Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫНДАҒЫ ЖАС МАМАНҒА КӨМЕК

Сахарбаева Марал Әділгерейқызы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,

Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының

аға оқытушысы, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

Бірнеше жыл бойы қатарынан жүргізіліп жатқан реформалар білім жүйесін өзгертуге, сапалы білім беретін мұғалімдер тобын жасақтауға күшін салуда. Еліміздің барлық мұғалімдері партаға отырып, өзін-өзі дамыту, өзгерту жұмыстарын бастап кетті. Биыл соңғы біліктілік арттыру курстарын жүргізудеміз. Курсқа келген тыңдаушылардың сапалық құрамы әр түрлі. 18-60 жас аралығындағы тыңдаушылармен жұмыстана отырып, жас ерекшелігіне сай жұмыстану қажеттілігін де ескеріп, тапсырма бергенде, сұрақты, тапсырманы, ресурсты да саралап беруге машықтанып қалдық.

Білім сатысы оқуына шақырған кезде тыңдаушылардың, әсіресе, жас мамандардың 2-3 еңбек өтілі болғанын қалаймыз. Себебі, жаңартылған білім беру бағдарламасын түсіну үшін дәстүрлі бағдарламаны меңгеріп келуі қажет. Жаңаны түсіну үшін ескімен салыстыру әдісі арқылы меңгеру-басты әдістеріміздің бірі. Сондықтан жас мамандардың аз да болса, дәстүрлі білім беру тәжірибесі болғаны дұрыс. Сол жинақталған аз-мұз тәжірибесінен ұжымдық, топтық жұмыстағы талқылауларда қорытынды шығарып, рефлексия жасап отырса, болашақ жұмысына көп көмегі тиетіні дәлелденген. Әрине, топтық талқылауларда еңбек тәжірибелі мұғалімдердің үлесіне тиетінін белгілі, себебі, өз тәжірибесіне сүйенген тыңдаушы жаңа бағдарлама бойынша түсінігіне «өзіндік қолтаңба» қалдырып, меңгеруге тырысады. Жас мамандардың ұжымдық, топтық, жұптық жұмыстардан үйренері көп, кәсіби тәжірибесін белсенді әдістермен толықтырады. Белсенді әдістермен сабақ өткізу де оңай емес екеніне тренингтерде көз жеткізіп, қыр-сырын меңгеруге күш салады. Бастауыш сынып оқу бағдарламаларының мазмұны сөйлеу және ойлау әрекетін, түрлі сала мен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруді қамтамасыз ететін коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды қамтамасыз ету болғандықтан, дәл осындай іскерлік жас маманның өзінен де талап етіледі. Яғни, қалай белсенді әдістерді ұйымдастыру қажет, білім алушы үшін қандай ережелер ойластыру керек, тапсырмаларды қалай дайындап және оны қалай тиімді жүргізген дұрыс? деген сұрақтар жас маманның алдағы ойластыратын жұмыстарының бірі болмақ.

Жаңа бағдарлама бойынша ықшамсабақтар өткізу жұмыстары курс кезіндегі сәтті шаралардың бірі. Дәстүрлі курс кезінде жергілікті мектеп мұғалімін мазалап, ашық сабақ беруін сұрайтынбыз. Бүкіл курс тыңдаушыларын топырлатып, алып барып, ашық сабақты көріп, кейде үйрендім, кейде ештеңе алмадым деп тиімсіз кері байланыс беріп, деталдарын еске түсіре алмай қиналу, т.б. қиындықтарды шешуші, бұл-ықшамсабақ болып табылып отыр. Ықшамсабақты өткізе отырып, өзі көп нәрсе үйренетініне тыңдаушылардың көзі жетті. Әрине, ықшамсабақ өткізу оңай жұмыс емес, бұл жерде де тәжірибелі мамандар көмекке келері анық. Өзің өткіз де, бағалан, не артық, не кем, нені дамытқан дұрыс? деген сұрақтармен жұмыстану де жас мамандарға таптырмайтын көмек болуда. Топтық, жұптық жұмыстың тиімділігі тәжірибелі маман мен жас маманды қоян қолтық жұмыс жасатып, тәжірибе алмасуына көп көмегі болатынына көзім жетті. Болашақта осы ықшамсабақтарды өткізуді әлі де да дамыта беру қажет деп ойлаймын.

