Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді ұйымдастыру
27.04.2020 16:30

Куәлік

2020 жылғы 27 сәуірінде «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» барлық жалпы білім беретін мектептердің сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдеріне арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді ұйымдастырудың жолдары» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты: Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ  тілі мен әдебиеті сабақтарын ұйымдастырудың маңызды мәселелері бойынша мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу,  тиімді диалог алаңын құрып, әдістемелік  қолдау көрсету және кеңес беру, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Вебинарға қатысушылар үшін  қазіргі таңда өзекті мәнге ие  оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтан оқытудың маңыздылығы мен ерекшеліктеріне, нормативтік құжаттарына тоқтала отырып, қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ  тілі мен әдебиеті сабақтарын ұйымдастырудың маңызды мәселелері бойынша мұғалімдердің  тиімді диалог алаңында  іс-тәжірибе алмасуы жүзеге асырылды.

Вебинар жұмысының бағыттары «Қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?», «Қашықтық оқу жағдайында оқушыларға тапсырмаларды ұсынудың тиімді жолдары»,  «Қашықтықтан оқыту кезінде тапсырма беру және кері байланыс жүргізу»,  «Қашықтықтан  оқыту жағдайында оқушылардың  көркем әдеби шығармаларды талдау  дағдыларын қалыптастыру»,  «Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді  кері байланысты ұйымдастыру жолдары» тақырыптарын қамтып, осы бағыттарға сай Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Ерментаева Әсел Сатқанқызы, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназияның мұғалімі Бекбулатова Нургул Уаповна , Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназияның  мұғалімі Бисенова Лаззат Бирлесовна , Орал қаласы, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының мұғалімі Темирбаева Құралай Хабибуллақызы, Ақжайық ауданы, №1 ОЖББ мектебінің  мұғалімі  Биранова Улжан Талгатовналар  өз тәжірибесіндегі ерекшеліктермен бөлісті. Қашықтықтан білім беру жағдайында оқу процесін  ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіре отырып, тың идеялар мен озық тәжірибелерге, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсетті.

Вебинарға 50-ден аса  мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдері қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті.

Өткізілген шарада мұғалімдерге  әдістемелік  кеңес беріліп, қолдау көрсетілді.  Вебинар кері байланыс арқылы өз мәресіне жетті.

Бахтиярова Рысқаным Жолболсыновна «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» сертификатталған тренері

 

Пікірлер 

 
0 #57 Valentina 2021-10-13 10:26 Hi, do you realize that stylesheet doesnt work? Just wanted to make you aware of this

Take a look at my page … ID mobille voucher coe 2020 (Latashia: https://www.vouchersort.co.uk/idmobile.co.uk)
Дәйексөз жазу
 
 
0 #56 Kayleigh 2021-03-01 13:20 Any suggestions how to do this in real life please?

Review my blog post :: Vouchersort: https://www.carhubsales.com.au/user/profile/224556
Дәйексөз жазу
 
 
0 #55 Alecia 2021-02-20 10:52 Quick question, are you bothered that this site doesn't load correctly on Firefox?
my wweb site: all Joe Browns discount codes: http://cgi.www5b.biglobe.ne.jp/~tirutiru/bbs/lovebbs.cgi?command=viewres&target=inf
Дәйексөз жазу
 
 
0 #54 Бакытканым 2020-06-02 10:45 Мен осы вебинарға қатысып едім, сертификат маған жоқ м, неге Дәйексөз жазу
 
 
0 #53 Бакытканым 2020-06-02 10:44 Мен осы вебинарға қатысып едім, сертификат маған жоқ м, неге Дәйексөз жазу
 
 
0 #52 Хайруллина Айгуль 2020-05-02 13:32 Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын ұйымдастырудың маңызды мәселелері бойынша мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасуға, тиімді диалог арқылы әдістемелік қолдау көрсетіп, кеңес беруге жақсы мүмкіндік болды Дәйексөз жазу
 
