Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
ЖАС МАМАНДАРДЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ

Гульфия БекетовнаАлипкалиева

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы

«Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Раглакова Элвира Нуруллиевна

Жалпы білім беретін Қазақстан негізгі мектебі

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы

Бүгінгі таңда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы жолдауында «Зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс», делінген.

Елбасы Н.Назарбаев «Қaзaқстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер oларға қaлaй бiлiм берсеңiздер, Қазaқстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбeкқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұрaтына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра бoлып келе жaтқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жaңғыртып, oны алға бaстырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлeне ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жaстaр еңбек жолына түскенде ғaна қоғамын өрге бастыра алады. Oтаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұрaты – жaстaрдың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрeкеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.

Бүкіл əлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мəселе қайта қаралуда. Осы мəселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені  үйренуі  керек?» жəне «Оқытудың тиімді əдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен жəне білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тəсілдермен тығыз байланысты.

ХХІ ғасырда мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай болу үшін білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын мұғалім болуға дайындау. Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы  ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, сұранысқа ие бола алатындай кәсіби маман, білікті педагог болу.

Осы орайда, жас мамандарға оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен іс-тәжірибедегі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдануда кәсіби әдістемелік қолдау көрсету болып отыр.

Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажет.

2016-2017 оқу жылы 1-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылды. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015ж. сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқып бастады.

Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік берді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын орындау, АКТ қолдану, тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.

Білім беру мазмұнын ізгілендіру, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі, жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Cол себепті ұстаздар әр caбағын сaпалы түрде ұйымдастырып, жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шaрт. Мектепте алған білімін өмірде қолдaна алaтындай етіп caбақ барысын құру, мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті тaлап етеді. Ол үшін әр ұcтаз ең алдымен өз білімін жетілдіру және шәкірттерін тұлғa ретінде тану керек. Шәкірт aлдындa білімің жетік, тәжірибең мол болу қaжет. Әлемдік деңгейде білім берудің қaзіргі талaбы оқытудың нәтижеге бaғдарлануы, оқушының жеке тұлғaсына бaғытталуы, ал оқыту әдіcтерін тұлғалық қaрым-қатынастарға бейімдеу бoлып отыр. Демек, oқушы білімді дaйын күйінде мұғалім түсіндіргенінен aлмай, өзінің өмірлік тәжірибеcіне сүйену арқылы танымдық, шығармaшылық тaпcырмаларды oрындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде oқушы дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен қөзқaрасы қaлыптаcады. Өйткені, жалпы білім беретін мектептер алдағы уақытта ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай еңбек етуі керек. Сондықтан үш тілді оқытуға да кезең-кезеңмен көшу жолдаудада айтылып өтті. Қазақ тілінің басымдылығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам болуы қажет. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі оқушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек. Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді.                                    Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстары кеңінен ұйымдастырылуда. Курсқа мұғалімдер түрлі ой, түрлі көзқарас, көптеген сұрақтармен келеді. Алдымен мұғалімдер негізгі құжаттармен танысады, (оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалауға арналған басшылық).  Осы үш құжатты бір-бірімен байланыстыратын нәрсе – оқу мақсаттары. Оны білудің қандай артықшылығы бар? Сабақты жоспарлау кезінде мұғалім осы құжаттарды қолдануы және қай құжаттан нені басшылыққа алатынын анықтай алуды үйренеді. Сондықтан курс барысында осы құжаттармен жұмысқа жиі оралып отыру қарастырылған. Бағдарламаның тағы бір артықшылығы – әр пәннің ерекшелігінің ескерілуі. Сол себепті бағадарламаның оқу-әдістемелік кешенінде бастауыш сыныпта оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер, белсенді оқу, тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдылары, мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, ойлау дағдыларын қалыптастыру, оқытудың маңыздылығы, оқушыларды уәждеу, зерттеуге негізделген оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі, тиімді кері байланыс ұсыну, критериалды бағалау және жоспарлауға дейін негізгі мәселелер қамтылған. Бұл бағдарламаның ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Бастауыш сынып пәндерін оқыту үшін қажетті жабдықтар, ресурстар мен материалдар: проектор, проекциялық экран және аудиоколонкалар, бейне және аудиоресурстар, компьютерлік бағдарламалармен жасақталған ноутбуктер, интерактивті тақта, үзіліссіз қуат беру көзі, принтер-сканер, MGA (датчиктер көмегімен деректерді тіркейтін аспап), сандық фотоаппарат, таблетка тәрізді батареялар мен тұтқыш. Айтылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әр педагог жетік меңгеріп үнемі қолдана білуі қажет.

