалық тәсіл.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Жолмағамбетова Г 2019-03-27 14:47 Жас ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдарын көрсеткен мақалаңыз өте сәтті шыққан. Рахмет сізге. Шынымен де Lesson Study жас маманға көп көмектеседі. Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Нурзия Баспаева 2019-03-27 13:18 Автор білім беру сапасы мұғалімнің кәсіби қызметіндегі құзыреттілігіме н анықталатынын, және біліктілігі - тәжірибенің негізінде қалыптасатының дәлелдеген.Мен де осы пікірмен келісем, себебі бәріде жылдар бойы қалыптасады. Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 К.Н.Менешева 2019-03-26 13:40 Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады.Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жекебастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 К.Н.Менешева 2019-03-26 13:39 Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады.Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жекебастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Омарбаева Аяулым 2019-03-26 06:54 Болашаққа бағыттаушы құнды мәлімет екен. Мектептегі әдістемелік көмек ретінде көрсетілетін іс-шаралар жөнінде құнды дәлел, дәйек. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Гүлдариға Мамутова 2019-03-24 20:37 Жас ұстаздардың тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін дамыту жолдары бойынша тәжірибеңіз ұнады. Жас ұстаздар мектебі, педагогикалық – психологиялық тренингтер, Lesson Study тәсілін қолдану арқылы жүргізілетін жұмыстарыңыз жақсы нәтиже береді деп ойлаймын. Тәжірибеңізбен бөліскеніңіз үшін рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Эльмира Дюсембаевна 2019-03-23 22:08 Келісемін,жас ұстаз жұмысының табыстылығы оның психологиялық – педагогикалық, қоғамдық – саяси және әдістемелік дайындығына байланысты.Бүгінгі күннің өзекті мәселесін қозғаған мақала екен. Рахмет!!! Еңбектеріңіз жемісті болсын. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Эльмира Дюсембаевна 2019-03-23 22:06 Келісемін,жас ұстаз жұмысының табыстылығы оның психологиялық – педагогикалық, қоғамдық – саяси және әдістемелік дайындығына байланысты.Бүгінгі күннің өзекті мәселесін қозғаған мақала екен. Рахмет!!! Еңбектеріңіз жемісті болсын. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Бокушева Айнаш Нуржа 2019-03-15 15:29 Сапалы мамандайындауда ғы психологиялық тренингтерді жақсы жазған. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.