 
0 #51 Бахтиярова Рысканым 2020-04-30 16:48 Осы шараға қатысып, қашықтан оқытудың маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы, сондай-ақ қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын ұйымдастырудың маңызды мәселелері бойынша көкейтесті сұрақтарына жауап тауып, белсене атсалысып, кері байланыс орната алған барлық әріптестеріме алғыс білдіремін. Дәйексөз жазу
 
 
0 #50 Бекбулатова Нургуль 2020-04-28 22:13 Қазіргі жағдайға байланысты вебинар тақырыбы өзекті. Көшбасшының қашықтық диалогі жоғары нәтиже көрсетті. Мұғалімдер пікірінен баланың белсенді іс-әрекеті көрінді. Сабаққа қызығып қатысады. Қоғамның рухани құндылығы жоғарылады, мектеп пен мұғалімнің орны көрінді деп ойлаймын. Қолдау жасаған әріптестеріме алғыс айтамын. Дәйексөз жазу
 
 
-1 #49 Насибуллина Саяжан 2020-04-28 20:58 Қашықтан оқытуға байланысты сабақ өткізудің тиімді жолдарын түсіндіруде түрлі платформалар мен әдіс-тәсілдерді ұсынған вебинар өз мақсатына жетті. Кері байланыс ұйымдастырудың да маңызды жақтары айтылды. Вебинар ұйымдастырушы Рысқаным Жолболсыновнаға және іс-тәжірибелерімен бөліскен әріптестерге алғыс айтамын. Дәйексөз жазу
 
 
0 #48 Гаухар Шалабаева 2020-04-28 15:16 Керемет вебинар болды,жақсы ақпараттармен бөліскен әріптестеріме рахмет! Дәйексөз жазу
 
 
0 #47 Жасанова Ботакоз 2020-04-28 12:37 Вебинар жоғары деңгейде ұйымдастырылған ,құнды іс-тәжірибелермен әдістемелік қоржынымды толықтырдым,Ұйы мдастырушыларға алғыс! Дәйексөз жазу
 
 
0 #46 Гульгуль 2020-04-28 12:07 "Қашықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді ұйымдастыру жолдары"тақырыбында өткен вебинарда өзіме керек көп мәлімет алдым. Осы вебинарды ұйымдастырып, өткізген Рысқаным Жолбосыновнаға және тәжірбие алмасқан әріптестеріме улкен рахмет айтамын Дәйексөз жазу
 
 
0 #45 Кубиева Бақытханым 2020-04-28 11:58 Р.Жолболсыновна ұйымдастырған вебинарда қашықтықтан оқытудың тиімді тұстарын қоржынымызға жинадық.Өз тәжірибесімен бөліскен әріптестеріме мың алғыс! Дәйексөз жазу
 
 
0 #44 Кубиева Бақытханым 2020-04-28 11:55 Р.Жолболсыновна ұйымдастырған вебинарда қашықтықтан оқытудың тиімді тұстарын қоржынымызға жинадық.Өз тәжірибесімен бөліскен әріптестеріме мың алғыс! Дәйексөз жазу
 
 
0 #43 Гулгуль Мухангалиева 2020-04-28 11:54 "Қашықтан оқыту жағдайында сабақты тиімді ұйымдастырудың жолдары" тақырыбындағы вебинар жоғарғы деңгейде өтті. Өзіме қажетті көптеген мәліметтер алдым. Осы вебинарды ұйымдастырып, өткізген Рысқаным Жолбосыновна, сізге және тәжірибе алмасқан әріптестеріме үлкен рахмет айтамын! Дәйексөз жазу
 
 
0 #42 Сагитова Гульфайруз 2020-04-28 11:36 Өткізілген вебинар-семинар өте жақсы өтті. Қазіргі арпалыс жағдайдағы ұстаздарға бірде бір көмек осындай сапалы дүниелер. Ұстаздың ұстазы болып әдістемелік көмек көрсетіп жүрген және вебинарда өз тәжірбиесімен бөліскен әріптестерімізг е үлкеен алғыс!! Дәйексөз жазу
 
