Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Менешева Камшат Нурболатовна

ІІ-санатты педагог-психолог, №18 «Балдырған» бөбекжайы,  Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы

Жас мамандарды қазіргі өмір талабына сай, нәтижеге бағдарланған білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиямен жан-жақты іздену арқылы еңбек етуге үйрету;

Жаңа педагогикалық технологияларды өзінің әрекетінде толық пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, жан- жақты дамыту.

Шығармашылық жұмысты дамыту, әр жас маман өзінің портфолиосын  жинақтау, озат педагогикалық тәжірибені анықтау, оқып үйрену, тарату және ұйым арасында тәжірибе алмасуды қалыптастыру;

Курстар, семинарлар, треннингтер, дөңгелек үстел арқылы жас мамандардың кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру;
Оқу- тәрбие жүйесінде шығармашылық ізденістер мен зерттеу жұмыстарына жағдай жасау.
Жас мамандар жұмысы төмендегідей мәселерді шешуге көмектеседі: 
-Жас маманның жұмысқа бейімделуіне;
-Жұмысқа қызығушылығын арттыруға;
-Жетістіктерге жетуге;
-Педагогикалық потенциалының дамуына.

Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындары әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу міндетте тұр. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында сапалы білім беру туралы мәселе ұстаздар қауымына үлкен міндеттер жүктеп отыр және Қазақстанның индустриалды - инновациялық бағытта дамуының негізі болуға тиіс екені көрсетілгендей, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, балалардың білімін бағалаудағы мониторинг мен бақылау – диагностика амалдарын меңгерту, мектепке дейінгі мекемедегі педагогтарға да үлкен міндеттер жүктейді..

Заманауи прогрессте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай болу үшін білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын тәрбиеші болуға дайындау. Біз тәлімгерлер өз жұмыс жоспарымызды әрқайсымыз өз бетімізше құрамыз. Негізгі менің жас маманмен жүргізілетін жұмыс жоспарымның құрылымы мынадай үш кезеңнен тұрады:
Тәлімгер
I Бейімделу
II Өзекті – бастысы
III Бақылау

Жоспарлау негізінде біріншіден: оның жеке ішкі жан дүниесі, мінезі, көңіл – күйіне қарай отырып, оның икемділігі анықталады.. Қандай да болмасын жұмыс түрін алмас бұрын, бақылау, қатысу арқылы қандай жұмысқа қабілетті екенін байқалады. Сонымен қатар жас маманның баламен қарым - қатынасын және ұстазбен қызметтестік болуға деген қабілетіне орай аша білінеді. Оның эрудициясын /білімді, ойсанасын/. Міне енді осылар арқылы тестер, диагностика, сауалнамалар жүргізіледі.

Әрі қарай жас маманға тәлімгерлік жұмысы былай ұсынылады.: бақылау, екі жақты қатынас, сұрақ - жауап, шағын тапсырмалар ұсыну.Білім беру жүйесінде яғни жас ұрпақтың қоғамдық өмірге, арнайы мекеме жүйесіне бақылау арқылы, педагогикалық жаңалық ашу, оны бағалау және қоғамдастықты меңгеруі, болашақта жас мамандардың тәжірибені өз жұмысында пайдалануын қадағалау тәлімгерлік жұмысы болып есептеледі.. Әрбір жоспарын алынған іс әрекеттің аяқсыз, нәтижесіз қалмауы қадағалауы, бағыт бағдар беріп отырады.
Жас маманға жеке дамуына «Тілдесу» тақырыбында тренинг әдісінде - ойын: «Кәсіби тілек» /мәдениетті, тұлғалы сөйлеуге үйрету/. Өз ой пікірлерін дәлелдейді. Жаттығулар: мақсаты - болашақ тәрбиеші - педагогтің зейіні мен назарын тұрақтандыра алу қабілеттілігін бақылау. Мысалы: экранға оншақты суреттерді қатарымен қойып, үш секундтан кейін өшіріледі. Сол суреттерді  есте сақтап, қағазға түсіруі керек. Екінші варианты: мен 1 - 20 - ға дейінгі сандар жазылады, ретін сақтамай, тез - тез, ол оқиды. Үшінші жұмыс: Өз аты - жөнін тақтаға жазып тұрып, әріптерін кері оқу. Қорытынды. Рефлексия. Үйге тапсырма: «Мен тәрбиешімін, менің мақсатым» Эссе жазу. Келесі эвристикалық әдіс немесе продуктивті, яғни бұл жекелей іздену жұмысын балаларға үйрету болып табылады. Мысалға оқу іс - әрекетінде, ойын үстінде болсын. т. б. жағдайларда балаға шешімін қайдан табуға болатынын суреттерден көрсетуге үйрету.

