Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вебинар өтті
27.05.2020 11:41

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» 26 мамыр күні «Қашықтықтан оқыту жағдайында Google Jamboard интербелсенді онлайн тақтасын қолданудың тиімділігі» тақырыбында вебинар өтті.  Онлайн вебинарды Оралдағы «Өрлеу» институтының ББПППС кафедрасының аға оқытушылары Гүлмаржан Өтеғұл мен Құралай Шамуратова ұйымдастырды.

Вебинар мақсаты: Қашықтықтан оқыту жағдайында Google Jamboard интербелсенді онлайн тақтасының мүмкіндігімен танысып,  қолдану.

Вебинарға қала мен облыстың 30-дан аса педагог-психологтер, аға оқытушылар қатысты.

Іс-шара барысында тәжірибелі мамандар қатысушылармен практикалық жұмыс ұйымдастырып, қашықтықтан оқыту жағдайында Google Jamboard интербелсенді онлайн тақтасын қолданудың тиімділігі,  Google Jamboard қосымшасына қосылу жөнінде іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Сондай-ақ Google Jamboard интербелсенді онлайн тақтасын қолдана отырып, топтық жұмыстану, оны жүргізудің жолы, бағалау критериялары, тақырыпқа сай материалдар дайындау жолдары туралы құнды ақпарат берілді.

Вебинар соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды. «Өрлеулік» аға оқытушылар вебинарға белсенділікпен қатысқан тыңдаушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

 

Пікірлер 

 
0 #4 Қабыкешов Нұрлан Сам 2020-05-28 02:42 Гүлмаржан ұстазымнан үйренеріміз көп. Дәйексөз жазу
 
 
0 #3 Куанаева Бакытханым 2020-05-27 21:58 Вебинарды уйымдастырушыла рға рахмет. Мен үшін пайдалы болды.Тақтамен калай жұмыс жасау қажеттігін үйрендім.Істеріңізге сәттілік! Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Куанаева Бакытханым 2020-05-27 21:57 Вебинарды уйымдастырушыла рға рахмет. Мен үшін пайдалы болды.Тақтамен калай жұмыс жасау қажеттігін үйрендім.Істеріңізге сәттілік! Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Валиева Самал тасқал 2020-05-27 19:26 Гүлмаржан Каримовна мен Құралай Шамуратовна ұйымдастырған вебинар жоғары деңгейде өтті. Google Jamboard интербелсенді онлайн тақтасымен танысып практикалық жұмыс арқасында қолдануды да үйрендік. Өз жұмысымда қолданамын деп шештім.
Көп- көп рахмет!
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.