Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Бижанова Гулбакит Тажихановна

бастауыш сынып мұғалімі, Жәңгір хан атындағы орта жалпы білім беретін мектеп,  Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы Хан Орда ауылы

«Тек қана есте сақтауымен емес,өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана -білім»

Лев Николаевич Толстой

Жаңа 2019 жыл Қазақстандықтар үшін ерекше жыл,өйткені Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында оны –Жастар жылы деп жариялаған  болатын.Президент жастардың бүгінімен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды.

Президент қандай жас қазақстандықтарды көргісі  келеді? Оның қазақстандықтарды,бәрінен бұрын,бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді.Бүгінгі таңда жаңа білім меңгеру және жақсы мамандық алу бірінші орынға шықты. Білім жүйесінде де Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жолдауын назардан тыс қалдырмады.Осы бағытта  жастар жылына арналған «Жас педагогтің кәсіби өсуіне және шығармашылық дамуына жағдай жасауды жетілдіру» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференция жұмысына өзімнің сындарлы оқыту туралы кеңестерімді ұсынамын.

Бүгінгі таңда білім саласында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тарап келеді .Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана алуын қамтамасыз ету.Осы сындарлы оқыту тәсілі , әсіресе ұстаздардың біліміне, кәсіби шеберлігіне, нақты ұстанымдарға, моральдық құндылықтарға (Шульман «үш көмекшісі»), сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға қатысты жүзеге асады .

