Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
ЖАС МАМАНДАРДЫҢ РОБОТТЫҚ ТЕХНИКАНЫ ИГЕРУДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Шахимова Ырысжан Азанкалыевна

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Ақтау қаласы

Робот техникасының жағымды жаңалығы - робот конструкторлары мен оның бағдарламалық жасақтамасы баланың жеке тәжірибесін арттыруға тамаша мүмкіндік береді. Мұндай білім балалардың жаңалықтар ашуына және зерттеу жұмыстарымен айналысуларына ынталандырып, ал жетістіктері еленіп бағаланатын болса балалардың өз-өзіне сенімділіктерін арттырады. Оқу барысында бала қызығушылық тудыратын маңызды және мазмұнды өнім жасау процесіне қатысқан кезде сабақ табысты өтеді. Маңызды тұстарының бірі мұнда бала өз білімін өздігінен жетілдіріп, мұғалім оған тек қана кеңес береді.

Робот конструкторларын пайдалану әртүрлі пәндер бойынша оқыту іс-шараларын ұйымдастыруға және интеграцияланған және мета-пәндік сабақтар өткізуге мүмкіндік береді. Осы робот жинақтардың көмегімен кеңістіктікті конструкциялау, модельдеу және автоматтандырылған басқару бойынша мотивациялы білім беру қызметін ұйымдастыруға болады. Ал оқытушы оқушысы өзінің жеке жобасын құрғысы келетіндей жағдайды жасай алады.

Робот техникасының информатиканың бағдарламалауға байланысты тақырыптарын өткізуге қолайлы жағдай туғызады. Мысалы, Lego бағдарламалау ортасы роботтар үшін бағдарламаларды визуалды түрде құрғызып,  балаға компьютерлік ғылымның абстрактілі ұғымдарын «қолмен» ұстауға мүмкіндік береді.

Робот техникасын оқытуда ұтымды әдіс - жобалардың әдісі. Жобалар әдісі деп оқушылардың өздері мақсат қойып солады шешетін білім беру жағдайларын ұйымдастыру технологиясын және оқушының өзіндік жұмысын технологиялық сүйемелденуі түсінеміз.

Робот  жобасын жасақтаудың негізгі кезеңдері:

1. Жобаның тақырыбын белгілеу.

2. Жобаның мақсаты мен міндеттері.

3. Робот конструкторы комегімен механизмді құру.

4. Механизмді жұмыс жасату үшін программасын құру.

5. Моделді сынақтан өткізу, ақаулар мен қателіктерді жою.

Жобаларды әзірлеу және түзету кезінде оқушылар бір-бірімен тәжірибе алмасады, бұл танымдық, шығармашылық дағдыларын дамытуға және оқушылырдың өз бетінше жұмыс жасауын дамытуға әсер етеді. Осылайша, робот техникасы қоршаған ортаға тән ерекшеліктерді және қосалқы материалдардың болуын ескере отырып, оқушыларға өз бетімен шешім қабылдауға мүмкіндік беретініне көз жеткізуге болады. Жәнеде  өз әрекеттерін басқа адамдармен үйлестіру қабілеті, яғни, - командада жұмыс істеуге баулыди.

 

Оқу үдерісінде робототехника курсын енгізудің нәтижелері.

  1. Робот техникалық конструкторлардың оқушыларға тиімді әсері:

-        команда болып бірлесіп оқу;

-        командада жауапкершіліктермен бөлісу;

-        Мәдениет пен қарым-қатынас этикасына назар аудару;

-        Мәселені шешуде шығармашылық тұрғыдан ойлау;

-        Нақты объектілер мен процестер модельдерін жасау;

-        Өз жұмысының нақты нәтижесін көру.

  1. «Робот техникасының негіздері» үйірмелері мен факультатив сағаттарының жұмыс бағдарламасы жасалды. Сабақтарды әдістемелік сүйемелдеуге дәрістер және презентациялар жасақталуда.
  2. Робот техникасының негіздеріне оқыту нәтижесінде оқушылар оқу жетістіктерін қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып көрсете білді.  Мысалға айта кетсек курстан өткен тындаушымыз Атаназаров Мараттың оқушылары Қазақстанда өтетін робот техникасы бойынша барлық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүр.

