Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАРЫНДА ЖАС ӘДІСКЕР МАМАННЫҢ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

Шамуратова Куралай Шамуратовна

Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі, педагогика магистрі Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Қазақстандық білім беру жүйесінің дамуы, жаңа стандарттардың енгізілуі, білім беру қызметкерлері, әсіресе мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері қызметіне жаңа талаптар қойды. Бүгінде әдіскер мектепке дейінгі ұйым педагогтарына әдістемелік, кеңес беру, ақпараттық көмекті заманауи құралдарды, әдістер мен технологияларды, ақпараттық- білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз қызметін тиімді түрде жүзеге асыруы тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  жолдауында: «Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда»-деп атап көрсеткен болатын.

Кәсібилік - адамдардың күрделі (кәсіби) жұмысты кез-келген жағдайда жүйелі түрде тиімді және сенімді жасайтын ерекше қасиеті.

Бұл ретте кәсіби қызмет ұғымы күрделі жұмыс ретінде түсіндіріледі, ол адамның алдына нормативті қалыптасқан сипаты бар кез-келген нәрсенің орындалу тәсілі ретінде ұсынылады. Кәсіби қызмет объективті тұрғыдан күрделі, сол себепті оны игеру қиын, теориялық және тәжірибелік оқудың ұзақ мерзімін қажет етеді.

Әдіскер педагогтармен ақпараттық-білім беру ортасында өзара үйлесімді жұмыс жасауы үшін оқу, шығармашылық және кәсіби міндеттерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ұйымдастыру формаларын, ақпараттық байланыс құралдары мен әдістерін, электронды әдістемелік қызметтер (сайттар, мәліметтер базасы мен банкі және т.б.) қолданып жүзеге асыруда құзырлы болуы тиіс.

Кәсіби қызметтің дамуы және жүруін қамтамасыз етуде мынадай ерекше шарттар маңызды рөл атқарады: педагогтар және балалар ұжымындағы моральдық-психологиялық атмосфераның сипаты, педагогтардың педагогикалық мәдениетінің дәрежесі және т.б.

Кәсіби қызметтің даму бағытын анықтауда, әдістемелік қызмет іске асатын кеңістік жағдайын есепке алу маңызды рөл атқарады, өйткені оның жұмысы аймақтық, жергілікті жағдай, мектепке дейінгі ұйымның ерекшелігімен, нақты педагогикалық орта, қажетті педагогикалық кадрлардың біліктілік дәрежесі, білім беру үдерісінің жабдықталу дәрежесімен (кабинеттер, әдістемелік және ойын құралдары, жабдықтар және т.б.) ерекшеліктеріне негізделеді.

Әдіскердің кәсіби қызметінің негізін құрайтын кеңістік жағдайын есепке алу қажеттілігі, жеке және ерекше, жалпы бірлік принципін іске асыруға негізделген.

Әдіскерлердің кәсіби қызметінің өсуі мен қалыптасуына бірінші ретте педагогикалық жүйелер:

  • жүйелік-іс-әрекеттік;
  • акмеологиялық;
  • андрогогикалық;
  • аксиологиялық тәсілдер пайдалану ықпал етеді.

Акмеология -(Көне грек: akme — биік, шың, табыс, logos — ілім)  адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңга жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым; жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндер тоғысында  пайда болған, белгілі бір іс-әрекет сферасында адамның жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым. Кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік деп қарастырады.