Курс кезінде қысқа мерзімді жоспар құрып үйрену-бұл енді жас маман үшін таптырылмайтын көмек. Берілген шаблонды басшылыққа ала отырып, оқу мақсатын бөлім, бөлімшеден тауып, оған сабақ мақсатын құрып, сабақ мақсатына сай тапсырмалар құрастыру-жас мамандардың ең қызықты жұмыстарының бірі. Әсіресе, қазіргі жас мамандар АКТ құзіреттілігі бар, ағылшын тілдерін біледі, интернеттен түрлі материалдарды білім алушының жас ерекшелігіне сай іздей біледі, оны қызықты етіп құра біледі. Жалпы ұсынылып отырылған үлгі жоспар «ҚМЖ» мұғалімдер үшін ең жеңілі, тиімдісі деп айтуға болады. Көп сөзді ұнатпайтын «ағылшын» әріптестеріміздің жасаған жоспары қысқа, нақты, стандартты түрде «басы»,» ортасы», «аяғы» деп түсінікті берілуі де тыңдаушылардың ойын тез жинақтауға, шектен шықпауға, басты нәрсені беруге, бағыттан тайқымауға дағдыландыра бастаған.

«Педагогикалық əдістемелерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін жəне нəтижелілігін төмендетеді.» делінген «Мұғалімге арналған Бағдарламада» 17 бет. Әрине, жас мамандар әдіс-тәсілдермен қаруланбаса, нәтижелі, сапалы өнім шықпайтыны белгілі. Елімізде жүріп жатырған реформаның нәтижелі болуы үшін жас мамандардың әдіс-тәсілдерді меңгеріп қана кетпей, өзі ойлап табатын дәрежеге жеткізу –курс іс-шаралары кезіндегі маңызды талаптардың бірі болып табылып отыр.

Сондықтан тренингтер кезінде жас мамандардың жаңа әдіс ойлап табуына уақыт бөлеміз, әдіс ойлап таба білген жас маман- тапсырма да ойлап таба алады, яғни ол- шығармашыл маман. Сондықтан курс кезінде жас мамандардың ынтасының артып, ерекше идеяларына көңіл бөлініп, алға ұмтылуына қолдау көрсетіліп отырылады. Жас мамандар кері байланыстың түрлі әдістерін ұсынып, заманауи түрде ұсынуда: АКТ түрлерімен: smc, стикер, смайликтер, графикалық түрде берілетін кері байланыстардың көбін ойластыратын жас мамандар. Жас мамандар тәжірибелі мамандарға қарағанда түсініксіз нәрселерді флипчартта сызып, оның көркемдік жағына мән бере отырып, осылай кері байланыстар арқылы бергенді ұнатады, топта түрлі кері байланыстарды белсенділікпен  ұйымдастыратын да жас мамандар.

Курс соңында тыңдаушылар не үйренгендерін презентациялайды. Яғни, берілген критерийлер бойынша қысқа мерзімді жоспарды қалай құрғанын, оның тиімді жақтарын дәлелдейді. Презентацияны қорғау кезінде тыңдаушыларға, әсіресе, жас мамандарға қандай көмек керек?

Ең бастысы, жас мамандардың тәжірибелі мамандарға деген сенімі, қолдауы. Біліктілік арттыру курсы кезінде тыңдаушылардың арасында жағымды ынтымақтастық орта, психологиялық ахуал орнатып тұру, топтық, жұптық жұмыстарды жиі өткізу – тыңдаушылардың арасындағы достық қарым-қатынасты туғызады. Сонымен бірге өз кәсібі туралы әңгімелеу, ықшамсабақ өткізу, тренингтерге қатысу, постер қорғау да презентация кезінде қысқа мерзімді жоспарын қалай тиімді құрғанын әңгімелеуге көмекші болмақ.