Соңғы өткен Kazrobotics федерациясының өткізген жарысының Kazrobosport’2018 облыстық кезеңнен бірінші орын алып 31.10-01.11.2018 ж. Петропавл қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алғандар:

-   Биатлон (кіші жастағылар тобы) - Сарсенбаев Б., Қалиев Е.

-   Биатлон (үлкен жастағылар тобы)- Баймұратов Ж., Жолдасбаев Б.

-   Сумо (жаяу жүру) - Төрешов Р., Атаназаров Т.

 

 
 
 
               Тағы бір тындаушымыз Жазықбаева Қибаттың оқушылары К.Елубаев пен Р.Нурбаевтың жобасы осы жарыстың Kazroboproject'2018 облыстық кезеңнен бірінші орын алып Астанаға республикалық байқауға жолдама алды.
 

 

 

 

 

 

Қол жеткізілген нәтижелер балалардың констуркторлауды, бағдарламалауды және олармен жұмыс істеуді ұнататындықтарын және робот техникасы секілді жаңа, заманауи бағытты меңгеруді жалғастыруға дайын екендіктерін көрсетеді.

  1. Оқу орындарының білім беру кеңістігіне робот техникасының енуінің нәтижелерін қорытындылай келе мынадай тиімді тұстарын айтуға болады:

-     білім беру сапасын жақсарту және оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

-     АКТ-ны қолданып білім беру қызметінің жаңа модельдерін қалыптастыру;

-     ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру;

-     дарынды балалармен жұмыс жасаудың жаңа түрлері;

-     инновациялық бейінді оқыту;

-     оқытуда ойын технологиясын пайдалану;

-     қосымша білім берудегі заманауи АКТ технологиялары;

-     қиын балаларға арналған тиімді жұмыс түрі;

-     оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

-     оқушылардың қабілеттері мен мүдделерін іске асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды жасау;

-     инженер (жобалаушы) мамандығын танымал ету.

Робот техникасы саласындағы зерттеулерге,  техникалық ақпараттармен және бастапқы инженерлік біліммен алмасуға,  жаңа ғылыми-техникалық идеяларды дамытуға оқушыларды тарту, білім беру процесінде жаңа педагогикалық тәсілдер мен жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қолдану арқылы жоғары сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасайды.

Қорытындылай келе, «Білім берудегі робот технологиясы» бағытының дамуы үшін үлкен перспективалар бар екенін айтуға болады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Камардинов О. Жасанды интеллект, сараптаушы жүйелер. Оқу құралы. – Шымкент 2003
  2. Шоланов К.С. Основы мехатроники и робототехники: Оқу құралы – Алматы: КазНТУ, 2005
  3. Веб-ресурс: http://www.int-edu.ru

 

 

Пікірлер 

 
0 #4 Сакенова Нургул 2019-03-26 17:09 Шахимова Ырысжан Азанкалыевна мақаласындағы робот техникасы саласындағы зерттеулерге, техникалық ақпараттармен және бастапқы инженерлік біліммен алмасуға, жаңа ғылыми-техникалық идеяларды дамытуға оқушыларды тарту, білім беру процесінде жаңа педагогикалық тәсілдер мен жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қолдану арқылы жоғары сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасалынганын корсетип жатырсыз.Шыгармашылық табыс тілеймін!!! Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Айкерим Кайыпова 2019-03-26 13:16 Робото техника жақсы жолға қойылып келе жатырған жоба! Құнды ақпараттарды қарастырғансыз! Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Анаргуль Кемешова 2019-03-25 19:41 С интересом ознакомилась с материалом.Спасибо автору.Статья имеет и практическую и теоретическую ценность. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Карасаева Алия 2019-03-24 14:28 Әріптес Ырысжан Азанкалыевна Шахимованың мақаласындағы жұмыс тәжірибесінде мен өзім үшін көптеген жаңашылық аштым. Осылай жұмыс тәжірибесімен бөлісу өте маңызды, себебі, осы бағыттағы жұмыс тек жас мамандар үшін ғана емес, біздер-тәлімгерлерге де қажет. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.