Сабақты сапалы,тиімді ұйымдастыру  үшін, біріншіден, smart өлшемді,шынайы мақсат қоя білу.Екіншіден, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білуі, үшіншіден, оқушылардың деңгейін қабілетін ескеру (саралау әдісі), төртіншіден,   бағалау  түрлерін өткізу ,оқыту нәтижесі (рефлексия). Бұл жерде мұғалімнің сабақты жүйелі құру өз алдына, сыныпта оқуға үйрететін білім ортасын құру. Яғни оқушымен тығыз қарым-қатынаста болу. Мұғалім оқушыға оқу міндетін түсінуге, оқудың ықпалын білуге, тапсырмаларды орындаудың әдістерін білуге және ойластыруға көмектеседі. Осы әрекеттерді іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйренуді талап етеміз. Мұғалім өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта  мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысады. Білім мен түсінікті оқушы қалыптастырады,ал мұғалім көмек көрсететін жан. Мысалға Сауат ашу пәнінен өткізген сабақтарымда дыбыс, әріптерді тануда айнаға қарап дыбыстау тапсырмасын беремін.Әріқарай дыбысты дыбыстап дауысты, дауыссыз екенін ажыратады.Сонымен бірге дыбысталуға қандай ауыз қуысындағы мүшелер қатысады? Неге дыбыс қысыңқы,еркін шықты? Яғни өздері дауысты, дауыссыз дыбыстардың ережелерін шығарып алады.Сондықтан қай сабақта да сабақтың тақырыбын мақсатын бірден хабарламай сын тұрғысынан ойланатын тапсырмалар,көрініс,ойын түрлерін өткізу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін,зейінін дамытуға,қызығушылығын арттыруға,сол сабақ туралы түсінігін қалыптастыруға ықпал жасау керек.                                                                                                                                 Оқушылардың жақсы білім алуын ,табысты оқуын,ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру егеменді еліміздің одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады.Джон Кеннедидің «Ұлттық дамуы толығымен білім сапасының дамуына тәуелді» деген ұлы сөзі бар.Демек мақсатты дұрыс қою арқылы біз сол сабақтағы жұмыстың нәтижесін болжаймыз.Сабақты өткізген соң мақсатымызға қайта оралып,оқыту тиімділігін анықтай аламыз.SMART мақсатқа сай құрылған сабақ табысты оқудың кепілі болмақ.                                                                                                                                          Сабақты жоспарлау үшін ең алдымен не істеймін?Сабақты жоспарлауда қандай да бір қағидаттарға сүйенемін?Неліктен?Сабақты жоспарлауда не нәрсеге көңіл бөлген жөн?Неліктен? Спецификалық,нақтылы .Өзіңіз не қалайтындығыңызды анық білмесеңіз,нәтижеге жету өте қиын болмақ.Мақсаттарыңызды нақтылаңыз.Мақсат өлшеуге болатын,қолжетімді болуы керек.Мақсатыңыз қай жағдайда орындалады?Мақсат шындыққа негізделген болуы керек.Яғни қойылған  мақсатқа  жете алатындай тақырыпқа сай болуы.Мақсат нақты мерзімде орындалуы тиіс.Мақсат қоюды бір өткізген сабағымнан мысалмен түсіндіріп көрейін.Тақырыбы:Ә дыбысы мен әрпі.                                                               Оқу мақсаты: 1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.Осыдан сабақ мақсатымды шығарамын.                                                                                                                Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:Дыбыс пен әріпті ажырата алады.Сөздерді буындап оқи алады. Көптеген оқушылар:Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады. Кейбір оқушылар:Сөйлемдерді тұтас оқиды,суретті сипаттай алады,дыбыстық,буындық талдау жасай алады.Сөйлем құрай алады.                                                   Бұл жерде сабақ үстінде орындалатын  міндеттерді барлық оқушылар бірдей орындай алмайды,сондықтан оқушылар деңгейіне қарай бөлемін.Өйткені әр оқушының а в с деңгейіне қарай өз тапсырмаларын топтық,жұптық,жеке жұмыстар арқылы орындайды.Барлығының мақсаты бір,бірақ сол мақсатқа жету үшін қолжетімді,әртүрлі жұмыстар берілген.Бала бойындағы метасананы ,яғни қалай оқу керектігін үйретуді нысанаға ала отырып жұмыстану қажет.Сабақты  аяқтаған соң,қойған мақсатымызға қайта оралып,нәтижені сараптаймыз.Мысалға сабақ ұнады ма? Бүгін нені білдік?Қандай қиындықтар болды? Тапсырманы орындай алдың ба?Міне осы сұрақ төңірегінде оқушы өз іс-әрекетіне баға бере алады,талдайды және мұғалім оқушының жұмысының сәтсіз,сәтті шыққан тұсын қалай жақсартуға болатынын біледі.Оқу мен оқытудағы кедергілерді айқындап,келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.Мен үшін кері байланыстың тиімді жағы:оқытудағы кемшілік тұстарын анықтаймын,келесі сабаққа өзгеріс,түзету енгіземін ,оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді.Мысалға Дүниетану пәнінен сабақ өткізген кезде әдіс түрін көбірек пайдаландым.Нәтижесінде уақытым тапшы болып,сабағымды асығыс өткіздім.Өз-өзіме рефлексия бердім.Келесі сабақта әдіс түрін жас ерекшелігіне сәйкес 1сыныпқа екі түрін ғана пайдалануға болады екен деген тоқтамға келдім.