Өзінің шығармашылық жұмыстарына сай, зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
мысалы: «Құс науасын жасауға қандай құралдар қажет?», «Жыланның велосипеды қандай болмақ? т. б. зерттеу жұмыстары: « Сиқырлы дыбыстар», «Су, от, ауа, құм құпиясы»т. б демалыс - кештері: «Ауырып қалған Ердәулетке сыйлық», «Ықшам - мұражай», «Дизайн - орталығы», «Дарынды балалар сайысы», «Күлкі күні», «Өлшеу мерекесі», «Құрастыру бюросы», «Ғажайып алаң», көрініп - көрінбейтін іс - қимыл /зат/, мысал: Бір күнде неше рет есік тұтқасын ұстадық? Ол туралы не айтамыз? Жарыс: «Бір әкелгенде, мол әкел»т. б. «Бір күн түсіндіргеннен, бір сағаттық жұмысты көп үйрет» Ж. Ж. Руссо сөзімен әлеуметті сеніммен жекелік тәрбие құпиясын ашып, жағдайды туғызу қорытындысы, балалар өздерінің өскендерін сезініп, тек алға ұмтылатыны, ескеріледі. Келесі тәлімгерлік міндет жас мамандарды жаңа терминді сөздермен таныстыру.

Қазіргі заман мұғалімі рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер менгерген білікті маман, өзін өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты деген. Педагогтің  кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының, кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Педагогтің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғырлым кең болмақ.

«Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

«Құзырлылық» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандайда бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі бар олар:

  1. Арнайы немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.
  2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игеру мен сиппаталады.
  3. Жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгеру мен сиппаталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.
  4. Дара (индивидуальды)кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге  дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сиппатталады.

Педагог шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзыреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзыреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама.

Б.Тұрғынбаева «өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын- құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы».

А.Ф.Присяжная: Педагогика ғылымында құзыреттілік – тұлғаның белгілі бір сферадағы функциялары мен уәкілеттілігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті ретінде қарастырылатындығын айтады.

Қ.Құдайбергенова: «Құзыреттілік ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens»  белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.

Әрбір педагогтың кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі- құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады. Әр педагогтың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталғандығын ескеруі керек. Әлемдегі тәжірибиеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту. Әрбір педагог жаңа технологияларды тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталғандығын ескеруі керек.

Қазіргі таңда педагог мына төмендегі сипаттамаға лайық болуы тиіс екендігі атап көрсетіледі.

  1. Ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы ізденіп, өзінің пәндік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік білімін, мәдениет дәрежесін жғары көтеруші адам болуы.
  2. Өз мамандығын жақсы көретін біліктілігі жғары, кәсіптік шеберлігі ұдайы ғылымға негіздей отырып дамытатын адам болуы.
  3. Коммуникативті, қоғамдық ортада беделді адам болуы.
  4. Белгілі педагогикалық технологияның толық әдістемесін меңгерген, ғылымның әр саласынан хабардар, жан-жақты білім болуы.

Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін баланың шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық -ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, тәжірибиелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі [2009ж]

2. И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік [2009ж]

3. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова Алматы [2007ж]

4. Мұғалімге арналған нұсқаулық –[ 2017ж]

5. Мұғалім партфолиосы ( ІІІ деңгей курс жеке жинақтама )

6. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

 

Пікірлер 

 
0 #14 Райхан Тулеуова 2019-03-27 15:38 Баяндамада қазіргі заман мұғалімі рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер менгерген білікті маман, өзін өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға болу керек екенін атап көрсетті. Дәйексөз жазу
 