«Андрагогика» терминіне қарағанда «ересектерді оқыту», «алдағы білім алу» және «ересектер педагогикасы» терминдері жиі қолданылып жүр. Соған қарамастан, И.А.Колесникованың сөзіне сәйкес, андрагогика «адамның үздіксіз білім алуы, тек қана ересектерді білім беруді ұйымдастыру ісіне тарту немесе өндірісті, экономиканы, адамзат қауымын дамыту мақсатында үздіксіз білім беру жүйесін құруға қарағанда жаһандық деңгейдегі құбылыс екенін түсіну маңыздырақ». Оқытудың нақты бір кезеңі, оқу орнының «қабырғасы» мен ережелерімен шектелмеген жағдайда үздіксіз білім алу өміршеңдік, ал адамның өмірі үздіксіз білім алу үдерісі сипатына ие болады. Өмір бойы үздіксіз білім алу адами қасиеттердің (басқаша айтқанда,  адами келбеттің) толысуына ықпал етеді. Осы орайда ересек білім алушыны жетелеу– мемлекетік және қоғамдық құрылыстың барлық деңгейінде үздіксіз білім алу үдерісінің дамуына ықпал ету дегенді білдіреді.

Жүйелілік-іс-әрекеттік тәсілді білім, білік, мотивті қалыптастыруда қолдану керек.

Әдіскердің кәсіби қалыптасуы мен дамуы олардың жас ерекшелігіне, даму факторы және өзін-өзі дамуына, бірегей өмірлік және кәсіби тәжірибеге сүйене отырып, тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуға қолайлы орта жасауға бағдарланып жүзеге асырылуы тиіс. Ересек адамның өзінің тәжірибесіне сүйене отырып алған білімінің мазмұны құнды да тиімді болып табылады және оңтайлы игеріледі. Сондықтан да ақпараттық білім беру ортасы жағдайында әдіскерлерді кәсіби қызметке дайындауда андрогогикалық тәсілді негізге алады.

Педагогикалық аксиология:

  • 1. тәрбие, білім, оқу, педагогикалық қызметі адам өмірінің құндылықтары ретінде қарастырылатын педагогикалық білім тарауы; 2.педагогикалық қауымдастың жаңалықты, инновацияларды қабылдауы, бағалауы және игеруі жөнінде ғылыми білім (әлеуметтік-педагогикалық қауымдастықтың жаңаны кабылдау туралы ілім.

Әдіскерлердің ақпараттық-білім беру ортасы жағдайында кәсіби қызметке дайындығының қалыптасуының принциптері:

Әдістемелік принциптер

Оқытудың ерекшеліктері

Белсенді шығарма-шылық қатысу  принципі

Әдіскер білімді жұмысқа араласа отырып алады, бұл ретте өзінің кәсіби қызметінің формасы мен мазмұнын жетілдіруге белсене қатыса алады.

Үздіксіздік принципі

Әрбір алдыңғы кезең қызметінің қорытындысы келесі кезеңнің басталуын қамтамасыз етеді. Үдерістің үздіксіздігі оқу мазмұны мен әдістің өзара барлық саты бойынша сабақтасқан инвариативті технология арқылы жүзеге асырылады.

Жеке-тұлғалық тәсіл принципі

Ересек тұлғаның даму заңдылығын, өзінің жинақталған тәжірибесін есепке алу. Тұлғаның шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау. Ересектерді оқыту субъективтілікке, тұлғаның іс-әрекетін саналы түрде анықтауына бағдарланады.

Оңтайлы нұсқаны таңдау принципі

Әдіскерде вариативті ойлауды дамыту, яғни мәселенің  түрлі  нұсқадағы мүмкіндіктерін            түсіну, нұсқаларды  жүйелі түрде сұрыптау және оңтайлы  нұсқасын  таңдау.

Психологиялық жайлылық принципі

Бұнда       педагогикалық        ынтымақтастықтық идеяларын жүзеге  асыруға бағдарланған жайлы атмосфера жасалады.

Ашықтық принципі

Өзін-өзі оқыту мүмкіндігі, әдіскерлердіңөзін-өзі оқытуды ұйымдастыруы.

Субъект-өзара субъектік  іс- қимыл

Өзара іс-қимылда прагматизмді басшылыққа аламыз, білім беру үдерісіне қатысушылар арасында диалогты қолданамыз.

 

Әдіскерде мынадай тұлғалық қасиеттер болуы керек: адалдық, өнегелік, жоғары жауапкершілік және моральдық тұрақтылық, бірге жинақылық, ұйымдастырушылық, әдептілік, ұстамдылық, зейінділік, риясыздық, түсінушілік.