Білім беру жүйесінің инновациялық технологиялармен жабдықтап,білім берудің  халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша.Танымал ғалым, педагог,философ,профессор Джон Дьюидің: «Егер балаларымызды кешегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып,оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп,оқушыларды болашаққа жетелеп,жақсы істі бастап отырмыз.Білім берудің мазмұны жаңарып,жаңаша көзқарас пайда болды.                        Осыған орай ,оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп,жаңа педагогикалық технологияларды меңгеріп келеміз.Сабақты әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес.Оқыту әдістері оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады.Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы мұғалімнің  әдістемені тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты деп есептеймін.Әдістер көп бірақ , оны жас ерекшеліктеріне сәйкес,тиімді,ұтымды,мақсатқа сәйкес таңдау мұғалімнің кәсіби шеберлігіне негізделеді.Әдістердің ұтымды жүзеге асуы  мұғалім мен оқушының жұптаса жұмыс атқаруына байланысты. Мысалға менің 1 сыныпқа Дүниетану сабағында 6 қалпақ әдісін жеңілдетіп өткізгенім есімде,бірақ ұтымды болмады,керісінше жас ерекшелігіне сәйкес келмеді және тапсырмалары орындау  оқушыға қиындау болды.Бұл жерде Хаген мен Хейлдің 5-6 жастағы балаларға жасаған зерттеуі бойынша тапсырмаларды балалар үшін тартымды,қызықты және оларға сәйкес келетіндей етіп жасау маңызды деген қорытынды ойларын еске түсіре отырып,кейінгі сабақтарымда: «Әуенді қалпақ», «Шыбын», «Дирижер», «Хан жарлығы», «Галерея», «Кір жаю», «Өрмекші торы», «Кубизм», «Семантикалық кесте» т.б әдістерін пайдаландым.Бұл әдістерді жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмаларын жеңілдетіп,әрі суретті етіп,жеңіл,ойын түрде өткізу балаларға қызықты әрі жаңа білімді меңгеруге ,мақсатқа жетуге бірден бір тәсіл болды.  Мен ашық сабақтарымда 7 модульдің ішінен Сын тұрғысынан ойлауға үйрету,Диалог арқылы оқыту, АКТ-ны көбірек пайдаланамын.Әсіресе, СТО оқушыларды ойлауға үйретеді, АКТ уақыт жағынан тиімді,Диалог арқылы оқыту оқушылардың танымдық дамуына әсер етеді.

Мерсер мен Литлон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен.Сонымен қатар Выготский  оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму» аймағында  жұмыс істесе,танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен.Сондықтан сабақтарымда оқушыларыммен қарым-қатынас жасай отырып,жуан және жіңішке сұрақтар қойып,диалогқа түсемін. Сабақтың қай кезенінде болсын диалогқа түсу,оқушылармен қарым-қатынас жасау,менің көмегіме жүгіну,бір-бірімен сөйлесу,пікір алмасу оқуды жеңілдетеді.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің әртүрлі стратегияларын қолдана отырып,оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге,өз ойларын толық жеткізуге,логикалық,шығармашылық  ойларын дамытуға мүмкіндік беремін.

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау-оқыту мен оқу  үдерісінің мақсатын анықтап,оқытудың нәтижесін жүйелі түрде жинақтауға мүмкіндік береді. Мұғалім мен оқушылар үшін қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Сабақтың әр кезеңінен кейін қалыптастырушы бағалауды шығармашылықпен түрлердіре отырып қолдану әр оқушының қызметін белсендіреді. Оқушылар өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты анықтайды немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге тырысады. Бұл оқушылардың қызметін белсендірудің бірден-бір жолы. Оқушылардың айтқан пікірі өзі және өзге үшін де құнды. Сыныптастарының пікірі соншалықты құнды екендігін ұғындырып, қолдау көрсетіп отырған дұрыс. Бұл оқушыларды одан әрі ынталандырады, ізденуге итермелейді. Оқушының жетістігін қолдау оның  сенімділігін арттыра түседі. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану нәтижесінде сабақ барысында жарияланымдар мен таныстырылымдар, шамаларды өлшеп, жазып алу үшін жабдықтарды пайдалану, деректер қоры мен кестелер, ақпарат көздерін қолдану оқушылардың  басшылығымен жүзеге асады. Сыныптың сабаққа деген белсенді қызметі артып, өзгенің көмегінсіз өздері керек ақпаратты жинай алатындарына көздері жетеді. Алған ақпараттарымен бөлісіп, өз ойлары мен түйгендерін ортаға салудан тартынбайды және алған деректерін салыстырып, сыни тұрғыдан құндысын анықтайтын болады. Әр топ нақты тапсырмалар бойынша зерттеулер жүргізеді, ғаламтордан алынған ақпаратты сұрыптап өңдейді және таратады.

