Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Тренермен онлайн-кездесу
14.04.2021 09:08

13 сәуір күні Оралдағы «Өрлеу» институтында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Басқармасының  ұйымдастыруымен «Тренермен онлайн-кездесу» болып өтті.

Онлайн-кездесуде Оралдағы «Өрлеу» институты Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Нургазинова Маншук Кенесовна мен Орал қаласы Д. Қонаев атындағы №44 МГ жоғары санатты математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Батыргалиева Батима Хабешовна іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Кездесу барысы 10-сынып оқушыларына алгебра пәнінен қарастырылатын 4 тоқсанның күрделі тақырыптарының бірі «Функцияның кесіндідегі ең үлкен және кіші мәндерін табу» тақырыбында өтті.

Тақырып аясында функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табуға есептердің шығарылу жолдарын көрсетті.

Тікелей эфирде Батима Батыргалиева презентация арқылы белсенді оқыту «көрсету және модельдеу» тәсілдерін қолданып, тиімді құрылымдалған көрсетілімдерді ұсынды. Атап айтсақ, есептің моделін – функцияны құру, функция модельдің тиімділігінің түйінді көрсеткіші және айнымалыларды қанағаттандыратын шарттардың орындалуын тексеру бағытында тапсырмалар беріліп, құнды кеңестер айтылды.

Онлайн-кездесуге қатысушы педагогтер 11-сыныпта  оқушыларға осы кеңестен алған білімдерін қолданып, логарифмнің, көрсеткіштік функцияның туындысы, алғашқы функцияларын өткеннен кейін осы тақырыпқа көптеген қолданбалы есептер ҰБТ-да кездесетінін, құнды ақпарат алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.