Әдіскердің маңызды кәсіби сапаларына жатады:

  • Тіл тапқыштық;
  • Шешім тез қабылдау білу білігі;
  • Талдау қабілеті;
  • Ұйымдастырушылық қабілеті;
  • Іскерлік ;
  • Дамыған интуиция;
  • Жақсы жады;
  • Психологиялық тұрақтылық;
  • Жарқын жүзділік;
  • Мәдениеттің жоғары деңгейі;
  • Белсенділік.

Әдіскер мен педагогикалық ұжымның өзара байланысы әрбір педагогтың жеке бас ерекшелігін ескере отырып жүргізілуі тиіс, сондықтан да интербелсенді және тұлғалық-бағдарлану технологиясын әдістемелік жұмыста қолдануы керек. Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру үшін өзара байланысты бес модульді бағдарлама құрастыру маңызды:

-педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру;

-зерттеу және тарату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

-педагогикалық мотивация жұмысты қамтамасыз ету;

-тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара қарым-қатынасы;

-аттестация кезеңде педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.

Қорыта келе, жоғарыда көрсетілген педагогикалық жағдайларды сақтау әдіскерге кәсіби қызметін барынша тиімді орындауға мүмкіндік береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» /http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysynanazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2018-zhylgy-5-kazan
  2. Ш.Т.Таубаева, С.Н.Лактионова Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования.‐ А.,2001
 

Пікірлер 

 
0 #7 Гулмира Тулепова 2019-03-27 22:49 Құнды мақала, тамаша пікір. Кәсібилік, педагогикалық аксиология туралы өте жақсы айтылған. Сондай-ақ, әдіскердің кәсіби салалары туралы өте жақсы баяндағансыз. Көп мәліметтер алдым. Рахмет Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Гулмира Тулепова 2019-03-27 22:49 Құнды мақала, тамаша пікір. Кәсібилік, педагогикалық аксиология туралы өте жақсы айтылған. Сондай-ақ, әдіскердің кәсіби салалары туралы өте жақсы баяндағансыз. Көп мәліметтер алдым. Рахмет Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Бибигуль 2019-03-26 19:02 ҚҰРАЛАЙ ШАРУРАТОВНА МАҚАЛАҢЫЗ ҚҰНДЫ. әДІСКЕР МЕН ПЕДАГОГИКА ҰЖЫМЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫН НАҚТЫ КӨРСЕТКЕНСІЗ. СІЗГЕ СӘТТІЛІК Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 К.Н.Менешева 2019-03-26 13:59 Әдіскер педагогтармен ақпараттық-білім беру ортасында өзара үйлесімді жұмыс жасауы үшін оқу, шығармашылық және кәсіби міндеттерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды , ұйымдастыру формаларын, ақпараттық байланыс құралдары мен әдістерін, электронды әдістемелік қызметтер (сайттар, мәліметтер базасы мен банкі және т.б.) қолданып жүзеге асыруда құзырлы болуы тиіс.Сіздің мақалаңыз өте құнды мәлімет. Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 К.Н.Менешева 2019-03-26 13:58 Әдіскер педагогтармен ақпараттық-білім беру ортасында өзара үйлесімді жұмыс жасауы үшін оқу, шығармашылық және кәсіби міндеттерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды , ұйымдастыру формаларын, ақпараттық байланыс құралдары мен әдістерін, электронды әдістемелік қызметтер (сайттар, мәліметтер базасы мен банкі және т.б.) қолданып жүзеге асыруда құзырлы болуы тиіс.Сіздің мақалаңыз өте құнды мәлімет. Сізге шығармашылық табыс тілеймін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Айкерим Кайыпова 2019-03-26 13:54 Мақалаңыз өте жақсы. Өзіме қажетті құнды мәліметтер ала алдым. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Жолдасова Ажар 2019-03-23 09:42 Болашағына алаңдайтын жас мамандар үшін өте құнды мәлімет екен Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.