Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вебинар болып өтті
29.05.2020 16:28

29 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастырумен «Саногенді рефлексия дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында вебинар болып өтті.

29 мамыр күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастырумен «Саногенді рефлексия дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында вебинар болып өтті.

Вебинар мақсаты: Саногенді рефлексия дағдыларын дамыту жолдарын көрсету.

Онлайн вебинар Оралдағы «Өрлеу» институтының ББПППС кафедрасының аға оқытушысы Құралай Шамуратованың ұйымдастырумен өтті.

Саногенді рефлексия ұғымы және педагог-психологтердің саногенді рефлексия дағдыларын дамыту жолдарын көрсету мақсатында өткен вебинарға қала мен облыстан 30-дан аса педагог-психологтер, аға оқытушылар қатысты. Тәжірибелі психолог Құралай Шамұратқызы саногенді рефлексия дегеніміз не, педагог-психологтердің кәсіби, тұлғалық жетілуі, саногендік рефлексияның денсаулыққа апаратын жолдары, өзін-өзі бағалау жөнінде іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен бірге рефлексиялық стратегияларды анықтау, рефлексияның рөлі, теріс эмоциялардан арылу, эмоцогенді жағдаяттар жайында орыс, шетел ғалымдарының тұжырымдамаларынан мысал келтіріп, бағамдап түсіндіріп берді.

Вебинарда ұйымдастырушы тыңдаушыларға түрлі жағдаяттар бойынша жаттығулар беріп, түрлі ситуациялардан тиімді шығу жолдарын практикалық жұмыс беру арқылы түсіндірді.

Вебинар соңында қатысушылар іс-тәжірибелеріне қатысты толық ақпарат алғандарын айтып, тәжірибелі маманға ризашылықтарын білдірді.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.