Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
ӨЗГЕРЕТІН КЕЗ КЕЛДІ ...

Габбасова Багдагул Беккалиевна

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ аға оқытушы, тренер

2019 жыл Жастар жылы екенін және жасалып жатқан мемлекеттік бастамалардың барлығы жастардың болашағына, «алға ұмтылған елдердің артында қалып қоймауға тырысатын белсенділерді даярлауға» бағытталғаны туралы: «Қазіргі қазақстандық жаңа, жас ұрпақ – Қазақстанның қол жеткізген ең басты жетістігі, менің мемлекеттік басшысы ретінде талай жыл қызмет еткен еңбегімнің жемісі деп білемін.

Мен бүгін сіздермен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын және Қазақстанда Жастар жылының басталуымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Әрине, Қазақстанның болашағы сіздерге, сіздердің патриоттық рухтарыңызға, алған білімдеріңізге, тіпті сіздердің энергияларыңызға тікелей байланысты. Мен мұны Қазақстанның бүкіл жастарына айтып отырмын», – деп мемлекет басшысы елде Жастар жылының басталуына орай өткізілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты салтанатты жиын барысында өз ойын білдірген болатын.

Бұл үдерісті қай салада болмасын жастар үшін үлкен мүмкіндік деп қабылдаған дұрыс шығар. Білім саласын алатын болсақ, жастар үшін «жас маман», «жас кадр», «жас педагог», «жас шәкірт» деген сияқты терминдерді қолданамыз. Жас педагогтер 3 жыл еңбек өтілін жасағаннан кейін біліктіліктерін арттыру мақсатында қайта даярлау курсынан өтеді. Бүгінгі таңда білім саласында өзгерістер жетерлік...

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курсқа келетін ұстаздардың 30 пайызы жастарды құрайды.

Осы тұрғыда жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты пәндер бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады. Яғни, әрбір оқушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін  SMART-мақсат қоя отырып, оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін шәкірттердің жүрегіне жол тауып, белсенді оқу әдіс-тәсілдерін қолдана отырып егемен еліміздің табысты  ұл-қыздарын тәрбиелеуде әрбір ұстазға үлкен жауапкершілікті жүктейтіні сөзсіз.

Білім саласындағы өзгерістер туралы жазылған «Өзгеретін кез келді ...» атты өз ой толғауыммен бөлісуді жөн санадым. Бұл жас мамандарға үлкен ой тастайды деген сенімдемін.

(Ой толғау)

ӨЗГЕРЕТІН КЕЗ КЕЛДІ ...

Қоғам бүгін кереметтей өзгерді,

Мазмұнына білімнің жаңаша бір  өзгеретін кез келді.

Айтар болсақ, Әуезовтің сөзімен: «Халық пенен халықты

Білім ғана, ғылым ғана теңгерді»

 

Білім беру жүйесінің мақсаты да өзгерді,

Жаңа формат, жаңа мазмұн, «4 дағдыны» меңгеретін кез келді.

Болу үшін бәсекеге қабілетті нарықта,

Үзіліссіз өмір бойы білім алу көзделді.

 

Мұғалімнің әрекеті, көзқарасы өзгерді,

Ізденіс пен біліктілікті арттыратын кез келді.

Қай іске де қиналмастан шабыттанып кірісетінҰстазға,

Елбасы да, мемлекет те сенімменен дем берді.

 

Мектептегі оқушыны бағалау да өзгерді,

Тапсырманы әр балаға саралайтын кез келді.

Білім беру қағидаты: «Не білу» емес, «Не жасай білу» екендігін түсініп,

Түзете отырып, қалыптастыратын бағалауды ел көрді.

 

Сыныптағы ахуал да, қарым-қатынас та өзгерді,

Ынтымақтастық орта болса, достасатын кез келді.

«Шаш алдесе, бас алатын»-қағидамен қоштасып,

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» айта алатын кез келді.

 

Балаларға қолдау жасап, мадақтауда өзгерді,

Рефлексия этаптарын: «Тоқта, бұрыл, есеп бер!» - меңгеретін кез келді,

Әрқашанда баласының болашағын болжам жасап, қолдайтын

Ата-ананың қоғамдағы пікірі де өзгерді.

 

Балаларды қолдап, қорғап, мадақтау да өзгерді,

Сыни ойлап, қызыға талдап, өнерді де тең көрді.

Өз елін де, шетелді де таңқалдырған талай қазақ баласы

Қиналмастан емін-еркін үш тілді де меңгерді.

 

Қарап тұрсаң айналаңа Әлем түгел өзгерді,

Рухани құндылықты меңгеретін кез келді.

Білімді ұрпақ болу үшін болашақта Қазаққа

Басқа елді тең көретін, ішкі әлемі өзгеретін кез келді.

Қадірменді әріптестер, бәрімізге өзгеретін кез келді!

 

Пікірлер 

 
0 #6 Mария Мырзахановна 2019-04-10 19:19 Әріптесімнің мақаласы Ушинскидің "мұғалім ізденуін тоқтатқанда мұғалім болудан қалады"-деген сөзіне тағы бір дәлел деп ойлаймын. Жаңару мен іздену, өз білімін жетілдіру, өзгеру әрбірімізге қажет. Себебі қазіргі оқушылардың талабы мен қызығушылығы тіпті бөлек. 1сабақтың жоспарын дайындау үшін кемі 2-3 сағат уақыт кетеді.себебі дәстүрлі сабақ оқушыларға қызық емес, балалар күнделікті мұғалімнен бір жаңалық күтіп отырады. Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Жарқынай Мұратқызы 2019-03-31 18:15 Салеметсізбе!ма қалаңыз қазіргі заман талабына сай өзекті мәселереді қозғап жазылған.Мақалаңыз құнды мәліметтерге толы.Өз қоржыма жақсы мәліметтер алдым.Осындай бағытта жұмыстанған тәжірибелеріңіз бен бөлісіп отырыңызшы деген ұсынысым бар еді.Рахмет: Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Гулмира Тулепова 2019-03-27 22:23 Беккалиевна қашанда құнды пікірлеріңізбен бірге өз шығармашылығыңы здан туындаған өлең шумақтарымен әсерлі жазасыз. Жас мамандарды оқытып, олардың болашағына әрдайым алаңдап отырасыз. Рахмет. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Муканова Гульфайрус 2019-03-27 14:54 Багдагуль Беккалиевна ,жазған мақалаңыздың терең ойы бар,керемет сөздер! Білім саласындағы өзгерістермен ,жас мамандардың өзгеретін кездері келгендігі туралы көп ой тастағансыз. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Жолмағамбетова Г 2019-03-27 14:30 Мақалаңыз құнды. Заман ағымына ілесіп жазылған өлеңіңіз де жақсы екен. Сәттілік тілеймін Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Нурзия Баспаева 2019-03-27 13:01 Керемет толғау, автордың өмірге, білімге, еңбекке деген жоғары құлшынысын көрсетеді.Өте ризамын, жастардың болашағына сенемін.Бәрі өзіңіздің қолыңызда.Алға! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.