 
0 #41 Таскенова Айымгүл 2020-04-28 11:33 Рысханым Жолболсыновна оқытудың қандай түрі болмасын оның тиімді әрі ыңғайлы әдістерін әрбір жанға өте жақсы түсіндіресіз. Маған қатты ұнағаны балаларды қашықтан оқыту кезінде әдеби шығармаларды талдау дағдыларын үйрету болды. Вебинарға қатысу мүмкіндігім болғанына қупныштымын, ісіңізге сәттілік!!! Сізден алған пайдалы ақпараттарды болашақ ұрпақтың кәдесіне жаратар біздей тыңдаушыларыңыз көп болсын!!! Дәйексөз жазу
 
 
0 #40 Таскенова Айымгүл 2020-04-28 11:32 Рысханым Жолболсыновна оқытудың қандай түрі болмасын оның тиімді әрі ыңғайлы әдістерін әрбір жанға өте жақсы түсіндіресіз. Маған қатты ұнағаны балаларды қашықтан оқыту кезінде әдеби шығармаларды талдау дағдыларын үйрету болды. Вебинарға қатысу мүмкіндігім болғанына қупныштымын, ісіңізге сәттілік!!! Сізден алған пайдалы ақпараттарды болашақ ұрпақтың кәдесіне жаратар біздей тыңдаушыларыңыз көп болсын!!! Дәйексөз жазу
 
 
0 #39 Әсел Ерментаева 2020-04-27 23:52 Бүгінгі вебинар барлық қатысушылар үшін ұтымды ұйымдастырылған іс-тәжірибе алаңы болды деп есептеймін. Қашықтан оқу тәжірибемізді жетілдіруге,оқы тудың осы формасы бойынша өз жұмысымыздың деңгейін бағамдауға мүмкіндік бере алды. Елімізде орын алған төтенше жағдай уақытында мұғалімдерге көрсеткен қолдауы үшін "Өрлеу" ұжымына және Рысқаным Жолболсынқызына рахмет айтамын! Дәйексөз жазу
 
 
0 #38 Уразова Акжаркын Ка 2020-04-27 21:13 Бүгінгі Вебинардан тәжірибелі әріптестерімнен көп іс тәжіриебе бөлістім. Қашықтан оқытуда тапсырмалардың тиімді әдіс тәсілдерін оқушыларға қолдану, кері байланысты арттыру жолдарында мәліметтер алдым. Ұйымдастырушыла рға алғысым шексіз Дәйексөз жазу
 
 
0 #37 Улжан 2020-04-27 19:51 Бүгінгі күнде өткізілген вебинардан қажетті ақпарат алып, үлкен тәжірибе алмасу алаңын құра алдық. Ұйымдастырушы Өрлеу біліктілікті арттыру орталығы мен біздің білікті тренеріміз Рысқаным Жолболсынқызына , Еңбектенген әріптестерімізг е шығармашылық табыс тілеймін! Дәйексөз жазу
 
 
0 #36 Далабаева Назгуль 2020-04-27 19:01 Бүгінгі вебинар жоғары деңгейде өтті.Рысқаным Жолболсынқызы мен өз іс-тәжірибелерімен бөліскен әріптестерімізг е көптен-көп рақмет!Осындай қиын кезде ауызбіршілік танытып,тәжіриб е алмасқан.Қашықтықтан оқыту кезіндегі үш нормативтік құжатты ұстануымыз,оқу тапсырмаларын дыбыстық хабарлама түрінде жіберуге болмайтынын,кер і байланыс жұмыстарының тиімділігін,кей с технологиясы туралы мағлұмат алдық.Шығармашылықтар ыңыз шыңдала берсін! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.