Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ЖАҢАША БАҒАЛАУДЫҢ РӨЛІ

Арзиева Алия Тохтамысовна,

«Өрлеу» БАҰО АҚФ  Алматы қаласы

бойынша ПҚ БАИ  ИТжҒЖ(Г)ПО

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент, тренер

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76,79, 89-қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында білім мазмұнын кезең-кезеңмен жаңа форматқа көшу жұмыстары басталды.

Елбасы Н.Назарбаев «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», деген болатын өз сөзінде. Сондықтан бүгінгі күні білім беру жүйесін жаңа сатыға көтеріп, сапалы білім беру ең басты мәселелердің бірі болып табылады[1].  Осы және басқа да факторларға байланысты,  бүгінкі күнде, біліктілікті арттыру жүйесіндегі  негізгі мәселелердің бірі – мұғалімдерді жаңа білім мазмұнына көшуге дайындау, олардың  іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізу, педагогика және психологиядағы заманауи теориялар, оқу мен оқытудағы  соңғы тұжырымдар туралы терең білім беру, инновациялық технологиялар мен тиімді стратегияларды қолдану жолдарын үйрету. Осыған байланысты әр бір  деңгей бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру Бағдарламалары дайындалды.

Орта білім беру жүйесіне енгізілген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай тың Бағдарлама. Оның  негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.

Замануи тұжырымдар Қазақстандағы оқу бағдарламаларын өзгертудің қажеттілігін нақтылай түседі. Технологиялар, коммуникациялар мен ғылым салалардағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға және ХХІ ғасырда табысты болу үшін әрбір азаматқа қажетті білім мен дағдыға терең әсерін тигізуде. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық әдістемелермен тығыз байланысты [2]. Сондықтан,  жаңартылған білім беру  бағдарламалары бойынша  педагог кадрлардың біліктіліктілігін  арттыру курстарында - мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін дамыту, оқытудың интербелсенді әдістері мен инновациялық технологияларды, критериалды бағалауды  іс-тәжірибесінде қолдану және сабақтарын  жаңаша жоспарлауға  (қысқа мерзімді  жоспарлау, орта мерзімді жоспарлау,  ұзақ мерзімді жоспарлау) бағыт-бағдар беру  мәселелері қарастырылады. Демек, жаңаша білім беру – жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары,сын тұрғысынан ойлауы дамыған, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген,  алған  білімін өмірде қолдана алатын тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Осы нәтижелерге жету үшін білім мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалауды қолдану   өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш —  білім және білімді ұрпақ. Осыған байланысты білім беру саласына көптеген өзгерістер енгізіліп жатыр. Мысалы,  2016-жылдан бастап орта білім беру саласына   жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді.Оның құрылымы:

1.   Пәннің маңыздылығы;
2.   Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3.   Үштілділік саясатты іске асыру;
4.   Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5.   Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6.   Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7.   Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8.   Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9.   Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

 

Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін  әділ, шынайы, ашық түрде бағалау  жүйесін қолдану. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп, айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан, оқушылардың білім нәтижелерін бағалау оқыту үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады, яғни, оқыту үдерісін басқарудың түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады. Деңгейлік бағдарламалар мазмұнындағы «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»   модулі – оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну, оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілмен байланысты.        Жалпы алғанда, жаңа критериалды бағалау жүйесі үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіреді және білім беру сапасын арттырудағы нақты артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дұрыс қойылған басымдық пен анық критериалды бағалау жүйесінің әдістемесі:

• оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және анық бағалауға жетуіге;

• оқу, оқыту және бағалауды жетілдіру мен интеграциялауға бағытталған бағалау жүйесін жүзеге асыру механизмдерінің реттілігін қалыптастыруға;

• бағалау құралдарын құрастыруға, оның ішінде жоғары деңгей дағдыларының қалыптасқанын тексеру үшін;

• оқудың жеке траекториясын бақылау арқылы оқушылардың тұлғалық дамуына оң әсер етуге (оқуға деген ынтасын, өзін-өзі реттеуін, жауапкершілігін, бірлесе жұмыс жасауын арттыру);

• тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпараттық негізді ұсынуға   мүмкіндік береді.

«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп,  оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізу, ал оқушыларымыз  әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да,  мұғалім де  өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, желтоқсан, 2012ж.
  2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы,  2014ж.
  3. Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы; Астана, 2016ж.
  4. Нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2015ж.
  5. «Оқушылардың  оқу жетістіктерін критералды бағалау жүйесінің әдіснамасы» «НЗМ»; Педагогикалық өлшеулер орталығы; Оқу-әдістемелік құрал Астана, 2017ж.
 

Пікірлер 

 
0 #9 Ташмаханова Алемгуль 2019-04-30 13:52 Критериалды бағалудың тиімділігі, қалыптастырушы бағалаудың қажеттілігі жақсы жазылған. Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Mария Мырзахановна 2019-04-11 12:14 Сын түзелмей мін түзелмейді демекші критериалды бағалау өз қателіктерін нақты қай жерден кеткенін көріп біліп отыруына өте қажет. Макалаңызға рахмет. Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Жолмағамбетова Г 2019-03-27 14:34 Мақалаңыз мәнді екен. Сабақ барысында білімді меңгерту негізгі процесс десек, оны бағалау да соншалықты маңызды. Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Сакенова Нургул 2019-03-26 17:47 Арзиева Алия Тохтамысовна макаласында жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін әділ, шынайы, ашық түрде бағалау жүйесін қолдану. Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Айкерим Кайыпова 2019-03-26 13:50 Мақалаңыз өте жақсы. Өзіме де қажетті біраз құнды ақпараттар алдым Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Бижанова Гулбакит 2019-03-23 23:19 Осы бағалау мәселесін тағы да көтерсе екен деймін.Бағалаудың тиімді,тиімсіз жақтары да бар.Дегенмен жақсы ,құнды ақпарат бердіңіз.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Эльмира Дюсембаевна 2019-03-23 21:43 Макаланыз өте керемет. Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Эльмира Дюсембаевна 2019-03-23 21:42 Макаланыз өте керемет. Жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Жолдасова Ажар 2019-03-20 15:27 ЖББМ бойынша жаңаша бағалау жөнінде құнды мәлемет беріпсіз. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.