Республикамыздың білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Ұстаздар біліктілік пен шеберлікті ұштастырып, жас ұрпақты сапалы білімімен, саналы тәртібімен әлемді мойындататын рухани биікке көтеруді көздейді. «Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тәжірибе, ең мәртебелісі – ойлау» - деген екен Конфуций. Осы орайда оқыту мен оқуда оқушы қызметін белсендіре отырып, алдымыздағы шәкірттерден мынадай нәтиже күтеміз:

ü  қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;

ü  ақыл мен парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

ü  алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

ü  өз ісін  талдау, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;

ü  басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу,

ü  осы заманға сай технологияларды күнделікті пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

ü  қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін таба білу;

Қорыта келгенде, Әл-Фарабидің “Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты”- дегеніндей, оқушылардың сабақтағы шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыру жолында мұғалімге үнемі ізденуді, тынымсыз еңбек етуді міндеттейді.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық,  «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ 2012.

2. 2019 жыл –Жастар жылы. Жаңалықтар  Қазақстан тарихы порталы http://e-history.kz > publications>view

3. М.М.Жанпеисова, «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» - Алматы, 2002.

 

Пікірлер 

 
0 #9 Райхан Тулеуова 2019-03-26 22:59 Білім беру мазмұны жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастаған шақта жас педагогтардың біліктілік пен шеберлікті ұштастырып, жас ұрпақты сапалы білімімен, саналы тәртібімен әлемді мойындататын рухани биікке көтеруді көздейтін кезде әдістемелік кеңесіңіз пайдаға асары анық. Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Райхан Тулеуова 2019-03-26 22:57 Білім беру мазмұны жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастаған шақта жас педагогтардың біліктілік пен шеберлікті ұштастырып, жас ұрпақты сапалы білімімен, саналы тәртібімен әлемді мойындататын рухани биікке көтеруді көздейтін кезде әдістемелік кеңесіңіз пайдаға асары анық. Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Бибигуль 2019-03-26 19:22 Гулбакит Тажикановна Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау-оқыту мен оқу үдерісінің мақсатын анықтап,оқытуды ң нәтижесін жүйелі түрде жинақтауға мүмкіндік бергені туралы анық көрсетілген. Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Бибигуль 2019-03-26 19:22 Гулбакит Тажикановна Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау-оқыту мен оқу үдерісінің мақсатын анықтап,оқытуды ң нәтижесін жүйелі түрде жинақтауға мүмкіндік бергені туралы анық көрсетілген. Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Айкерим Кайыпова 2019-03-26 13:06 Әдістемелік кеңестеріңіө өте құнды. Жас маманға қажетті ақпараттар берілген. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Эльмира Дюсембаевна 2019-03-23 21:50 Қазргі білім саласына қатысты өте қажетті ақпарат берілген мақала. Рахмет. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Муканова Гульфайрус 2019-03-22 21:07 Мақалаңызда сындарлы оқыту тәсілдерін ұйымдастыру жолдарын ашып көрсетіп жазғансыз.Сабақты сапалы,тиімді ұйымдастыру үшін, біріншіден, smart өлшемді,шынайы мақсат қоя білу.Екіншіден, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білуі, үшіншіден, оқушылардың деңгейін қабілетін ескеру (саралау әдісі), төртіншіден, бағалау түрлерін өткізу ,оқыту нәтижесі (рефлексия). Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Муканова Гульфайрус 2019-03-22 21:07 Мақалаңызда сындарлы оқыту тәсілдерін ұйымдастыру жолдарын ашып көрсетіп жазғансыз.Сабақты сапалы,тиімді ұйымдастыру үшін, біріншіден, smart өлшемді,шынайы мақсат қоя білу.Екіншіден, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білуі, үшіншіден, оқушылардың деңгейін қабілетін ескеру (саралау әдісі), төртіншіден, бағалау түрлерін өткізу ,оқыту нәтижесі (рефлексия). Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 АДЕШОВА Кенжегуль 2019-03-20 10:54 сабақты сапалы,тиімді ұйымдастырудың жолдарын,сындар лы оқыту тәсілдердің ұйымдастыру жолдары көрсетілген.Деңгейлік оқытудағы кейбір ұлы педагог ғалымдардың еңбектерінен мысал ала отырып,өз тәжірбиеңізде тәсілдерін қолданғансыз.Жастарға әсіресе, әдістемелік көмек болады .Сізге рахмет!шығармаш ылық тілеймін! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.