Дегенмен, жаңашылдық болғаннан кейін қиындықсыз болмайды. Бағдарламаның ерекшелігін тәнті болғанымызбен әттеген-ай дерлік жағдайлар да кездесіп, мұғалім жұмысына кедергі келтіріп жатқан кездер де аз емес. Ол бағдарлама мен оқулықтың сәйкес келмеуі, АКТ-дың кейбір мектептерде қамтылмауы, ауылдық мектептерде жаратылыстану пәні бойынша кабинет қарастырылмаған, тәжірибе жасауға кедергі болуы.

Әрине, жаңа бастаманың қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып, шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай, нәтиже аламыз деп сенеміз.

Қортындылай келе, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген. Ал мектепке оқытушы болып кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман келгенде, оған барлық әдістемелік көмек көрсетілуі тиіс. Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз - деген ұлы педагог К.Д. Ушинский

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» /http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-nanazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2018-zhylgy-5-kazan
  2. Егемен Қазақстан газеті №4, 9, 11 – 2017ж.
  3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы
  4. Орта мектеп жаршысы республикалық оқу-әдістемелік журнал №4 - 2016ж.
  5. Əлмұхамбетов Б. А., Жаңа мазмұнды білім беру ісін жүзеге асырудағы біліктілікті арттыру жүйеснің рөлі// Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы //Справочник образовательного учреждения. - 2007.-№1.
  6. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Бодди Д., Пэйтон Р. Основы менеджмента: Пер. с англ. СПб.: Питер, 1999.

 

 

Пікірлер 

 
0 #9 Mария Мырзахановна 2019-04-11 12:19 Әріптесімнің мақаласы жас ұстаздарға ғана емес барлық ұстаздар кез келген уақытта ұмытып қалғанын нсіне түсіруге өте қажетті көмекшіқұрал деп ойлаймын. Себебі жаңалықтың көптігінен кей уакытта өзңміз де ұмытканымызды карап есімізге түсіру үшін әлеуметтік желіге немесе әріптестерге жүгінеміз. Бұл мақала өз-өзіңді жетілдіріп еске түсіруге жаныңда жүрсе үлкен көмек. Рахмет Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Ақжарқын Болатқызы 2019-03-30 19:33 Педогикалық құзіреттілікті дамыту өмір бойы жүреді.Жас ұстаздарға шығармашылық бағытына жақсы тоқталғансыз.Заман талабына сай кез-келген бағытта жаңашылдықты талап етеді.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Ақжарқын Болатқызы 2019-03-30 19:32 Педогикалық құзіреттілікті дамыту өмір бойы жүреді.Жас ұстаздарға шығармашылық бағытына жақсы тоқталғансыз.Заман талабына сай кез-келген бағытта жаңашылдықты талап етеді.Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Гулмира Тулепова 2019-03-27 22:03 Мақала тамаша жазылған. Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және критериалды бағалауға арналған атты наұты құжаттарды білудің қажетілігі туралы, жас мамнның кретивті болуы үшін маңызды мағлұматтар берілген. Рахмет Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Нурзия Баспаева 2019-03-27 11:28 Педагогтар қазіргі таңдағы білім беру саласындағы ең өзекті мәселе -бәсекелестікке қабілетті, сұранысқа ие бола алатындай кәсіби маман, білікті педагог болуына тоқтап, оны шешу жолдарын ашып берген. Рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Баймурзиева Алия 2019-03-26 19:29 өте жақсы көрнекті жұмыс. жаңартылған оқыту жүйесі мен жас ұстаздар туралы өте құнды пікірлер жазылған. көп рахмет Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Тапауова.А.А. 2019-03-26 14:25 Мақалада жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді көрсетілген. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Айкерим Кайыпова 2019-03-26 13:53 Жас мұғалімдерді жаңартылған білім беру жүйесімен толық таныстыру өте маңызды. Мақалаңызға рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Бижанова Гулбакит 2019-03-23 23:06 Сіздің баяндамаңызда айтылған кейбір шешілмеген мәселелерге тоқталғансыз ,оған қосыламын.Қазірг кезде жаңартылған бағдарламаны игергенмен,ресу рстардың тапшылығы ,мысалға ауылдық жерлерде интернет желісі нашарлығы ,технологиялық АКТ құралдар тапшылығынан оқу процесінің дамуына кедергі келтіреді.Сізге жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.