 
0 #13 Бибигуль 2019-03-26 19:20 Педагог шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзыреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзыреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби Құзыреттілік туралы құнды мәліметтер жазылған Дәйексөз жазу
 
 
0 #12 Н.Г.Пугачева 2019-03-26 15:37 автор сделала акцент на важности подготовки педагогов, способных вдохновлять детей на творчество, быть им достойным примером. Дәйексөз жазу
 
 
0 #11 Тапауова.А.А. 2019-03-26 14:00 Баяндамада шығармашылық жұмысты дамыту, әр жас маман өзінің портфолиосын жинақтау, озат педагогикалық тәжірибені анықтау, оқып үйрену, тарату және ұйым арасында тәжірибе алмасу жұмыс түрлері толық көрсетілген Дәйексөз жазу
 
 
0 #10 Нурзия 2019-03-26 13:52 Кәмшәт Нұрболатқызы баяндамасының тақырыбы өте өзекті, себебі қазіргі уақытты жас мамандардың кәсіби өсуіне олардың өздерінің ізденісі, шығармашылығы рөл атқарады.Көп рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Айкерим Кайыпова 2019-03-26 13:10 Баяндама өте түсінікті әрі нақты жазылған. Жас маманға көмегі болары анық. Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Гүлдариға Мамутова 2019-03-24 20:41 Тәрбие мен оқытудың алғашқы баспалдағы балабақшадан басталады. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің кәсіби біліктілігінің маңызы өте зор. Жас тәрбиешілердің кәсіби тұрғыда жетілуіне ықпал ететін жұмыстарыңыз өте жақсы екен. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Карасаева Алия 2019-03-24 14:58 Жас мамандармен тәлімгерлік жұмысы педагогикалық сауаттылығымен қатар шығармашылық құшиарлығын талап етеді. Әріптесім Камшат Менешова ұсынған мақаласында мен өзімнің тәлімгерлік жұмысымның ұқсастығын таптым. Біздің тәлімгерлік жұмысымыздың күтілетін нәтижесі-жас тәрбиешіні мектеп жасына дейінгі балалармен сауатты, тиімді және шығармашылық түрінде жұмысты жоспарлап жүргізу. Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Айнура 2019-03-23 17:10 Жас маманға бағыт силтер комекши курал екени созсиз. Себебі, жаңа ғана университет битирип келген мамандык иелери неден бастарын билмей,кандай бағытта жумыстанарын,не ге суйенерин билмей жүргенде осы китапшаны окып, оздерине ой туйеди деген ойдамын. Адамдарды рухани, психологиялык дамытуға көп үлес косу керек деп ойлаймын. Али де, Камшат Нурболатовна, осындай керемет жүректен шығатын китапшалар көп болатынына мен сенимдимин. Саттилик тилеймин. Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Айнура 2019-03-23 17:10 Жас маманға бағыт силтер комекши курал екени созсиз. Себебі, жаңа ғана университет битирип келген мамандык иелери неден бастарын билмей,кандай бағытта жумыстанарын,не ге суйенерин билмей жүргенде осы китапшаны окып, оздерине ой туйеди деген ойдамын. Адамдарды рухани, психологиялык дамытуға көп үлес косу керек деп ойлаймын. Али де, Камшат Нурболатовна, осындай керемет жүректен шығатын китапшалар көп болатынына мен сенимдимин. Саттилик тилеймин. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 А.М.Габдулова 2019-03-20 17:00 Қазіргі заман мұғалімі рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер менгерген білікті маман болуы тиіс. Баяндама өте маңызды жазылған. Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 А. Салыхова 2019-03-20 16:57 Педагогикалық, психологиялық тұрғыдан ізденісі мол, ұжымда белсенді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жастарды үнемі қолдап, көмектесіп отыратын тәжірибелі психолог. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 C.Аккереева 2019-03-20 16:51 Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесі, мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін баланың шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын,педагоги калық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, тәжірибиелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Сакенова Нургул 2019-03-20 16:43 Камшат Нурболаткызы сіздің көзқарасыңыз жас мамандар үшін маңызды деп есептеймін. Себебі тәлімгер мен жас мамандардың арасындағы қарым-қатынасты педагогикалық және психологиялық жағынан жақсы қарастырғансыз. Сізге шығармашылық шабыт тілеймін… Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.