Таныстырылымды қорғау кезінде жас мамандардың танымдық дағдыларының көрінуі байқалады:

-Кәсіби қызметіне өзгерістерді енгізудің мақсаттарын түсінуге деген ұмтылыс.

-Жеке кәсіби тәжірибесіне жаңа білім, білік, дағдыларды кіріктіру мүмкіндігі.

Эмоциялық (уәждік) аспект келесі қасиеттері арқылы көрінеді:

-Өз мүмкіндігін білу.

-Өзіне-өзі қанағаттану.

-Өзінің кедергілері мен артықшылықтарын біледі.

-Әлеуметтік аспект көріністері:

-Кері байланыстарға сезімтал болу.

-Әріптестері арасында өз орнын анықтау.

-Болашақ кәсіби дамуын жоспарлайды.

Нәтижесінде жас маман оқу бағдарламасын меңгергенін мінез-құлқы арқылы білдіреді.

Таныстырылымды қорғау барысында әр жас маман аяқталған сабақ жоспарын және мақсаттарды, тәсілдерді, әдістерді, олардың ресурстарын таңдау логикасын көрсететін түсініктемелерді ұсынады. Сонымен қатар әр таныстырылым маманның жеке кәсіби тәжірибесін көрсетеді. Әріптестердің сөзін критерийлер негізінде бағалау қажеттілігі ақпаратты сындарлы қабылдауын қамтамасыз етеді. Әріптестерінің ьаныстырылымына қатысты шешім шығара отырып, жас маман айтылған идеялардың қайсысы құнды болғандығы жөнінде және сабақты қалай жақсартуға болатындығы туралы өздігінен рефлексия жасап, түйсінеді.

Біліктілік арттыру курстарында жас маман тығыз байланыста жұмыстана отырып, «Қандай сұрағыңыз бар?», «Қандай көмек керек?», «Не түсініксіз ?» деген сұрақтарды жиі қоя отырып, оның жан-жақты жақсы маман болып шығуына көмегімізді жалғыз емес, топ болып көмектесетінімізді байқадым. Жас маман кімнен не үйренгісі келеді, кіммен тіл табысқысы келеді, өзі таңдайды.

Біз тек жас маманның дамуын қадағалап, алға жүруіне көмек ұсынып, «жайлы аумақ» жасаймыз. Жас мамандарды біліктілік арттыру курстарына жіберейік. Біліктілік арттыру курстары жас маман үшін ең қолайлы өсу ортасы.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. 17 бет. Астана-2016 ж.

2.Білім беру бағдарламалары, 2018 жыл. Астана-2018 ж.

3.Мұғалімге арналған анықтамалық. Астана-2018 ж.

 

Пікірлер 

 
0 #16 Молдабаева Жамила 2019-04-24 23:12 Құрметті Марал Әділгерейқызы!С іздің мақалаңызды толық оқып шықтым.Сіздің мақалаңызда жас мамандарға жақсы ұсыныстар берілген.Сізге творчестволық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #15 Маулим 2019-04-16 22:21 Билим беруде натижеге жету онай жумыс емес.Казирги танда жан-жакты билимди, Оз истеринин билгири болгысы келетин жас устаздар бар.Тек шаршамай,издену керек.Бул макалада жас мамандарга жаксы усыныстар берилген.Марал Адилгерейкызына шыгармашылык табыс тилеймин. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #14 Алия 2019-04-16 15:49 Саламатсыздарма ? Макаланы толык окыдым. Жанартылган билим мазмунынын жастарга комеги коп. Сизге шыгармашылык табыс тилеймин! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #13 Айхан Абуова 2019-04-16 15:38 Мақалаңыздың мазмұны терең. Жас мамандарға яғни бізге дұрыс жол көрсетеді деп ойлаймын. Осындай құнды материалмен бөлісе беріңіз Дәйексөз жазу
 
