Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
МЕКТЕПТІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАС МАМАНДАР ҚОЛЫНДА

Тулепова Гулмира Набидоллаевна

БҚО, Жаңақала ауданы

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жастарды қолдау саясаты әрқашан мемлекет тарапынан түскен емес. Еліміздің болашағы бүгінгі жастардың қолында. Сондықтан мектепке келген жас маманға дұрыс жол көрсетіп, бағыт беру жас маманның  тәлімгері мен мектеп директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеті.

Мектепте жас мамандармен жұмыс жоспары бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында түрлі жұмыстар өткізіледі.  Жас мамандарға  күнделікті сабақты жоспарлау, іс-қағаздармен жұмыс, нормативтік құжаттармен танысу  тағы басқаларды үйрете отырып, оның өзінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында көмектер ұйымдастырылады. Сондай-ақ сабақтарына қатысып, тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына ену арқылы да үйренерлері мол.  Жас мұғалімге   сабаққа қатыса отырып, тәжірибелі мұғалімнен үйрене отырып, өз сабақтарын қалай өткізетіндігі жөнінде қорытынды жасайды.  Тәлімгер  үнемі қолдау көрсетіп, жас мұғалімнің мектепте оқыту үдерісінің барысына үйреніп, шараларды өткізуде шығармашылық бағытқа  жетелеу басты міндеті.

Қазіргі таңда мұғалім біріншіден, жеке көзқарасы бар, өз құқығын қорғай білетін позитивті көзқараста, жігерлі  білімді  маман болуы тиіс. Ізденушілік, ойшыл, зерттреушілік қасиеті  бар мұғалім ғана нәтижеге қол жеткізе алады. Нағыз мұғалім өзінің әр сабағына есеп береді, оқушы алдындағы міндетін жақсы біледі.

Екіншіден,  мұғалім педагогтік, психологиялық білімін үнемі жетілдіре отырып, сол білігін күнделікті  сабағына пайдалана білуі тиіс. Қазір ақпараттың тез дамып жатқан  заманында мұғалім жан-жақты біліммен қаруланған және ақпараттық технологияны  мықты игерген маман болуы қажетті. Қандай  пәннің мұғалімі болса да , ол баланың өмірінің әр саласына  қатысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болуы тиіс.

Үшіншіден, міндетті орта білім беру стандарты, оқулықтар, ақпараттардың көбеюі мұғалімнің білім берудегі жетекші ролін жойды. Қазір білім негіздерін өз бетінше оқуып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім, қазір нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан жақты даму үшін балаға осы жағынан мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай білуі шарт. Соның нәтижесінде күрделі жағдайларда  шешім таба алатын дәрежеге жетуге болады.

Бесіншіден, мұғалім адамгершілік тұрғыдан өз жұмысын ұйымдастырып, бала тәрбиесінде  ынтымақтаса қызмет ететін тұлға айналуы керек.бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика мен этнопсихология негіздерін меңгеріп, өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет. Сонда ғана мұғалім -  нағыз ұстаз болады.

Біздің мектепте  жас мамандармен жұмыс жүйелі жүргізілуде.  Оның дәлелі ретінде қаңтар айында өткен «Мамандығым-мақтанышым!» атты жас мамандар апталығы.  Осы апалық аясында жоспар жасалып, жас мамандарды жинап әдістемелік көмек отырысы өткізілді.  Кейін апталық аясында барлығына ашық сабақтар өткізу берілді.  Олар бір –бірінің ашық сабақтарына қатысып, кейіннен талдап, қорытынды жасап отырды. Сенбі күні жас мұғалімдер барлық мектеп мұғалімдеріне арналған «Көңілді сөре» атты спорттық-танымдық жарыс өткізді. Жарыс аясында биылғы Елбасының саясаты  бойынша  «Жастар жылы » боп жарияланғанын және ел болашағы білімді жастар мен жас мамандар қолында екені айтылып, жастарды белсенді ұйымшыл болуға шақырды.  Билеттер суырып, сол бойынша топтарға бөлініп, кедергілерден өту, баскетбол добын салу, логикалық сұрақтарға жауап беру, әуен музыкасын табу т.б турлардан тұратын сайыста «Тұлпар» тобы – орынды жеңіп алды. Сайыс соңында  сенбі күні тамаша демалыс сыйлаған жас мұғалімдер тобына тәжірибелі ұстаздар алғыстарын айтты.  Кейінен, «Сіз бен біз» сұрақ жауап токшоуы өткізіліп, онда жас мұғалімдер көкейінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауап алса, тәжірибелі ұстаздар қазіргі жас мұғалімдерден қандай қасиеттерді көргісі келетіндігі жөнінде әңгімеледі. Кей жастарға ақылын айтты.

«Жас маманға көмек- заман талабы» атты әдістемелік кеңес оздырылып, онда жас маманға жеті кеңес берілді. Екі жыл өтілі бар жас мамандар өз жетістіктері , жұмыстары жөнінде есеп берді. Тәлімгерлер өзіне берілген жас мамандардың сабағы, тәртібі, т.б туралы айтып өтті.

Мектепішілік әртүрлі қоғамдық шараларға белсене қатысқан жас мұғалімдерді марапаттап, оларға мотивация беріп отыру әдістемелік кеңестің басты міндеті.  Мектеп көшбасшылары жанынан құрылған «Жас ұшқын» тобы да жүйелі жұмыстарын жасауда.

Жас маманның алғашқы сабғына сыни көзбен қарау мақсатында емес, үйрету, бағыттау мақсатында қатысқан жөн.  Оқу ісі жөніндегі орынбасары жеке сөйлесу, кеңес беру арқылы жас мұғалімді үнемі бағыттап отырса, ол дұрыс жолды таңдап, дұрыс қалыптасады. Тексеру жұмыстары кемшілік іздеу бағытында емес, түзету бағытында жүргізілсе және мектепке келген жас мұғалімге үнемі қолдау көрсетіп отырса, нағыз шебер мұғалім болып қалыпауына бағыт беру бағытында жүргізілсе нұр үстіне нұр болады.

Мектептің жақсы нәтиже көрсетуіне жас маманның да алар орны ерекше. Өйткені әр жас мұғалім өз пәнін жетік біліп, сабағын жақсы өткізсе, балаларға дұрыс білім беретін болса және мектептегі жақсы оқитын оқушылар болашақта мұғалім болуға ықпал жасаса, міне, қазіргі жас маманнан күтетін нәтижеміз. Қатарының алды болып, ұйымшыл, қандай істе де өз ұйымшылдықтарын көрсетсе, сондай-ақ тәртіпті де, дарынды болса мектептің ісінің алға басуына бірден бір септігін тигізетіні анық. Дегенмен, кей жас маманның өз пәнін жетік білмей, мұғалімдік жолға байқамай келіп қалғандары да бар.  Олармен жақсы жұмыстанып, нәтиженің көбі таза еңбекпен келетінін оларға ұғындыру қажет. Еңбектенсе, көп оқыса, ізденсе алынбайтын асу жоқ екеніне көздерін жеткізе отырып, бірлесе жұмыстануымыз  тиіс.

Болашақ жастардың қолында, демек мектептің болашағы қазіргі жас мұғалімдердің қолында екені баршаға аян. Сондықтан , жас мұғалімдерге қолдау көрсету, бағыттау әдістемелік кеңестің міндеті.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Жас маманға көмек. Ақпараттық құралдан
  2. «Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары» республикалық журналы
 

Пікірлер 

 
0 #10 Ляззат Жалмаханова 2019-04-12 18:40 Биылғы жыл жастар жылы жарияланып,жаст арға қолдау көрсетіліп жатқанына қуаныштымыз.
Мектебіңізде жас мамандар арасында өткізілген апталық"Мамандықпен мақтанам"және іс-шараларыңыз жас мамандарға кәсіби маман ретінде қалыптасуға ықпалы тиіп,жасаған еңбектеріңіз жалғасын таба берсін!Жас маманды әрқашан қолдап жүрейік!
Дәйексөз жазу
 
 
0 #9 Гулсим Мамырова 2019-04-11 21:48 Мақала өте құнды. Өзіме керекті мәліметтерді түртіп алдым. Көп рахмет Дәйексөз жазу
 
 
0 #8 Гулсим Мамырова 2019-04-11 21:48 Мақала өте құнды. Өзіме керекті мәліметтерді түртіп алдым. Көп рахмет Дәйексөз жазу
 
 
0 #7 Бибигуль 2019-04-07 20:26 Гулмира Набадоллаевна мақалаңызда мектебіңізде жас маманға ерекше көңіл бөлінетіні байқалды.«Мамандығым-мақтанышым!» атты жас мамандар апталығы және «Жас маманға көмек- заман талабы» атты әдістемелік кеңес оздырылған, өте тамаша.Болашақ жастардың қолында, демек мектептің болашағы қазіргі жас мұғалімдердің қолында екені баршаға аян. Сіздің мектептің жас мамандары мықты екеніне сенемін. Сәттілік сізге және сіздің мектепке. Дәйексөз жазу
 
 
0 #6 Сағынов Әділет 2019-03-29 12:12 «Жас маманға көмек-заман талабы» атты әдістемелік кеңес өткізіп, жас мамандарға кеңес бергеніңізге көп рахмет. Мақалаңыз керемет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #5 Турсынай Ерболвна 2019-03-29 11:57 Жас мамандарды қолдап, бағыт беріп, әдістемелік көмек көрсетіп жазған мақалаңыз өте керемет. Шығармашылығыңы з арта берсін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Мария Мырзахановна 2019-03-28 12:22 Жас маманды жоғары дәрежелі маман болуға көмектесіп, қолдау көрсетуде тәлімгер мен мектеп әкімшілігі өте жоғары орын алады. Әріптесіміздің мақаласы өте керемет.сәттілік. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Самал 2019-03-27 16:42 Мақала жақсы жазылған. Дұрыс әрдайым жастарды қолдап, оларға бағыт беру біздің басты міндетіміз. Қандай жұмыстар ұйымдастыруға болатыны, мұғалімге қандай талаптар қоятыны туралы тамаша жазылған. Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Эльмира Дюсембаевна 2019-03-27 15:12 Наставничество – это постоянный диалог, межличностная коммуникация, следовательно, наставник прежде всего должен быть терпеливым и целеустремленны м. Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Эльмира Дюсембаевна 2019-03-27 15:02 Педагогами­-наставниками были тщательно подобраны формы и методы обучения молодых учителей в процессе их инновационной деятельности:ре флексивно-­деловая игра;практическ ое занятие;индивид уальные консультации; посещение и анализ открытых уроков; мастер классы; педагогические мастерские. Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.