 
+1 #12 мейрамгул кенганова 2019-04-16 15:30 Саламатсыздар.Осы жаңартылган бағдарлама бойынша міндетті түрде жас маманға көмек керек деп ойлаймын.Ол үшін көп іздену керек деп ойлаймын Дәйексөз жазу
 
 
+1 #11 Аженова Махаббат 2019-04-16 15:30 Марал Әділкерейқызы сіз өте өзекті мәселені қозғапсыз,жас мамандар жаңашыл, ізденімпаз болуы керек,сізге тек сәттілік тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #10 Маширова Зоя Куандык 2019-04-16 14:30 Марал Әділгерейқызы! Мақалаңыз өте түсінікті, сәтті жазылған екен. Әрине, жас мамандарға курстарға бара беру керек. Жәнеде шаршамай, іздене білу керек. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #9 Үсен Маржан 2019-04-16 14:17 Құрметті менің тренерім Марал Әділкерейқызы қаламыңыз ұштала берсін. Мақалаңыз саналы жастарға мол тәрбие берері сөзсіз.Жас мамандарға ерекше көмек көрсетіліп,жоға ры деңгейде жақсы ұсыныстар көрсетілген.Бүгінгі жас маман ертеңгі болашақта ұлағатты ұстаз болып қалыптасады. Дәйексөз жазу
 
 
+2 #8 Дуванова Алия 2019-04-16 14:16 Құрметті Марал Əділгерейқызы мақалаңызды түгел оқып шықтым. Мақалаңызда құнды дүние жазылған. Білім мазмұнын жаңарту курстарына келген жас мамандарға қолдау көрсетіп, дұрыс бағыт беріп, əдістемелік көмек көрсету туралы жазылған мақалаңыз өте керемет. Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #7 Лаззат 2019-04-16 14:08 Мақалаңыз өте ұнады."Жас келсе іске" деген.Жастарға қажетті құнды ұсыныстар көп екен.
Мен өзім БМЖ курсынан өткенде Марал Әділгерейқызыны ң тыңдаушысы болғам.Мықты маман!Сәттілік сізге!
Дәйексөз жазу
 
 
+1 #6 Майбасова Үміт 2019-04-16 13:56 "Жастар жылы" мемлекеттік саясаты аясында өте өзекті бағыттардың бірі. Марал əріптес,мақалан ыз құнды. Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
+1 #5 Мадина 2019-04-16 13:52 Марал Әділгерейқызы, мақалаңызды түгел оқып шықтым. Құнды дүние жазылған керемет ой-толғаныс деп ойлаймын. Сізге шығармашылық табыс тілеймін Дәйексөз жазу
 
 
+1 #4 Mария Мырзахановна 2019-04-10 19:24 Әріптесімнің мақаласы жас мамандарға дұрыс бағытта өздерін жетілдіруге жол көрсетеді деп ойлаймын. Әрине жас мамандарға біліктілік арттыру курсына бардым деп тоқтап қалмау керек, курста алған білімін әрі қарай шыңдап отырғанда ғана еңбегінің жемісін көреді деп ойлаймын. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #3 Жолмағамбетова Г 2019-03-27 14:39 Мақалаңыз құнды екен. Бүгінгі ұлағатты ұстаз кешегі жас маман екендігін ескерсек, жас маманға жол сілтеу, дұрыс бағыт беруде бұл материалыңыз таптырмас дүние. Сізге сәттілік тілеймін Дәйексөз жазу
 
 
+1 #2 Сакенова Нургул 2019-03-26 17:29 Марал Әділгерейқызы макаланыз өте керемет. мазмұнды мақалаңызбен бөлісіп отырғаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Дәйексөз жазу
 
 
+1 #1 Динара Жумагалиева 2019-03-25 16:00 Құрметті Марал Әділгерейқызы, конференцияға қатысып, мазмұнды мақалаңызбен бөлісіп отырғаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Мақалаңызда біліктілікті арттыру курстарында, соның ішінде "жаңартылған" курсқа келген жас мамандарға ерекше назар аудару мен әдістемелік көмек беру бойынша құнды ұсыныстар көрсетілген. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.